Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жабайы аңдар және олардың төлдері

Тақырыбы: Жабайы аңдар және олардың төлдері
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға жабайы аңдар және олардың төлдерін таныстырып түсінік беру.
Дамытушылық: Түзету жаттығулары арқылы сөйлеу тілін дамыту. Жабайы аңдарды атап, оларды ажырату, сипаттау, төлдерін және азықтарын табу. Есте сақтау, зейін, қабылдауын және ұсақ қол моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Ауызбіршілікте болу, адамгершілік қасиеттерге баулып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Амандасу.
- Балалар бүгін бізде АҰОҚ болғалы тұр, оны бастамас бұрын біз артикуляциялық жаттығуларды жасап жіберейік, өйткені жаттығу жасау арқылы тілімізді дұрыс сөйлеуге жаттықтырамыз солай ма?
- Иә
- Айтпақшы балалар тоқтай тұрыңдар жаңа мен келе жатсам алдымда мына бір үлкен хат жатыр екен. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?
- Иә, білгіміз келеді
- Олай болса хатты ашайын. Ой балалар мұнда хат жатыр ғой қане оқиын!
- Сәлеметсіңдер ме балалар? Біз орман тұрғындарымыз, бізге сендердің көмектерің керек. Жалмауыз кемпір бізді торға қамап қойды, біздің қарнымыз аш, балаларымыз орманда адасып жүрген болар, бізге сендерден басқа көмектесетін ешкім жоқ! Бізге көмектесіңдерші!
- Балалар бұл орман тұрғындары нелер екен? Қане суреттен қарайық. Нелерді көріп тұрмыз? Мынау не?
- Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян
- Дұрыс ақ балалар бұларды бір сөзбен жабайы аңдар деп атаймыз. Олар орманда мекендейді. Өз азықтарын өздері тауып жейтіндіктен оларды жабайы аңдар деп атайды екен. Ал балалар біздер жабайы аңдарға көмектесеміз бе?
- Иә
- Олай болса барлығымыз орманға аттанайық. Біз орманға жаяу жете алмаймыз ғой, оданда шаңғымен барайық.
Лого ырғақ жаттығуы:
Қане шаңғыны киіп жолға шығайық!
Бәріміз біргеміз
Шаңғыны тебеміз
Орманға жеткен соң
Аңдарды көреміз!
Міне бізде орманға жеттік, айнала аппақ, қараңдаршы ештеңе көрінбейді жалмауыз кемпір жабайы аңдарды біз білмейтін жерге тығып қойған сияқты. Біз оданда жалмауыз кемпірдің өзіне хабарласып көрейік, мүмкін ол босатып қалар!

О-о-о-о, сендер не жабайы аңдарды құтқаруға келдіңдер ме? Сендер оларды таба алмайсыңдар, ха-ха-ха құтқара алмайсыңдар! Мен оларды торға қамап қойдым!
Жоқ біз құтқара аламыз!
Жабайы аңдарды құтқару үшін менің тапсырмаларымды орындаңдар. Егер тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар кілттердің бөліктері шығар, сол бөліктерден бір кілт шығарыңдар. Сонымен торды ашып құтқара аласыңдар ма! дайынсыңдар ма?
Иә дайынбыз
Жалмауыз кемпірдің тапсырмалары:
Алдарыңда бірінші және екінші тапсырмаларың тұр! Ал қане көрейін сендердің тапсырма орындағандарыңды!
Бірінші тапсырма: Жұмбақ

Сүйетін қант, балды,
Білесің қандай аңды?

Күші десең, күші бар,
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
(Қасқыр)

Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян)
Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа.
Іші жылы үйімнің. (тиін)

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу.(түлкі)
Балалар бірінші тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар, енді екінші тапсырманы орындайық жарай ма ол да дайын тұр екен. Екінші тапсырмада берілген аңдарды сипаттап беруіміз керек.
Мнемо кесте бойынша сипаттау:
- Мынау қандай аң?
- Қоян
- Түсі қандай?
- Сұр түсі
- Дене мүшелерін ата!
- Екі құлағы, екі көзі, тұмсығы, ауызы, денесі және аяқтары бар
- Төлін қалай атайды білесің бе?
- Көжек деп атайды
- Қоян нені сүйіп жейді, оның азығы не?
- Қоян сәбізді сүйіп жейді
- Қандай ертегілерде кездеседі?
- Бауырсақ, қоянның үйшігі.
- Балалар жарайсыңдар!
Бұл тапсырманы орындадық деп қуанбаңдар. Үшінші тапсырмам бар ол үшін сендер шанамен жолға шығасыңдар. Алдарыңнан мұз айдыны шығады соның жан жағында, үстінде жабайы аңдардың азықтары жатыр. Сол азықтарды жинауларың керек!
Ал, балалар дайынбыз ба қане біреуіміз шанаға отырып, біреуіміз сүйреп жолға шығайық
Сергіту жаттығуы

Шанаға біз отырайық
Зырғып-зырғып алайық
Тез межеге жеткен соң
Азықтарды табайық
Ойын: «Азығын тап!»

Ой балалар қараңдаршы біз іздеп жүрген мұз айдыны осы секілді. Үстінде азықтар жатыр оларды қар басып қалған екен қарды ұшырып тазартып тастайық. Енді екі екіден шығып азықтарды жинаймыз!

Мммм, сендер бұл тапсырманы да орындап қойдыңдар ма? Онда төртінші тапсырмаға дайындалыңдар! Қазір жолға жаяу шығасыңдар, жай шықпайсыңдар көңілді тақпақ айтып шығасыңдар алдарыңнан аңдардың төлдерінің іздері болу керек. Сол іздермен жабайы аңдардың төлдерін тауып атап бересіңдер!

Қане біз берілмеуіміз керек олай болса көңілді тақпақ айтып барайық

Тақпақ: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Ойын: «Төлдерін тап!»

Жарадыңдар сендермен жүрген өте қызық екен, ой мына жерге қараңдар алдымыздағы аңдардың іздері сияқты. Сол ізбенен жүріп біртіндеп аңдардың төлдерін тауып көрейік!
Төлдерін табады

қап әттең, сендерге бір еш кедергі болмады ғой! Тапсырманы орындағандарың үшін мен сендерге тастың астына кілт тастап кеттім, сол кілтті алып аңдардың торын ашып құтқарып алыңдар! Ал, мен өз ісіме өкініп отырмын енді менде сендер секілді ақылды болып, ешкімге жамандық жасамаймын!

Кілтті алып аңдарды іздейді
Тыныс алу жаттығуы: Қасқырдың дауысы
Балалар естідіңдер ме қасқыр бізге айғайлап жатыр, қай жақтан шығып жатыр. Үңгірдің аузын ашып көрейікші. (аңдардың үңгірін тауып, оларды құтқарады).

Ақтөбе қаласы, Нұр Сити ауданы,
№51 "Жарқын бала" мектепке дейінгі
ұйымның логопеді Утебаева Жазира Дулатқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету