Сайтқа кіру Тіркелу

Арайлы алтын күз

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. «Балапан», «Қошақан», «Балбөбек», «Түймедақ» тобы «Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. «Балапан», «Қошақан», «Балбөбек», «Түймедақ» тобы «Арайлы алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап

(Музыка ойналады, Залға билеп Күз ханшайымы кіреді).

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім.
Қане, осы жапырақтармен би билейміз.
Би: «Жапырақтар биі».
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Тақпақ:
1. Дана:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
2. Томирис:
Ой балалар балалар,
Қоңырқай күз келді,
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
3. Іңкәр:
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз,
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.
4. Нұрдаулет:
Сарғайды тоғай,
Сап сары маңай,
Соңғы әнін айтып
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, ал қане бәріміз ән салайық.
Ән: «Күзгі бақ».
Тәрбиеші: Күз ханшасы балалардың тақпағын қабыл алыңыз.
1. Іңкәр
Құт береке астық толы қоймамыз
Алтын күзді тойлаймыз
2. Жангүл
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
3. Саят
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді
4. Айхан
Жып - жылы киім үстімде
Тоңатын менің түрім жоқ
Күз келіп қабақ шытқалы
Солмаған бір түп гүлім жоқ
Тәрбиеші:
Күзде ауа райы қандай болады?
Балалар:
Салқын болады, жаңбыр жауады.
(Осы кезде жаңбыр дыбысы естіледі).
Ән:
«Жаңбыр әні».
/залға қоян кіреді/
Қоян:
балалар қыс мезгілі жақындап қалды маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме? Ал, кішкентай балалар ойын ойнаймыз.
Ойын:
«Кім шапшаң».
(Себетке 4 топтың балалары сәбіз толтырады).
Қоян:
Рахмет! Балалар маған қысқы тамағымды мол жинап бердіңдер, енді соны қоймама апарайын.
Ән:
«Би билегім келеді».
Күз ханшайымы:
Рахмет балалар, енді менің сыйымды қабыл алыңыздар.
Балалар: Рахмет.
Тәрбиеші:
Балалар Күз ханшасының сыйлығына ризасыңдар ма?
Сонымен бүлдіршіндер күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Рахмет: Топтарымызға барып Күз ханшасының сыйлығын бөлісіп алайық.

Ақтөбе қаласы,
№43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымы
музыка жетекшісі: Курманова Сауле Айбековна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×