Сайтқа кіру Тіркелу

Ынтымағы жарасқан отбасы

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасылық, туыстық қарым – қатынастың мәнін түсіндіру
Оқу нәтижелері: Балалар отбасы туралы, туыстық атауларды біледі. Ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.
Түйінді идея: Сурет құрастыру әңгімелеу арқылы отбасында сыйластық қарым – қатынасқа және отбасына деген сүйіспеншіліктерін көрсету.
Тапсырмалар мен жаттығулар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» әдісімен оқушылар бір – біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік!

ІІ. Тыныштық сәті!
Баяу музыка ойнап тұрады.
- Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Ал енді көздеріңді жәймен ашыңдар.

ІІІ. Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
- Сен не көрдің?
- Сенің отбасың қандай?
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Олар кімдер?
- Отбасыңда сені қалай еркелетіп айтады? Сені ше?
- Сен от басыңдағы адамдарды қалай атайсың?

ІV. Дидактикалық ойын «Менің отбасым»
Балалар шеңберге тұрып, допты бір – біріне лақтырып, отбасы жайлы жақсы сөздер айтады.
- Менің отбасым бар тату, әдемі, бақытты.
- Менің отбасым үлкен, әдепті, қамқор
- Менің отбасым ыстық, ақкөңіл, сүйкімді.

V. Топтық жұмыс:
Балалар қима суреттерді таңдап, үш топқа бөлінеді. «Аю», «қоян», «кірпі»
Әр топқа «Ынтымағы жарасқан отбасы» үш түрлі қима сурет беріледі. Мозайка бойынша сурет құрастырады. Балалар сурет бойынша әңгіме құрайды. Әр топ ортаға шығып, өз әңгімесін айтады.

VI. Сергіту сәті:
Әкем менің қауыншы
Шешем менің сауыншы
Атам болса ол ұста
Отырмаймын мен текке
Кеттім мен де мектепке

VII. Қорытынды:

1. Сұрақ - жауап
Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отбасына кімдер жатады?
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.
2. «Жүректен – жүрекке» шеңберіне тұрып, оқушылар бір – біріне жылы тілектерін айтады.
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
altynai_ustapaev
Жақсы сценарий. Көп рахмет! Өзіме керегін алдым. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×