Сайтқа кіру Тіркелу

Берекелі алтын күз

«Берекелі алтын күз»
Тәрбиеші: Қош келдіңіз көрермен
Бүгінгі ертеңгілікке
Отырыңыз қол соғып
Шат күлкіге бөлене

Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
«Алтын күзді» тойлаймыз
Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, әріптестер. Сіздерге бүгінгі «Қошақан» сәбилер тобының дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз. Ендеше ортаға
бүлдіршіндерімізді шақырайық.
(Балалар, сахна артынан қолдарына жапырақ ұстап,»Алтын күз» әнін хормен айтып, билей жүре кіреді)
Тәрбиеші; Балалар, сендер бүгін өте әдемі боп кетіпсіңдер. Қане кім біледі, біз бүгін қандай мерекені тойлау үшін жиналып отырмыз?

Балалар; «Алтын күз» мерекесін тойлау үшін жиналдық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ал енді осы күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар; қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Дұрыс жауап бердіңдер, ал енді осы күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
Балалар: - Күн салқындайды
- Жиі жиі жаңбыр жауады
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды, т. б
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше күз мерекесін «Күз ханшайымынсыз «қалай өткізбекпіз. Олай болса ортаға «Күз ханшайымын» шақырайық.
(Әуенмен ортаға «Күз ханшайымы» келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен күз ханшайымымын. Сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, ендеше төрлетіңіз. Біздің балалар да сізді көргеніне өте қуанышты. Балалар өзіңізге арнап би билеп, тақпақ айтып өнерлерін көрсеткісі келіп тұр. Ендеше
балалардың өнерлерін бірге тамашалайық.

1 - Бала; Сап - сары ала теректер
Сап - сары ала атырап
Сәл тербесе самал жел
Түсіп жатыр жапырақ.
2 - бала; Күзім - ау, күзім - ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық ау.
3 - бала; Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
4 - бала; Сап - сары маңай
Сап - сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Күз ханшайымы; Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші; Балалар күз мезгілі сары - ала сағыныш мезгілі, көңілдерге жазға деген қимастық сезімін ұялататын мезгіл. Ауа - райы суытып,күннің көзі көп күлмейтін мезгіл. Дегенмен ауа – райын болжайтын синоптиктерге сенсек, бүгінгі «Қошақан» тобының «Алтын күз» мерекесі өтіп
жатырған залда, күннің көзі ерекше күлімдеп, термометр көрсеткіші «жылулық» бағанына дейін көтеріледі делінген, қане олай болса айналамызға зер сала қарайықшы.
(Музыка әуенімен, ортаға күн келеді)
Тәрбиеші; Балалар, біз ерекше жылулық сезінгендейміз, иә. Олай болса күзге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық.
5 - бала; Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
6 - бала; Жер берді жемісті
Күз келді келісті
Күз байлық, береке
Алтын күз, мереке.
Күз ханшайымы; Жарайсыңдар, өте ақылды балалар екенсіңдер. Олай болса балалар менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты «Көкөністер мен жемістерді ажырат» деп аталады. Ол үшін ортаға бір топ балалар шыға қойыңыздар. Содан соң мына бақтағы араласып жатқан көкөністі оң жақтағы себетке, ал жемістерді сол жақтағы себетке ажыратып салуымыз керек.
Қане дайын болсақ, бастайық.
(музыка ойналып балалар ойынға шығады)
Күз ханшайымы; Рахмет сендерге балалар, себетім толды. Сендердің ақылды балалар екендеріңе тағы да көзім жетті.
Тәрбиеші; Балалар, сендер бір дыбыс естимісіңдер
(2 - бұлт күннің көзін жауып, күн күркіреп, жаңбыр дыбысы естіледі. Арғы жағынан «Жаңбыр» келеді.)
Тәрбиеші; Алақай, алақай жаңбыр жауды, балалар. Жаңбыр жауды. Қане қолшатырымызды қолымызға алып жаңбырмен бірге
би билейік.
(Би; «Қолшатырлар» )
Тәрбиеші; Балалар, күз мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып
кетеді. Олай болса ортаға жыл құстарын шақырайық.
7 - бала; Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын
Құрт құмырсқа жәндіктен
Бау бақшаны қорғаймын
8 - бала; Менің атым – қарлығаш
Адал досың айнымас
Көктемменен келемін
Жылы жаққа кетемін.
9 - бала; Тізіле ұшқан тырналар
Ұшады алыс сапарға
Сақшы көсем тырна бар
Қорғаушы соңғы қатарда.
(Бірге айналып ұшып кетеді)
Тәрбиеші; Балалар неліктен біз күзді «жомарт күз»- деп атаймыз. Себебі қамбаға бидайды жинап «алтын дән «тойын тойлаймыз.
Күз ханшайымы; Иә, мен жомартпын. Мереке басы ән болар. Береке басы дән болар. Көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаға толтырдым.
Тәрбиеші; Қандай керемет, қане олай болса осы көріністі біздің балдарымыз кезектегі биімен көрсеткісі кеп отыр екен
Би. «Қырман басында»
Тәрбиеші; Рахмет саған берекелі, мерекелі алтын күз. Балалардың да осында отырған ата - аналардың да сізге алғысы шексіз. Қане олай болса алтын күзімізді шығарып салайық.
(Музыка әуенімен, Күз ханшайымы балаларға сыйлықтарын беріп, қоштасып залдан шығып кетеді)
Тәрбиеші; Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×