Сайтқа кіру Тіркелу

1-10-ға дейінгі сандарды қайталау

Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет.
Білім бөлімі: математика, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау»
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз «Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. « Санды тап» ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау )
Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш )
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде.
Бірін - бірі көрмейді.
(көз)
3 - кезең. «Ойлан тап.
Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап
3. 7 - ден үлкен санды тап
4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.
5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер.
Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі:
Бекетова Клара Рысалдиевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×