Сайтқа кіру Тіркелу

«Үй жануарлары»

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдер: Көркем әдебиет, Тіл дамыту
Тақырып: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Сөздік жұмыс: ферма
Билингвальді компонент: сиыр – корова - cow, ешкі - коза - goat, қой - овца - pineapple.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Армысың, Күннің нұры!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың, Қоршаған орта!
Амансыңба, достарым! Балалар жылулық шеңберін қызығушылықпен орындайды.

Ұйымдастырушы - іздестіруші

Тәрбиеші:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді?
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін саяхатқа барғыларың келе ме?
- Балалар, біз бүгін фермаға саяхатқа барамыз.
Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орыны.
Балалар, біз фермаға автобуспен барамыз.
Міне фермаға да келдік.
Алдарынан Бақташы ата шығады.
– Амансыңдар ма, балалар. Қош келдіңдер!
- Ата, біздің балалар үй жануарлары туралы білгілері келеді.
Ата:
- Балалар үй жануарларына сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе жатады. Үй жануарларының адамға пайдасы көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз.
Тәрбиеші:
- Балалар, қараңдаршы, фермада қандай үй жануарлары бар екен айтып беріңдерші?
Билингвальді компонент: сиыр – корова - cow, ешкі - коза - goat, қой - овца - pineapple.
- Ал, енді, балалар, осы үй жануарларының төлдерін қалай атайды айтып беріңдерші?

- Осы үй жануарларының төлдері туралы тақпақ кім айтып береді.
Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштар да желпуде.
Жел тына қалған кезде,
Ағаштар биік болып өседі.

Ата: - Жарайсыңдар, балалар! Көңілім көтеріліп, сергіп қалдым.
Тәрбиеші:
- Балалар, үй жануарларының адам өміріне қандай пайдасы бар?
Тәрбиеші балаларға теледидардан үй жануарлары беретін өнімдерді көрсетеді.
- Ата, біздің балалар үй жануарлары туралы мақалдар біледі. Тыңдап көріңіз.
Д/О: “Қайсысы қайда тіршілік етеді?”
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастыруға жаттықтыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші:
- Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.
Ата:
- Жақсы, балалар. Сендер келіп қуанып қалдым. Мынау менің сендерге сыйлығым, апайларына берейін. Жолдарын болсын!
Тәрбиеші: - Балалар, атаға рахмет айтайық. Сау болыңыз!
Балалар қазір жылдың қыс мезгілі екенін айтады.
Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып береді.
Балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар айтады.

Балалар барғылары келетіндерін айтады.
Бір бала жүргізуші болады.
- Cәлеметсізбе! Здраствуйте! Hello!
Сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе.
Балалар қайталайды.

Түйенің төлі – бота
Қойдың төлі - қозы
Ешкінің төлі - лақ
Жылқының төлі - құлын
Сиырдың төлі - бұзау.
Балалар төлдер туралы тақпақтар айтып береді.

Балалар тақпақты қайталап, белгілі бір қимылдар жасайды.
- Сүт, ет, май, құрт, айран береді, жүнінен, терісінен киім тігеді.
Балалар үй жануарлары туралы мақал айтады.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар қуанады.

Рахмет. Сау болыңыз! До свидания! Good - bye!
Рефлексивті -түзетуші
Қорытындылау.
Тәрбиеші:
- Балалар, біз қайда саяхатқа бардық?
- Фермада қандай үй жануарлары бар?
- Жақсы, балалар. Ал, енді атаның сыйлығын алыңдар.

- Фермаға
- Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×