Сайтқа кіру Тіркелу

«Ән салайық, би билеп»

Сайыстық сабақ: «Ән салайық, би билеп»
Сабақтың мақсаты: балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық шығармаларды табу барысында олардың ой - өрісін дамыту, балалардың көңіл - күйін көтеру. Топтық ойындар, жарыс арқылы балаларда бірігіп жүру дағдыларын қалыптастыру, бір - біріне деген жолдастық көмек көрсете білуге баулу.
Балаларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: әндер жинағы, музыкалық аспаптар, тақта арқылы слайд көрсету т. б.
Сабақтың барысы:
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, орындарына отырады.
Ән - күй жетекшісі:
Арайлы таң атты
Күн сәулесін таратты
Балғын бала тездетіп,
Бақшамызға кеп жатты.
Жарқырайды күніміз.
Күлімдейді жүзіміз.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай мезгіл? (Таңертеңгі мезгіл)
Олай болса, қайырлы таң, құрметті балалар. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Көрермендер арасынан әділқазы мүшелерін таңдайық.
Бүгін жарысқа қатысатын топтармен таныс болайық. Өте көңілді және тапқыр - «Тапқырлар» тобының балалары (шапалақ)
Және өнерлі де алғыр «Алғырлар» тобының балаларын ортаға шақырайық. Бір - бірімізді қошеметтеп, қол соғып қояйық.
Олай болса, бәріне сәттілік тілеймін!
Ойынға екі топ қатысады:
1 топ. «Тапқырлар» тобы
2 топ. «Алғырлар» тобы
Сайыс: 6 бөлімнен тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін топқа 1 ұпай беріледі.
1бөлім. Таныстыру.
Топтың аты, ұраны, топ басшысы.
2 бөлім. Сұрақ – жауап сайысы: әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Екі топқа сұрақтар қойылады, берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Бірінші топқа:
1. Көп аспаптарда орындайтын ұжымды қалай атайды? (ансамбль, оркестр, дуэт)
2. Композитор не жазады? (сөзін, әнін, сценариін)
3. Қазақстан ұлттық мерекесін айт ( білім күні, ғарышкерлер күні, Наурыз мерекесі)
4. Үшбұрыш аспабында неше бұрыш бар? (3 бұрыш)
5. Музыка ойнағанда оркестрдің алдында кім тұрады? (тәрбиеші, дирижер, полицейский).
Екінші топқа сұрақтар:
1. Үш адам қосылып айтқанда қалай аталады? ( дуэт, трио, квартет)
2. Музыкада неше нота бар? (5 нота, 10 нота, 7 нота)
3. Қазақтың ұлттық ойынын ата (ручеек, көкпар, колечко)
4. Қ Р Тәуелсіздігін қай күні тойлайды? (1 желтоқсан, 16 желтоқсан, 1 мамыр)
5. Домбыра неше ішектен тұрады? (7 ішек, 4 ішек, 2 ішек)
Музыкалық үзіліс: ән «Күз» (вокал тобы)
3 бөлім «Аспаптарды ажырату»Балалар әр топқа бес - бес суреттен беріледі, тақтада көрсетілген суреттер бойынша аспаптардың атын дұрыс атап, аспаптың қай түріне жататынын айтып беріңдер. Экранға назар аударайық.
4бөлім: Ойын « Би билейміз отырып»
Олай болса, алға!
Әр топтан 5 баладан шығып, орындықтарға отырады, жетекшінің нұсқауы бойынша (ауыз, көздері, қолдары, аяқтары билеуге тиіс) Жақсы билеген топқа жоғары ұпай беріледі.
5 бөлім. «Әуенді тап»
Әр топқа 3 әуеннен үзінді беріледі. Берілген үзінділер бойынша, балалар әуеннің тақырыбын табуға тиіс. («Күзгі жаңбыр», «Күз», «Күз тамаша» «Он алтыншы желтоқсан» «Ән ұран» «Жаса Қазақстан»)
Ән «Жаса Қазақстан» (топпен)
6 бөлім. «Х - фактор» сайысы.
Әр топтан 3 баладан шығып, алдарында тұрған аспаптармен заманауи бір әнді пародия түрінде орындайды. (Мұзарт тобы, Қоңыр тобы)
Соңында ұпайларды санап, жеңімпаз топ анықталады. Балалар алғыс хаттармен марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×