Сайтқа кіру Тіркелу

Ағаштар

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сенсорика
Тақырыбы: Ағаштар
Мақсаты: Ағаштар туралы мағлұмат беру, өсімдіктерге күтім жасауға үйрету, олардың пайдасы және биік - аласа ұғымдарын ажырата білуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, теледидар, бейнетаспа т. б. Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,, сұрақ – жауаптар, дамытушы ойын. Пәнаралық байланыс: Музыка, дене шынықтыру. Сөздік:

Iс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушы – іздестіру.
Тәрбиеші сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Сондықтан
ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.

«Мейірімді жүрек»
Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші жүрекшені ұстап тұрып:
«Балалардың мейірбандық жүрегі,
Адамдарға бақыт, шаттық тіледі»,- деп айтып көршісіне жылы сөздер айтатынын түсіндіру.
. Өткен оқу іс – әрекетіндегі тақырыбымыз не туралы айттық, еске түсірейікші.
- Саңырауқұлақтар неше түрге бөлінеді?
- Саңырауқұлақтардың түстері қаңдай болады екен?
- қай жағындағы саңырауқұлақ көп?
- қай жағындағы саңырауқұлақ аз?
- Жарайсыңдар, балалар.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ағаштар» (биік - аласа). Балалар бейнетаспадан көріп отырғандарыңыз ағаштар және олардың түрлері.
Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі. Оларды өсімдіктерге жатқызамыз. Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне көп күтім қажет. Оларды суарамыз, суарудың да көптеген әдістері бар. Ағаштың діңін ағашқа құрт түспеуі үшін ақтаймыз.
Тыңайтқыштар береміз. Өйткені күтімді уақытылы жасаса жемісті мол береді.

Бейнетаспадан «өсімдіктерді суаруды» көрсету
Ағаштардың биіктігіне қарай биік - аласа деп ажыратамыз. (бейнетаспадан
көрсетіп ажыраттыру)

Ағаштарды топтастыру
Биік аласа

Сергіту сәтін жасау. «Жаз» өлеңі

Ойын: «Қай ағаштың жемісі» Жемістерді өз ағашына қою.

Біз бүгінгі оқу іс - әрекетінде қандай тақырыпта жұмыс жасадық?
- Ағаштарға қандай күтім жасаймыз?

Ағаштарды қалай топтастырдық?

Оқу іс – әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау, қуанышты хабарлама тарату.

Шаттық шеңбері:
- Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық!

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай селосы.«Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі
Гүлжазира Махмутова Сиражеденқызы


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Презентацияны жүктеу[/hide]
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×