Сайтқа кіру Тіркелу

Сауат ашу. С дыбысымен танысу

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: С дыбысы мен С әрпін таныстыру, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету. С дыбысынан келетін жаңа сөздермен таныстыру, балалардың білімін, тілін дамыту.
2) Дамытушылық: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Балаларды партаға дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, бірін - бірі құрметтеуге, сыпайылық танытуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері: С дыбысының баспа және жазба түрі, текшемен жұмыс, аудио таспа,
Әдіс – тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, ғажайып сәт, сұрақ – жауап, дыбыстық талдау, дәптермен жұмыс, сөздік жұмыс, сөйлем құрастыру, билингвалды компонент.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері: Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған,
Мынау - басым ақылды
Бәрін осы атқарған,
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Өткенді қайталау.
Сабақ барысында балалар біздің тәртібіміз қандай болуы тиіс?

Сауат ашу сабағында біз нені үйренеміз?( Әріптерді және дыбыстарды үйренеміз)
Әріп дегеніміз не? (Әріпті біз көреміз және жазамыз)
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?
Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауысты дыбыс қалай айтылады? (созылып, әндетіп айтуға болады)
Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? (кедергі жасалып, емін еркін ауыз қуысынан шықпайды.)

Тағы сауат ашу оқу іс - әрекетінде Біз сөз және сөйлем кестелерімен таныстық
Сөз неден құралады? (дыбыстардан)
Сөйлем неден құралады? (сөздерден)
Балалар сөйлем құрап береді 1 Сендер балабақшаға аптасына неше рет келесіңдер?(Балабақшаға аптасына бес рет барамыз.) хабарлы сөз
2. Сабақтан кейін біз далаға шығамыз.(Лепті сөйлем құрады: Алақай, далаға шығамыз!)

Текшемен жұмыс.
1 қатар. Текше көмегімен ОТАН сөзін құрастырады.
2 қатар. Текше көмегімен АНА сөзін құрастырады.
Екі қатардан бір, бір баладан шығып орындайды.

Өткен сабақтарда қандай әріптермен таныс болдыңдар?
«А» ақ - қу,"Р" рау - шан - гүл,"П" пи - яз,"Л"лақ, "Т" ти - ін,"Ш" Шай - нек.

Ғажайып сәт: Жыланды көріп қалады("С - с","С -- с" деген дыбыс шығады)
Бұл кім?
Жылан, қандай дыбыс шығарды? (айнаға қарап "С"дыбысын дыбыстайды

Дұрыс балалар С дыбысынан. С дыбысы дауыссыз дыбыс.
Өйткені тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады
Жұмбақ жасыру
Жұмбақ: Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды (сандық)
Сандық ішіндегі заттарды шығарып бірге қайталайды.(сиыр, сырға, сабын)
II негізгі бөлім.
1) Аудио таспа.

"С" дыбысымен таныстыру.
Балалар барлық айтылған сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
.
Сергіту сәті.
"Алақан соғамыз "А" дыбысынан басталатын сөздерге.
"Аяқпен топылдатамыз" "С"дыбысынан басталатын сөздерге

"С" дыбысы неге ұқсайды? Бір қарасаң, егіншінің орағы,
Жаңа туған Айға да ұқсап қалады.
Ермексаздан "С" әрпінің бейнесін жаса
Тәрбиеші "А","О","У" әріптерін қосады балалар буындап оқиды

Ойын "Сыбырлап - дауыстап" берілген буындарды оқу

Балалар апта күндерін білесіңдер ме?(балалар шеңбер бойымен тұрады)
Апта күндеріне талдау жасайды.
Қандай күндер "С"дыбысынан басталады Қандай күндерде "с"дыбысы ортада.
- Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма Сенбі Жексенбі.
Ойын "Сөз ойла тез ойла"
Доп арқылы "С" дыбысынан басталатын сөздерді айту.

III қорытынды бөлім.
Балалар керемет сендер барлық тапсырманы орындап шықтыңдар. Қараңдаршы бір сиқырлы әріп пайда болған сияқты
Балалар бүгін қандай дыбыспен таныс болдыңдар?
«С» дыбысы қандай дыбыс?

Балаларды мадақтау, мақтау.
Сендерге сабақ ұнады ма? смайлик арқылы бағалау

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Бірін - бірі сыйлай білу керек.
Нені үйренді: Сөздерге дыбыстық талдау жасауды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×