Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ойыншықтар қонақта

Ұйымдастырылған оқу - қызметі
Тақырыбы: Ойыншықтар қонақта
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Ойыншықтарды сипаттауға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй макеті, қыс туралы суреттер, әр түрлі жануарлар, доптар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: ойыншық
Қостілділік: доп – мяч, қоян – заяц.
Балалар топқа кіреді, қонақтармен амандасады.
Ұл – қыз сәлем береді,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Таңғы шеңбер.
Бала, бала, балапан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарың айбат,
Былай, былай ойнат.
Топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса, алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
Балалар отырады.
Тәрбиеші: Балалар, қанша жыл мезгілі бар?
- Қыс, Жаз, Күз, Көктем.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Қыста ауа – райы қандай болады, қандай өзгерістер болады?
Қыста қар жауады, боран болады, күн суық болады.
Жазда ше балалар?
- Күн ыстық болады, өзенге шомыламыз.
Дұрыс балалар олай болса, күзде ауа – райы қандай болады деп ойлайсындар?
Кәне, күзгі өзгерістерге байланысты тақпақ айтып берейікші:
Жел соқты гу – гу,
Жаңбыр жауды тарс – тарс.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
Жаңбыр жауады, жел соғады.
Иә, дұрыс айтасыңдар.
Ал енді балалар қазір қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
Көктем.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Олай болса көктемде қандай өзгерістер болады, ауа – райы қандай болады?
Балалар:
Күн жылиды, қар ериді, құстар жылы жақтан келеді.
Жақсы.
Есік қағылып топқа қасқыр келеді.
Қасқыр: - Сәлеметсіңдер ме балалар?
Мен орманда келе жатып, орманның арасынан мына заттарды тауып алдым.
Мен бұлар не зат екенін білмеймін, мүмкін сіздер білесіздер ме?
Тәрбиеші: Ия, қасқыр біздің балалар бұл заттардың не екенін айтып береді.
Сіз мына жерге отырып тыңдаңыз.
- Кәне балалар мынау не?
- Қоян
- Қоянның құлағы қандай?
- Ұзын.
- Қоян қалай секіреді?
Тәрбиеші: Қасқыр олай болса, қазір балалар сізге қоян туралы өлең айтып, би билеп береді.(Сұр қоян әні)
- Қасқыр жарайды, айта қойыңдар балалар.
- Ой рахмет балалар өте жақсы.
- Ал, мынау не?
- Аю.
- Балалар аю қалай жүреді?
- Балалар аю туралы тақпақ білеміз бе?
- Кәне, айтып берейікші қасқырға.
Аю отыр партада,
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қалыпты масқара....
- Қасқыр балалар қандай жақсы бәрің білімді, тәртіпті көп өлең, көп тақпақ біледі екенсіңдер, жарайсыңдар.
- Балалар аю, қоян жабайы аңдарға жатады.
- Жабайы аңдар қайда мекендейді?
- Орманда
- Дұрыс
- Ал мынау не?
- Доп
- Доппен не істейміз?
- Ойнаймыз
- Доптың түсі қандай?
- Жасыл
- Балалар мына доптың көлемі қандай?
- Кішкентай
- Доптың түсі қандай?
- Қызыл
- Жасыл доп үлкен бе, әлде қызыл доп үлкен бе?
- Жасыл доп үлкен.
- Дұрыс
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қасқыр орынынан тұрып:
- Ой, мынау қандай әдемі үй. Маған да осындай үй керек еді.
Тәрбиеші: Қасқыр біздің балалар сізге үй жасап береді, балалар қасқырға үй жасап береміз бе?

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші
Тобагабулова Майра Дукеновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету