Сайтқа кіру Тіркелу

Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы
«Балбөбек» балабақшасы МКҚК әдіскері
Айдана Сисенова Зайдоллаевна

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің зейінін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту мақсатында балабақша тәрбиешілеріне ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету және оны өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануға ықпал ету;

ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе.
Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары.
Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.

Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.

Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу». Осы орайда 2006 жылы Атырау қалалық №4 кәсіптік мектебінің Аққыстау филиалында ЭВМ мамандығы бойынша оқып, «төртінші дәрежелі ЭВМ операторы» мамандығының куәлігін алдым. Күні кеше 2012 жылдың 27 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында «Қашықтықтан оқыту негіздері» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өттім. Бүгінгі таңда төмендегідей ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін:

Paint
Power Point
Microsoft Office жиынтығы
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
CyberLink Power Director
Windows Movie Maker
Activstudio
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Осы орайда өзімнің өткізген ашық сабақ, дөңгелек үстел, тәрбиелік шараларымды www.45.minut.kz республикалық ұстаздар сайтына жариялап, сайттың сертификатына ие болдым. Бұл мен үшін, әрине, үлкен қуаныш, әрі жетістік.

Мен жұмыс жасайтын «Балбөбек» балабақшасы қазіргі таңда ақпараттық технологияларымен жабдықталуы сын көтермейді. Осы жағдайда нәтижелі жұмыс жасаудың тиімді жолдарын қарастыра келе, төмендегідей іс-шараларды ұйымдастырдым. Алдымен, балабақша тәрбиешілерінің сұранысына сәйкес педагогикалық кеңестің шешімімен компьютерлік сауаттылықты жолға қою мақсатында ақпараттық технологиялар бағдарламаларымен жұмыс жасау курсын ұйымдастырдым. Онда мен мынандай мақсатты көздедім:

Жалғасы: ворд файлы түрінде және
Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық технологияның рөлі тақырыбындағы презентация

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технологиялар – білім беру кеңістігінде

Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды,...
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×