Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бар тілек-Анама

Мақсаты; Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Анаға деген ықылас пен алғыс сезіміне тәрбиелеу. Тақпақтар мен өлеңдер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту. 8 - наурыз бүкіл дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету, театр, мақал мәтелдер, тақпақтар, әндер.
Тәрбиеші; Армысыздар құрметті ата - аналар, әріптестер. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт тілей отырып өздеріңізге арналған балаларыңыздың дайындаған, мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ендеше ортаға балаларымызды қошеметпен шақырайық.
(Музыка әуенімен, ер балалар жүрекше, қыздар гүл ұстап залға кіреді)
Тәрбиеші; - Ой, жарайсыңдар балалар. Балалар біз бүгін қандай мерекеге жиналдық?
Балалар;- 8 - наурыз, халықаралық әйелдер күні, мерекесіне жиналдық.
Тәрбиеші;- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып, оларды қуантып тастайық, иә!
1 - бала; Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрін де.
2 - бала: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
3 - бала: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
4 - бала: Ана пана,
Ана дана.
Өмірге әкелетін,
Ана ғана.
5 - бала: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
6 - бала: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Тәрбиеші:- балалар жарайсыңдар. Бүкіл әлемді гүлге орап, ән мен жырға орап - көктем келе жатыр екен. Ендеше ару көктемді қарсы алайық.
(Ортаға музыка әуенімен Көктем аруы келеді)
Көктем: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіңдер ме құрметті ата - аналар. Сай саланы гүлге орап, келіп жеткен, мен көктем аруы боламын. Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе көктем. Қош келдіңіз, төрге шығыңыз, біз де өте қуаныштымыз.
Көктем: - Балалар, құлпырып көктем келгенде тойланатын алғашқы мереке, қандай мереке ол?
Балалар: - 8 - наурыз, халықаралық әйелдер мерекесі.
Көктем: - Дұрыс айтасыңдар, балалар ендеше сіздермен бірге ойын ойнағым кеп тұр. Осынау айтулы мерекеде, біз анамызды қуанышқа бөлегіміз келе ме? Олай болса 2 командаға 4 4 баладан шыға қойыңыздар. Қазір біз анамызға арналған мерекелік үстел дайындаймыз. Қай команда тезірек қимылдаса, солар жеңімпаз болады.
Ойын: " Анаға арналған үстел"
Тәрбиеші: - Ой жарайсыңдар балалар, аналарымыз үшін осыдан асқан сый болмас. Ендеше барлығымыз анамызға арнап ән салып берейік.
Ән - хор: " Құттықтаймын мама"
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғаса қояйық. Балалар біздің ертеңгілігімізге ағы да қонақтар келе жатырған секілді. Қане қарсы алайық.
(Музыка әуенімен залға жүрек пен күн келеді)
Тәрбиеші;- Балалар, сендер білесіңдер ме, бұлар кімдер екенін? Бұлар біздің мейірімге толы анамыздың жүрегі. Қараңыздаршы анамыздың жүрегі қандай үлкен. Себебі оның ішінде сендерге деген мейірімі, қамқорлығы, махаббаты шексіз. Сондықтан да аналарымыздың жүрегі осындай кең боп келеді.
- Ал балалар, неліктен бізге қонаққа жүрекпен бірге күн келді. Себебі күн жылулықтың смиволы. Аналарымыз да бізге әрқашан, осы күн тәрізді, өз жылулығын еш аяған емес. Сондықтан да ана дегенде мейірімді жүрек пен күндей жылулық лебі бірге жүреді екен.
Жүрек; - Рахмет. Балалар сендер мерекеде аналарыңа көмектесесіңдер ме? Олай болса біз сіздермен бірге ойын ойнағымыз келіп тұр.
Ойын: "Анаммен бірге"
(Жүрек пен күн жіпті тартып, балалармен және аналарымен бірге ойын ойнатады. Кір жуып дұрыс жайып ілу керек.)
Тәрбиеші; - Келесі кезекті біздің өнерлі балапандарымызға бермекпіз. Ортаға биші қыздарымызды шақырмақпын.
Би: "Қазақ қызы"
Жүрек: - Балалар, сендер білесіңдер ме, жүрек қай кезде дем алатынын? Мен жақсы сөздер естігенімде демаламын. Ендеше аналарыңның жүректеріне қуаныш сыйлағыларың келсе, ортаға шығып анаға деген тілектеріңізді айтуға болады.
7 - бала: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөзі баланың
Анаға айтар лебізі
8 - бала; Ақ мамамды әрқашан
сағынамын сыйлаймын
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
9 - бала; Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
10 - бала: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ай әжем.
11 - бала; Аялы алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.
12 - бала: Из цветной бумаги
Вырежу кусочек
Из него я сделаю
Маленький цветочек

Мамочке подарок
Приготовлю я
Самая красивая, мама у меня.
13 - бала: Ананың біз гүліміз
Ана - біздің күніміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Тәрбиеші; - Ой жарайсыңдар балалар. 8 - наурыз тек аналарымыздың ғана емес сонымен қатар әжелеріміздің де мейрамы екен. Қане олай болса Әжемізге арналған "Әжемнің шайы" атты әнімізді хормен орындап берейік.
Ән - хор: "Әжемнің шайы"
Көктем: - Жарайсыңдар балалар, Сендердің ертеңгіліктеріңе қатысып көңілім көтеріліп қалды. Өте ақылды балалар екенсіңдер. Мені басқа да балабақша балалары күтіп отыр. Ендеше сендермен қоштасып, соларға да барайын. Қош сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыз.
Тәрбиеші:- Осымен №3 "Қошақан"тобының дайындаған"Бар тілек анама" атты ертеңгілігіміз аяқталуға шақ. Сіздерді қуантатын адал ұрпағымыз көп болсын. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сіздерге арнап балаларыңыздың өз қолдарынан шыққан сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
(музыка әуенімен, балалар аналарына гүл береді)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету