Сайтқа кіру Тіркелу

«Алтын жұмыртқа»

Мақсаты: Балаларға үстел - үсті театры арқылы баяндап айту, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге,қабылдауға,сезінуге жетелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт,психологиялық тренинг,ой - қозғау, түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, ойын жаттығу.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің макеті,үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмыс: Алтын жұмыртқа, жәй жұмыртқа, тауық, ұрады .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа материалды игерту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес.
Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату, доспыз. Қане бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін, жақсы тілектер айтайықшы.

- Күніміз жарық болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
Жарайсыңдар, балалар! Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар, қандай ерекшелігі бар?
- Күн жылынып келеді, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді.
- Қандай мерекелерді тойладық?
- Аналар мерекесін, наурыз тойын тойладық.
- Ия, тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай, қарға, тауық.
- Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Жұмыртқа шығарады.
- Ендеше, мен сендерге "Алтын жұмыртқа" ертегісін айтып берейін.
Ертегіні үстел - үсті театры арқылы көрсетіп отырып әңгімелеу.
- Балалар ертегі не туралы екен?
- Алтын жұмыртқа туралы.
- Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
- Ата, әже, тышқан, тауық
Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
(«Шөжелер» әніне қимыл жасайды)
- Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
- Пішіні сопақша
- Түсі қандай?
- Түсі ақ.

Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.
- Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
- Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!
- Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
- Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.

«Бөлігін тап» ойыны. Балалар бөліктерін тауып құрастырады.
- Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
- Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.
Күтілетін нәтиже:

Білуі:Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсіне біледі.
Меңгеруі: Тілдің дыбыстық мәдениетін, тіл байлығын, тіл белсенділігін меңгереді.
Жасай алуы.Бөліктерден бүтін жасай алады.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегілер еліндегі шалқан

Ертегілер еліндегі шалқан

Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...
Үй құстары

Үй құстары

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Ново – Покровка ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ. Шағын орталық тобының тәрбиешісі Нұрланбетова...
Үй құстары

Үй құстары

ШҚО, Семей қаласы Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...
Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы білім беру: Сөздік қорын байытып, ертегіні нақты етіп айта білуге...
«Үй құстары»

«Үй құстары»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×