Сайтқа кіру Тіркелу

Тоқтап отырып - тұрып, ирелеңдеп жүру

Білім беру салалары: Денсаулық.
Бөлімдері: Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Тоқтап отырып - тұрып, ирелеңдеп жүру»
Мақсаты:
Білімділік: Бір қатарға тұрып шеңбер бойымен ирелеңдеп жүруге
үйрету.
Дамытушылық: Жаттығулардың дұрыс орындалуларын қадағалау.
Тәрбиелік мәні: Айтқанды тыңдауға, шымырлыққа үйрету.
Көрнекілік: Доптар, шығыршықтар.
«Мысық пен тышқан»ойынының атрибуттары. 06 - 05 №8
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті. Балалардың іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Балалар, біздің топқа күшік келіпті. Ол бізбен ойнағысы келеді.
Күшік бізбен ойнау үшін қатарға тұрып үйренгісі келеді кәне оған қатарға тұрып жүруді көрсетейік.
Шеңбер бойымен тұрып жеңіл жаттығу түрлерін жасау.

Күшік біздің жасаған іс - қимылдарымызды қарап үйреніп отыр, біз дұрыс жасап күшікке өнерімізді, шымыр екенімізді көрсетейік. Балалар қуанады.

Бірінің соңынан бірі қатарға тұрады.

Шеңбер бойында әр түрлі жаттығулар жасайды.
Бастарын оңға, солға бұрады.
Оң қол, сол қолдарын жоғары төмен көтереді.
Сағаттың тіліндей, оңға, солға белдерін иеді.
Отырып тұрады.
Қоянша секіреді, шар үрлеу тәсілі арқылы дем алып дем шығарады.
Іздену барлау. Негізгі қимыл түрлері дамыту жаттығулары.
1. Шеңбер бойымен ирелеңдеп жүруге үйрету.
2. Аю болып жүреміз.
3. Допты тура беру.
4. баяу, жылдам жүгіру.

Қ. о. «Мысық пен тышқан»

«Көлбең - көлбең көлеңкем» ойыны

Көлбең - көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Түлкі қалай жүреді,
Кім көрсете біледі.

Күшік: Балалар сендер жаттығуларды да жақсы жасайды екенсіңдер. Ойынды да керемет ойнайды екенсіңдер.
Мен сендерден қалай жаттығу жасау керектігін, жүріп тұруды да үйрендім. Мен енді осы үйренгенімді достарыма барып үйретейін. Оларда мықты, шымыр болып өссін, деп балалармен қоштасады.
Тағы да келетінін айтады. Тәрбиешінің соңынан еріп иректеліп жүреді. 2 - 3 шеңбер.

Тақпақтар арқылы қимылдар жасап, қорбаңдап аю болып жүреді.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп, теріп алады,
Қалтасына салады.
Қатарда тұрып допты алдыдан артқа қарай жоғары көтеріп артындағы балаға береді.
Шеңбер бойымен ақырын, жылдам жүгіреді.
Танауларымен дем алып, дем шығарады.
Атрибутарын киіп ойнайды.
Тышқан болып ұсталған бала айыбын төлеп тақпақ, өлең айтып береді.
Шеңбер бойымен айналып
Көлбең - көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Түлкі былай жүреді,
Оны бәрі біледі.
жүріп, түлкі, қасқыр, мысық, қоян жүрістерін салып крсетеді.
Балаларда күшіктің мақтағанына риза болып, оны күтетіндерін айтады.
Күшікке сау бол айтады.
Ойындарын ары қарай жалғастырады.
Рефлексивті қортындылау. Бізге кім келді?
Ол бізден не үйренді?
Сендерге қай ойын ұнады?
Келесі жолы осы ойынды ары қарай жалғастырамыз.
Тобымызға қайтайық. Күшік келді.
Жаттығу жасауды үйренді.
«Мысық пен тышқан» ойыны ұнады.
Қуанады.
Топқа қайтады.
Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар шеңбер бойымен жүруді үйренді.
Қалыптасқан әдет: Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуларды қайталап жасайды.
Істей біледі: Балалар ойындарға белсене қатысады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×