Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Отбасым бақыт мекені

Іс - әрекет этаптары Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.
- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерге кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, бір - бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық.
Біздің топта балалар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлаймыз.

Балалар өлең жолын қайталайды.
Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық - Бүгін біз «Өзін - өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы аялдамасына» топталамыз.
- Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырып көрейікші. Балалар отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? Жарайсыңдар балалар, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар бізге жақындарымыз керемет сыйлық дайындап қойыпты. Қане, балалар үнтаспадан жақындарымыздың дауысын тыңдап көрейікші. Жақындарыңның дауысын ажырата білулерің керек. Балалар, қане енді теледидарға қарайық.
Теледидардан балаларды еркелеткен жақындарының суреті көрсетіледі.

Қане, балалар ақын Ә. Ысқақов ағамыздың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін тыңдайық.
Ойын: «Допты қағып ал»
Шарты: Балалар лақтырылған допты қағып алып, тәрбиешінің қойған сұрағына жауап береді.
Мысалы: «Отбасы мүшелерін ата?», «Ата - анаңа көмектесесің бе?» Жарайсыңдар балалар ойынға жақсы қатысып, сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Балалар үлкендерді сыйлап, айтқанын тыңдап, кішілерге қамқорлық жасау керек.
Әңгімелесу.
Балалар отбасымен түскен суреттеріне қарап, өз отбасы туралы әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс.
Балалар отбасымен түскен суреттерін қағазға жапсыру.

Дәйек сөз.
«Күннен жылу тарайды,
Анадан мейірім тарайды».
Күннің шуағы бізге жылу таратады. Ал, аналарың сендерді жақсы көріп өз мейірімін таратады екен. Сендерді еркелетіп аймалайды. Ал, балалар, біз енді шардан жасалған күннің бейнесіне аналарыңа арнап өз жүректеріңнен шыққан жылы лебіздеріңді айтып, кеуделеріңдегі жүрекшелеріңді күннің бейнесіне жапсырыңдар.
Өзіммен - өзім
Үнтаспадан баяу әуен ойналады. Балалар көздеріңді жұмып, өз аналарыңа қандай гүл шоғын сыйлайтындарыңды елестетіңдер. Қане енді көзімізді ашайық. Алдарыңдағы ақ қағазға елестеткен гүл шоғының суретін салайық.

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалардың өздерінің жақындарының дауысын үнтаспадан тыңдап, таниды.
Балалар теледидардан жақындарының суретін көріп, өздерінің жауаптарының дұрыстығын тексереді.
Балалар өлеңді тыңдайды, қайталап айтады.
Балалар допты қағып алып, қойылған сұраққа жауап береді.

Отбасы мүшелерін атайды.
Ата - анасына қалай көмектесетінін айтады. Балалар өздерінің жауаптарын айтып, ойын жалғасады.
Балалар отбасымен түскен суретіне қарап «Мен отбасымды жақсы көремін» деп әңгімелеп береді. Әр бала өз ойларын жалғастырып айтады.
Балалар өздерінің отбасымен түскен суреттерін қағазға әдемілеп жапсырады.
Балалар кеуделеріндегі жүрекшелерін алып, жылы лебіздерін айтып, күннің шуағына жапсырады.

Балалар көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтынын елестетіп ақ қағазға гүлдің суретін салады.
Рефлекциялық Қорытындылау.
Бүгін біз бізге ең жақын, ең қымбат анамыз, әкеміз, ата - әжеміз, іні - қарындас, аға - әпкеміз туралы әңгімелестік. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Жүректен - жүрекке.
Балалар өз отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Оларда сендерді жақсы көреді. Енді микрофонды алып өздеріңнің жүректен шыққан лебіздеріңді айтасыңдар. Сендердің айтқан сөздерің үнтаспаға жазылып, ата - аналарыңа тыңдатылады. Отбасы мүшелері сендердің лебіздеріңді тыңдап, қуанатын болады.

Балалар микрофонды алып, өздерінің жүректерінен шыққан лебіздерін айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Отбасы, сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік алды.
Меңгерту: Сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік туралы түсініктері қалыптасады.
Жасай білу: Берілген тапсырмаларды орындай білу.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі
Молдахан Мира Жақсылыққызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
Kiyas Ardak
"Отбасы- бақыт мекені" сабағының ұйымдастырылуы маған ұнады.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету