Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Қош бол, сүйікті балабақшам!

«Балдәурен» балабақшасы
"Қош бол, сүйікті балабақшам!"
Дайындаған «Қарлығаш» орта тобының тәрбиешісі: Алимов Ж А
Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз! Бүгін бізде үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр.Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ.
Сөз: балабақша меңгерушісі Рахманбердиева Динара Ратайқызына және әдіскер Сыздықова Қуанышкүл Сарыбайқызына беріледі

Жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Дариға.
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.
Әсел.
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай Мерейханның орындауында «Аналардың тілегі» әнін қабыл алыңыздар!
Абзал.
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.
Құрманай.
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз

Жүргізуші:
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар.
Көк жүзінде самғаңдар,
Тауды бұзып,тас жарып.
Мұхиттарды жалғаңдар.
Күллі әлемді шарлаңдар.
Ғарышқа да самғаңдар.
О,жарандар,жарандар!
Кәне мұнда қараңдар - деп ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Жүргізуші:
Ән саламыз бас қоса,
Бақшаменен қоштаса.
Күніміз тұрсын күлімдеп,
Жүрейікші достаса.
Көңілді өскен баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Ән де айта аламыз!
Жүргізуші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Көңілді биді көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер демекші, «Татар» биі.
Даниял.
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айтып бітейін.
Қабыл алшы гүлімді,
Сіздерге сыйлап кетейін.

Жүргізуші:
Баулап баптап өсірдің,
Балалық етсек кешірдің.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Ұмытпаймыз сөзіңді демекші Дариғаның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар
Абылай.
Әлпештеп бізді баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Тәрбиешілерген мың алғыс!
Сәулет.
Орын берген бақшадан,
Меңгеруші жақсы адам.
Сондықтанда біз үшін,
Артық өзі басқадан.
Аяулым.
Ақ төсекке жатқызған,
Тәтті тамақ жасаған.
Бала болып ойнаған,
Күтушімізге мың алғыс.
Мерейхан.
Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі,бәрі дап дайын.
Бізді әрқашан ойлаған,
Қоймашыға мың алғыс.
Асылжан.
Метепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Арсен.
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Аружан.
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол,әсем бақшамыз.
Аслан.
Қош балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім
Жүргізуші:
Мың бұралта әнмен биді үйреткен,
Ортамызда жақсы апайлар жүр көптен.
Әнші ағайға, биші апайға мың алғыс!
Бәрі: Көп,көп рахмет. Балалар балабақша қызметкерлеріне гүлдерін тапсырып, орындарына отырады.
Жүргізуші:
Алуға терең білімді,
Мектепке енді кеттіңдер.
өсті міне бойларың,
өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың!
Сәтті болсын жолдарың,
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердіке болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

Сұрақ-жауаптар
• Жылдың неше мезгілі бар?атап шығайықшы.
• Төрт түлікті кім біледі,олардың төлдерін не дейміз?
• Жыл мезгілдерін атаңдар.
• Отбасы дегеніміз кімдер?
• Үй құстары мен дала құстарын атаңдар.
• Қандай пішіндерді білеміз?
Кәне балалар білім еліне сапар шегуге дайынсыңдар ма? Бәрекелді бәрің де ақылды екенсіңдер.сендердің білімдеріңе өте риза болдық.Жолдарың болсын жас достар! Сәт сапар тілейміз!

Ата-аналарға тілек!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету