Сайтқа кіру Тіркелу

Күзгі жапырақ

Тақырыбы: «Күзгі жапырақ»
Мақсаты:
Білімділік: Түрлі түсті сазермекті түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру іскерліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетімен қоса қол моторикасын, түсті сезіне білуін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа баулу.

Жабдықтар: Түрлі – түсті сазермек, картон.
Тәрбиешінің іс - әрекеттері/
Мотивациялық қозғаушылық:

Күз келді қарашы
Жауын нұрын шашты
Күзге біз айтамыз
Төрлет алтын күз!

Балалар қазір жалдың қай мезгілі?
Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? Дұрыс, әрине, күн суыды, адамдар жылы киіне бастады, құстар жылы жаққа ұшып кетті, жапырақтар сарғайды.

Тәрбиешімен бірге балалар өз білгендерін ортаға салып бөліседі.
Ұйымдастыру - іздестіру. Организационно - поисковый Күзгі жапырақтар тағы қандай түсті болады?
Біз бүгін күзгі жапырақтың бейнесін сазермектің көмегімен бейнелейміз.
Берілген картон қағазға сазермектен жапырақ бейнесін жасап, стеканың көмегімен сызықтар жүргіземіз!

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үлкен болып өседі.
Балалардың жауабы: Қызыл, сары, жасыл.

Берілген тапсырманы мұқият орындайды.
Рефлексивті түзетушілік. Рефлексивно - корректирующий
Қорытынды: Балалардың жұмыстарын мадақтап, бағалау.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Жапырақтар күз мезгілі келгенде, күн суығанда басқа түске боялатынын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Сазермекпен стекамен дұрыс жұмыс істеуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты орындауға дағдыланды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×