Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Балалардың сөйлеу тілін жаңа үлгідегі ертегілер арқылы импрессивтік сөйлеуден экспрессивтік сөйлеуге машықтандыру

Ертегі – бала қиялын, сөйлеу мәнерін, сөздік қорын, ойлау қабілетін жетілдіруші, бала өмірімен тығыз байланыста болатын бірде – бір құрал. Ертегіні оқып беру, балаларға тыңдату арқылы олардың өмірге деген жаңаша көзқарастарын қалыптастыруға болады. Ертегі арқылы балалардың қиялын дамытуға болатыны анық. Қиял – біздің өміріміздің бір қыры. Балалардың дамуында қиялдай білу қабілеті өте маңызды рөл атқарады. Ертегіні тыңдай және қиялдай білу арқылы бала бойында тапқырлық, төзімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттер толығымен қалыптасады. Ертегінің түрлері өте көп. Соның ішінде қазақтың ертегілері, бала бойына ерекше жігер, күш беретіндей болып тұрады.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым: А. Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана – сезімі, салт – дәстүрі жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе», - деп айтқан болатын.
Қазіргі таңда балаларға ертегі оқып беру, ата – ана тарпынан балаларға аздық етуде. Кейбір балалар ертегіні тек балабақшадан ғана тыңдап, естуі де мүмкін.
Ал, мүмкіншілігі шектеулі, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшада ертегіні жәй ғана оқып беру немесе тыңдату балалардың қабылдауына тиімді әсер етпейтіні анық. Оны бала тек тыңдайды, яғни толық түсіне алмайды. Психикалық дамуы тежелген балалар мен сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға бірдей ертегіні тыңдатқанмен, әр түрлі жолмен ұғындыруға тура келеді.
Салыстырмалы түрде алып қарасақ, жас шамасы бірдей, бірақ дамуында ерекшеліктері бар балаларға бірдей ертегіні тыңдатқанмен, олар бірдей қабылдай алмайды. Яғни, психикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға ертегіні оқып, тәрбиеші сахналап берген аздық етеді. Баланың өзін сол ертегіге ендіру, қызықтыру үшін, әр баланы ертегі кейіпкеріне бөліп, қызықты түрде орындатуға болады.
Импрессивтік сөйлеуден экспрессивтік сөйлеуге машықтандыру, яғни импрессивтік сөйлеуде бала ертегі желісін түсінеді, бірақ им – ишара арқылы түсіндіреді, сондықтан да экспрессивті сөйлеуге дағдыландыру үшін, алынып отырған ертегі желісі баланың жасына сай, сөйлеуіне жеңіл түрде алынуы керек.
Сонымен қатар, балалардың дамуына да ертегі терапиясының балаларға тигізер әсер аз емес. Мамандардың зерттеуі бойынша ертегі – бүлдіршіндерге тәрбие беру құралы болса, ертегі терапиясы – осындай ертегілер арқылы баланың таным түсінігін қалыптастыруға, дұрыс жолға салуға, психологиясын қадағалауға бағытталған тәсіл болып табылады.
Ертегі терапиясы, біріншіден, балаға қажетті адамгершілік қағидалары мен ережелерін терең түсінуге көмектеседі. Екіншіден, баланың ой өрісін жетілдіруде таптырмайтын құрал. Ертегі тыңдай отырып, бала өз ойынша сараптап, қиындықтан шығар жол іздеп, өздігінше алға талпына алады. Үшіншіден, ертегіні тыңдап, оның желісіне елітіп отырған, бүлдіршін кейіпкер орнына өзін елестетіп, сезіну арқылы өмірлік жоспарын құруға дағдыланады.
Ертегі арқылы терапия жүргізу – педагогикалық және психологиялық тапсырмалардың сапасы жағынан инновациялық технологиялардан кем түспейтін ғажайып психотехника.
Театрландырылған ойындар өткізу кезінде балалар әңгімеге тартылады, қойылым туралы ата – аналарына, өз құрдастарына айтып береді. Бұның бәрі бала сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог құра білуіне, өзі алған әсерін монолог түрінде жеткізуіне ықпал етеді. Ертегіні қайта құру, оның мазмұнына толықтырулар мен өзгертулер енгізу (логоритмика жаттығулары, тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар, өлең шығару ) баланың ішкі дүниесін босатып, өзін сиқыршы сезінуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда балалардың тілінің дамуына көптеген жағдайлар қарастырылып отыр. Мысалы, баланың тілінің тез дамуы үшін түрлі жаңа үлгідегі заманауи технологиялық құралдар көптеп шығарылуда. Мысалы алып қарасақ, 3D форматында түсірілген қазақ халық ертегілер жинағы жарыққа шығуда.
«Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әкелері не аналары ертегі айтып бермейді. Ал, бесікте жатқанында құлағына анасының әлди үні сіңбеген баласының көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын», - деп Бауыржан Момышұлы батырымыз толғаған. Ендеше, қазіргі заман балаларының ертегіні тыңдап өсіп, көздері ашық, көкіректері ояу азамат болып өсулері үшін, ұлттық құндылықтарымызды, қазақы болмысымызды, ұлттық ертегімізді одан әрі дамыта берейік.

«Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке
дейінгі арнайы ұйымның дефектолог - логопед маманы
Апанасова Құндыз Төлегенқызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету