Сайтқа кіру Тіркелу

Би өнердің ғажап түрі

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Би өнердің ғажап түрі»

Мақсаты: Кішкентай бүлдіршіндерді би өнеріне баулу, икемділіктерін байқау, қызығушылықтарын арттыру. Би өнері туралы мағлұмат беру.

Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақ барысы:
Қайырлы күн ұстазым, Қайырлы күн достарым.

Шаттық шеңбері. Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте «күн» бейнеленсе, бір - бірімізге күлімдей қараймыз, «алақан»бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз,«жүрек» бейнеленсе, құшақтасамыз.

Би өнері туралы мағлұмат беру.
Би - өнердің ғажап түрі. Бишілер өз биімен кейіпкерлердің мінез - болмысын, ой - сезімін, көніл - күйі мен іс - әрекетін ашып бейнелейді.
БИ өнерінің адам денсаулығына пайдасы өте зор. Би кезінде қолданылған қимылдардың барлығының да денсаулыққа пайдасы өте көп.

- Ең алғашқы қазақ биінің ханшайымы кім болған екен?
- Шара Жиенқұлова апайымыз.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар биді орындайтын адамды кім деп атаймыз?
- Биші.
- Жарайсыңдар!
- Біз әр ұлттардың биін білеміз, үйрендік, оларды киімдерінен, қимылдарынан ажырата аламыз. Қане, енді мына суреттерге қарап айтып көрейік.
1. Қазақ халқының биі.
2. Орыс халқының биі.
3. Өзбек халқының биі.
4. Грузин халқының биі лезгинка.
5. Испан халқының биі.
6. Тәжік халқының биі.
7. Түрік халқының биі.
8. Үнді халқының биі.
9. Қара жорға биі.
- Біз сонда 10 ға жуық ұлттық билерді біледі екенбіз. Жарайсыңдар! Енді сергіту сәтін орындап алайық.
Сергіту сәті.
- Бойларымыз сергіп қалса, бір биді қалай үйренеміз, соны көрсетейік. Би үйренудің өзі бірнеше бөлімнен тұрады. Ең бірінші биді бастамас бұрын оған музыка таңдап алынады. Сол музыкаға сай қимылдарды үйренеміз. Биді үйрену үшін алдымен біз дайындалып аламыз, ол үшін не істейміз балалар?
- Жаттығу жасаймыз.
- Иә, жаттығу жасап, денемізді биге дайындаймыз, икемдейміз. Енді мына суреттегі балаларға қарап жаттығуларын орындайық.
(Жаттығулар орындалады.)

- Денемізді биге дайындағаннан кейін, бір қимылды 1, 2, 3, 4 ке санап үйренеміз. (Қимылдар орындап көрсетіледі.)
- Осылай жалғастырып, биді аяғына дейін үйренеміз. Барлығын толық үйреніп болған соң ғана, музыка ырғағына салып орындаймыз. Жәй ырғақта болса нәзік, әдемі орындаймыз. Ал ырғағы тез болса шапшаң қимылдауға үйренеміз.

- Балалар сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Би билеген ұнай ма сендерге?
- Кім өскенде биші болғысы келеді?
- Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
- Жарайсыңдар!
Әр күнің ашық болсын!
Жүздерің жарқын болсын!
Талаптарың таудай болып,
Өнерлерің үстем болсын! - деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепте не үйренеміз?

Мектепте не үйренеміз?

Балалардың бойында білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу....
Оюмен ой айтқан елміз

Оюмен ой айтқан елміз

Мақсаты: - Музыкалық шығарманы тыңдап, сипатын ажырата білуге үйрету; - Ою - өрнекті толығырақ білу, оны би қимылымен, әнмен, мақал - мәтелмен...
Екі өрнектің қосындысы мен айырмасын көбейту тақырыбына есептер шығару

Екі өрнектің қосындысы мен айырмасын көбейту тақырыбына есептер шығару

Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын пайдаланып, ол формуланы өрнектерді ықшамдауда қолдана білу бейімділігін қалыптастыру, өрнекті...
Менің сүйкімді күшігім

Менің сүйкімді күшігім

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға Ауылы «Мөлдір» балабақшасы Музыка жетекшісі: Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна...
Музыка әлеміне саяхат

Музыка әлеміне саяхат

Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге үйрету...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×