Сайтқа кіру Тіркелу

«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.»

Сабақтың мақсаты: балалардың отбасын, жеті атасын, қазақ халқының салтын, дәстүрін білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Құрметті балалар! Ата - тегін біліп, тілін, дәстүрін, салтын құрметтеп, сақтайтын балалар
еліміздің болашағы.
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата - анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір;
Азаматтың бірі бол
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі – алтын сөз. - демекші бүгінгі сабағымыз қазақ халқының салтын - дәстүрін, тегімізді білуге арналады. Ендігі кезек сендерге беріледі.
1 - бала. Бұтағы – бабасының,
Ұрпағы – атасының,
Шуағы - әжесінің,
Тұяғы - әкесінің,
Тілегі - анасының,
Тірегі – ағасының,
Түлегі – даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен - қазақ баласымын!
2 - бала. Бабамнан басталар,
Өз жұртым мыналар:
Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
3 - бала. Әкемнің әкесі -
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
4 - бала. Әкеге мен – бала,
Атаға - немере.
Немере баласы –
Болады шөбере.
Ал енді балалар мақал – мәтел жарыссақ қайтеді.
Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай - күнім — анам» дейді.
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса кішіден сұра.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Адам баласының ең жаманы – талапсыз.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Жарайсыңдар балалар! Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т. б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Кім маған жеті атаға кімдер жататынын айтып береді?
1. ата
2. әке
3. бала
4. немере
5. шөбере
6. шөпшек
7. немене
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылықтардан сақтандырып отырған. Келесі кезек тыйым сөздерге беріледі.
Ата - анаңа қарсы келме.
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
Кісі айыбын бетіне баспа.
Көп сөйлеме.
Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды
Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді.
Жаңылтпаш - жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Олай болса шапшаңдығымызды сынап көрсек.
Жағажай,
Жағажайда – Қамажай.
Іске іскер,
Істі
Іскер істер.
Жарайсыңдар балалар!
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі,
Біз бақытты балдырған –
Ата - ананың өркені – деп сабағымызды аяқтайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×