Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Балабақшада АКТ қолдану

Құрметті әріптестер!
Балалар таңғаларлық тіршілік иесі. Күн сайын бір жаңалық ашады. Біздерде оларды түсіну үшін бір мезгіл бала болып, қарауымызға тура келеді. Бір уақыт балалық шағымызды есімізге түсіріп сіздерге бір оқиға әңгімелеп бергім келеді.
"Дүниеге келген балапан"
Назарларыңызды экранға аударыңыздар!
Тақырып" Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану мүмкіндігі"
Мақсат: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрет, және оны зерттеуге ұмтылдыру. Баланың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерің, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың сұлулығын бағалай білуге баулу.
Сөздік жұмыс: Конвенциалық жауын
АКТ қолдану дағдылары: бейнеороликтер, слайд,
Әдіс - тәсілдері Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тәжірибе жасау.
Шеберлік - сынып барысы
Сәлемдесу.
Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Біз бүгін"Табиғаттың құбылыстары" туралы білетін боламыз.
Алдымен біз мультфильм үзіндісін көреміз.
Балалар, сендерге мультфильм ұнады ма?
Көрген мультфильмді қалай атауға болады?
"Дүниеге келген балапан"

Балалар, осы оқиғаның жалғасын көргілерің келеді ме?
Олай болса маған кейіпкерлер керек (күн, жел, жауын)

Кейіпкерлеріміз дайын олай болса тыңдаңыздар!

Кішкентай балапан әлеммен танысам деп саяхатқа шығыпты, келе жатып аспандағы күннің көзін көріп;

Слайд№1
№2 құстардың дыбысы
- Бұл не?
"Күннің көзі"
Арайланып тан атты.
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз,
Сәлеметсің бе, күннің көзі!

Қандай ғажап гүлдердің күлтешелері ашылып, құстар сайрап жатыр.
Кішкентай балапан әрі қарай жүре берді.
Бір кезде балапан бір шу - у - у естіп қатты қорқып кетті

№3 Желдің дыбысы
- Бұл не пәле?
Көзіме құм кіріп кетті ғой
Жел:
Қанатым жоқ ұшамын,
Аяғым жоқ қонамын
кім екен бұл?
Балапан, Сәлеметсің бе жел! Мен сені көріп тұрған жоқпын, тек қана сенің дыбысыңды естіп тұрмын жел менімен саяхатқа баршы.
Балапан, саяхатын әрі қарай жалғастырды
Бір уақытта аспан қарайып күннің көзі бұлтын астына кіріп кетті
Слайд№4

№5Жауынның дыбысы

Слайд№6 " Конвенциалық жауын"
Ал аспаннан су тамшылай бастаған кезде
Балапанымыз өз ұясына қарай жүгіріп кете берді.

Қорытындылау
Балалар, Балапан, бүгін қаңдай табиғат құбылыстарымен танысты?
Ол туралы мен сендерден шағын сұхбат алып оны диктафонға басып алайын, ал кешке қарай аналарың келген кезде мен оларға тыңдауға беремін.

Практикалық жұмыс"Өз тәжірибемнен" слайды арқылы тапсырмалар орындау
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету