Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ғажайып ғарыш әлемі

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш әлемі»
Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
- Балалар біздер бүгінгі оқу іс - әрекетінде ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз. Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні,. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юрий Гагарин (слайд)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).

Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
— Зымыран.
Зымыран - ракета
- Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран құрастырайық

— Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.
— Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш – деп балалар жауап береді.
— Міне, балалар зымыранымыз да дайын.
— Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.
Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. Кеттік! (музыка ойналады)
— Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар. Тақтаға
аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.
- Балалар, мынау күн жүйесі. Онда 9 ғаламшар күнді айналып жүреді.
- Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?
- Дұрыс. Жер ғаламшарында. Күнге ең жақын орналасқан Меркурий ғаламшары. Осы ғаламшарлардың бізге даярлаған құпия тапсырмаларын орындайық.
Меркурий тапсырмасы.
«Кім зерек?»1. кемпірқосақта неше түс бар? (7) 2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолында неше саусақ бар? (10
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. неше жыл мезгіл бар? (4)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
- Балалар Меркурий ғаламшарының тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді біздің осы ғаламшарда болғанымыздың белгісі ретінде туымызды қадап кетейік.
Шолпан ғаламшарының тапсырмасы.
«Кім тапқыр?»
Бос орынға тиісті пішінді сал.
(алдарында берілген қағаздағы тапсырманы орындаңдар)

Жер ғаламшарының тапсырмасы.
«Артығын тап»
(Артық нәрсені қоршап, неліктен артық екенін айтып беру)
Марс ғаламшарының тапсырмасы.
«Ретін тап»
(сандар қатарын реттеу. Тура және кері санап беру)
Сатурн тапсырмасы.
«Кім шапшаң?»
Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған кішкентай үйшіктер. карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атап, рет - ретімен қою.
Уран тапсырмасы.
«Көршісін тап»ойыны
(слайдпен жұмыс)
Нептун тапсырмасы.«Сиқырлы қоржын»(көздерін жұмып бір затты алып, сипаттап беру. Түсін, пішінін, көлемін) Плутон тапсырмасы.«Цифрлар қайда жасырынған?
- Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық.
Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік.
Алдымен ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын «Не жетіспейді».
Үлестірмелі материалмен жұмыс)
Өте жақсы ойынға қатыстыңдар. Жұлдыздарды алайық.
— Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық.
Қане бәріміз бірге: Кеттік. (музыка ойналады) Балалар балабақшаға жетеді. Балалар бой сергіту жаттығуын жасайық.
Тәрбиеші: — Балалар сіздердің білімдерінің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет. Балаларды мадақтау, бағалау.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Ғарышқа жол ашу

Ғарышқа жол ашу

Білімділігі: Ғарышты игеру деген ұғымымен танысу. ҚР ғарышкерлерімен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген...
Ойна да ойлан!

Ойна да ойлан!

10 - ға дейін тура және кері санауды бекіту. Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен - кіші ұғымдарын ажырата білу...
Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

Санды 1 - ге көбейту, санды 0 - ге көбейту

1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету. Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық...
Ғарышқа саяхат

Ғарышқа саяхат

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, МҚҚК «Бөбек» балабақша тәрбиешісі Китарова Ремзия Динибайқызы...

"Ғарышқа саяхат"

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Айналамен таныстыру Ортаңғы «а» тобы Тәрбиеші: Серікбаева Клара «...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету