Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға

Тәрбиеші – балабақшадағы басты тұлға.

Балалардың өзара жарасымды қарым – қатынасы, олардың балабақшаға келуінің ынталылығы, көптеген басқа да жәйттер тәрбиеші жұмысына байланысты. Тәрбиеші - ол ата – аналармен бірге баланың дұрыс өсіп жетілуін, қалыптасуын белгілі нысанада жүргізетін ықпалды тұлға.
Мектепке дейінгі мекеме жүйесін қайта құру ісіне педагогтардың қатысуына жағдай жасау үшін шығарымпаздығын, жаңашылдығын, өзін іс жүзінде көрсете алуын қуаттай білуі қажет деген пікірмен келісе отырып,
«Асылай» бөбекжай балабақшасы бойынша
«Үздік жыл тәрбиешісі - 2019» сайысының бағдарламасын назарларыңызға ұсынамын:
1. Өзім туралы айта кетейін.
топ тәрбиешілері өздерін әр түрлі тәсілдермен таныстырып шығады.
2. «Ойната отырып, ойын дамытамыз» балалармен ойын әрекетін (сюжетті - рольдік, театр ойыны, қимылды ойын) көрсету, өз қалауымен 1 ойын.
3. Өз тәжірибемнен ертеңгілік жаттығу шарасын жоспар бойынша іс - қимылмен көрсету
4. Сымбаттылық - сұлулық. Таңғажайып киім үлгілерін көрсетуде өз қиялымен әшекейлеуі, жарасымы, сахнада өзін соған сай ұстай білуі.
5. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда бала тәрбиесіне байланысты викториналық және ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
6. Өнеріңмен таң қалдыр (өзіңізді ашылмаған жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндігіңіз бар).
7. Тәрбиеші портфолиосы (жыл бойы өткізген шығармашылық іс - қағаздары, тәрбиешілердің портфолиосы)
Жүру барысы:
Мақсаты: балабақшадағы жұмыстарды саралау, оған сәйкес тәрбиешілердің жұмысына сараптама жасау, мамандардың қызметке бейімділігін, кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып өзара тәжірибе алмасу.
Жүргізуші:
Армысың, достар төрдегі!
Армысың, абзал көрермен!
Мектепке дейінгі мекемелерде баланы даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісінің балалармен қарым - қатынасы тұлғалық бағдар негізінде құрылуы тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен қарым - қатынас жасауды көздейді. Тәрбиеші балалардың оң мінезі мен әрекетін қолдай отырып, бір - біріне жағымды қатынасты ұйымдастыру, топта өзін - өзі емін - еркін сезінуіне жағдай жасау қажет. Олардың бойындағы өзіндік бейім қабілеттеріне сүйене отырып, мектепке оқуға қажет болатын дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды, дамытуды мақсат етеді.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын балабақша меңгерушісі Тулегенова Слушаш апайға сөз беріледі.
Тәрбиешілер білімін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Балабақша меңгерушісі: Тулегенова С
2. МАД тобының бірлестік жетекшісі: Гиляжева Альбина
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы Кужабекова Алтынгүл
Әр сайыстың сыны да көп өтпелі,
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауа тұғын қармысыздар.
Талапкерлерге әділ баға бере тұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Сайысқа қатысушы талапкерлерімізді ортаға шақырайық. Талапкерлердің реттік номерін білу үшін ортаға тәрбиешілерді жеребе суыруға шақырамыз (жеребе қазылар үстелінде).
Ал, қанекей, келіңіздер!
Бір - біріңе серік болып еріңіздер,
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп,
Үздік жыл тәрбиешісі - 2019 сайысында
Бақтарыңды сынап, қатысып бір көріңіздер.
*1 - сынақ – таныстыру
«Өзім туралы айта кетейін» Топ тәрбиешілері өздерін әр түрлі тәсілдермен таныстырып шығады.
Жүргізуші:
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.
*2 - сынақ - тәжірибе алмасу
«Ойната отырып, ойын дамытамыз»- балалармен ойын әрекетін (сюжетті - рольдік, театр ойыны, қимылды) көрсету, өз қалауымен 1 ойын көрсетіледі.
*3 - сынақ - өз тәжірибемнен
Ертеңгілік жаттығу шарасын жоспар бойынша іс - қимылмен көрсету
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып, тәрбие - тәлім табар ма?
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,
Кім мықты ойға - сол алда,- деп
*4 - сынақ - білімдерін тексеру
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бала тәрбиесіне байланысты викториналық және ситуациялық сұрақтарға жауап беру, мұнда тәрбиеші гүлдестенің астында жасырылған сұрақтарға жауап береді (жеребе бойынша реттік номерімен кезекпен шығады).

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінің бала тәрбиесіне байланысты викториналық және ситуациялық сұрақтары:
1 - cұрақ:
1. Отбасында болған жағдай: қызыңыз сымбаттылық сайысына қатыспақ болды. Кенет ол терезеге қарап ойланып кетті, оның ойына бір нәрсе түсті, фантазиялық сән үлгісіне ешкімнің ойына кіріп шықпайтын бір ой келді. (мата емес, пакет емес бір нәрседен киім киіп шықпақ болды.) Ол қандай нәрсе болды екен?
2. Топтағы балалардың атын жылдам атап бере аласыз ба? Нешеуі қыз, неше ұл?
2 - сұрақ:
1. Сізге бір ата - ана баласының киімі жоғалғанын айтып, қатты ашулы келді, басшыларға шағымданбақ екен. Баламның киімі жоғалмаған, осы бақшада ұрланған, ол қымбат киім»,- деп сізді сөйлетер емес.. Сіздің әрекетіңіз
2. Бала тәрбиесіне байланысты бірнеше мақал мен нақыл сөз айтыңызшы.
3 - сұрақ:
1. Қазақтың ұлттық ойындарын тез - тез атап беріңіз. Балалармен қандай ұлттық ойын түрін ойнатып жүрсіз?
2. ҰОІӘ - нің сіздің топта өту ұзақтығы қанша?
4 - сұрақ:
1. Ауданнан кенет білім бөлімдерінің өкілдері үнсіз келген екен. Олар сіздің топқа кіріп келсе, балалар саны - 12. Ал сырттағы тақтада «Топта 25 бала бар» деп жазылған. Сіз қалай жол табасыз?
2. Жеті қазынаны ата?
5 - сұрақ:
1. Сіздің тобыңыздағы бір баланың анасы ұлының жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Ал балабақшада мерекелік ертеңгілік болады. Сіздің әрекетіңіз?
2. Қандай республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналдарды білесіз?
6 - сұрақ:
1. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсырмасын орындауда желім төгіп алды. Топ балалары қуана секіріп айқайлап «біз сені айтамыз» деп жүгіре жөнелді. Сасып қалған балаға ешкім көмектеспегендіктен бала жылап қоя берді. Сіздің шешіміңіз?
2. 2 бала шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 бала неше сағат ойнайды?
7 - сұрақ:
1. «Асылай» бөбекжай балабақшасының 2019 - 2020 оқу жылына алған мақсат - міндеті қандай?
2. Портфолио деген не?
8 - сұрақ:
1. Меңгеруші балабақшадағы сіздің бір сабағыңызға кіріп келді. Ол кезде сіз бос отырсыз, ал балалар ойнап жүр. Сізден бүгінгі сабақ жоспарыңызды сұрап, сабағыңызға қатысатынын айтты. Сіздің іс - әрекетіңіз.
2. Әнұранның авторы кім?
9 - сұрақ:
1. Сәуір айында қандай мерекелер бар?
2. Құзыреттілік деген не?
10 - сұрақ:
1. Баланы бақылау не үшін қажет? Бақылау тәрбиешіге не береді?
2. Адамгершілік тәрбиесі деген не?
Жүргізуші сөзі:
Мәдениетті ұсынатын баршаға,
Көрермен топ, таңырқа, тек шаршама.
Таңғажайып сән үлгісін көрсетер
Сымбатты сұлу тәрбиешілер ортада.
Сән - белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән - әлеуметтік құбылыс, демекші келесі сайысымызды бастаймыз.
*5 - сынақ Сымбаттылық - сұлулық.
Таңғажайып киім үлгілерін көрсетуде өз қиялымен әшекейлеуі, жарасымы, сахнада өзін соған сай ұстай білуі.
Жүргізуші сөзі:
Қашаннан қазыналы халқым менің,
Өнердің өнегелі алтын кені
Даралап дарынымен шықсын озып,
Танытып көпшілікке өз өнерін,- дей отыра 6 – бөлімге кезек берейік.
*6 - сынақ Өнеріңмен таңқалдыр
(өзіңізді ашылмаған жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндігіңіз бар).
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік,
Өнерпаз білейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті
Ал, тәрбиешілерге сәттілік тілейікші,- деп сөз ретін әр топтың тәрбиешілеріне жанкүйер болып келген ата - аналар алқасына сөз берейік.
Жүргізуші:
Тәрбиеші ақыл - ойы мен күш қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді.
*7 - сынақ Тәрбиеші портфолиосы
(жыл бойы өткізген шығармашылық іс - қағаздары, тәрбиешілердің портфолиосы)
Қорытынды:
Қорытынды бағаны әділқазылар алқасы ақылдасып шешеді. Байқау тапсырмаларын бағалау нәтижесінде байқау жеңімпаздары анықталады.
«Жыл тәрбиешісі - 2019» атағын «Айналайын» естиярлар тобының жетекшісі Джумахметова Маржан,
«Шығармашылығымен ынтасы үшін»- Зиноллаева Индира,
«Жоғары әдістемелік шеберлігімен кәсіби деңгейі үшін»- Сариева Гүлжан
«Тартымдылығы мен белсенділігі үшін»- Ертелеуова Байзат
«Таң қалдырған өнері үшін»- Тулегенова Қанағат иеленіп марапаталды.
Сайысқа қатысқан тәрбиешілерге алғыс айтып, еңбектеріне жеміс тілеп сыйлықтар табыс етілді.
Жүргізуші:
Барлығына риза болсын көрермендер,
Ой бөлісті, бақ сынасты үміткерлер.
Осымен бұл сайысты тәмамадасақ,
Тағыда жүздесерміз сіздерменен белестерде!
Қош сау болыңыздар!

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Асылай» бөбекжай балабақшасы
Әдіскер Минажева Айман Сейтжановна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету