Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Досыңа серік бол

Тәрбиеші: Сазанова Балым Сериковна
Жұмыс орны: Атбасар қаласы. МКҚК №5 «Алтын бесік» балабақшасы
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеуметтік
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Досыңа серік бол («Құмырсқа» қазақ халық ертегісі бойынша сахналау)
Мақсаты: сөздік қорын молайту, дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре іс - əрекет жасай білуге баулу, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; достықты, туыстықты қадірлей білуге тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Құмырсқа» ертегісін оқу, қойылымдарға керекті қуыршақтарды дайындау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), құмырсқаның, араның жəне қоңыз бейнелері, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: илеу, илеулестері.
Билингвальді компонент: дос - друг, достық - дружба, құмырсқа - муравей,
ара - пчела, қоңыз - жук.
ҰОҚ кезеңдері Педагогтің басқару іс - əрекеті Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз адал дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең сенімді дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең зиянды дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Ең мейірбан дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Нағыз сараң дос болып.
Қосыл, қосыл шеңберге,
Қайырымды дос болып.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолында жақсы қасиеттер аталғанда алға бір қадам жасап, қуанышпен қол соғады. Достыққа жараспайтын сөздер айтқанда, керісінше, артқа бір адым жылжиды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Əліппе - дəптермен жұмыс.
1 - тапсырма. Бұлар қай ертегі кейіпкерлері? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
(Құмырсқа, ара, қоңыз суреттері бейнеленген).
2 - тапсырма. Мақалдың мазмұнын ашып түсіндір.
Жаттап ал.
Дос болсаң, берік бол,
Досыңа серік бол.
Сөздік жұмыс: илеу, илеулестері.
Билингвальді компонент:
дос - друг, достық - дружба, құмырсқа - муравей, ара - пчела, қоңыз - жук
Құмырсқаның достығы туралы ертегіні естеріне түсіреді.
- Құмырсқаның достары қандай екен?
- Құмырсқаға нелер көмектесті?
- Ара, қоңыздың істегені дұрыс па?
- Достар қандай болу керек?
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі.
Мақалды жаттайды.
Сөздерді қайталайды.
Балалар қызығушылық танытады.
Құмырсқаның достары жалқау, нағыз дос емес.
Құмырсқаға илеулестері көмектесті.
Өз ойларымен бөліседі.
Əліппе - дəптермен жұмыс.
3 - тапсырма. Жұбыңмен бірге сурет бойынша рөлдік диалог құр. Кейіпкерлердің эмоциясын көрсет:
- Құмырсқаның дəнді көтере алмағандағы көңіл күйін көрсет.
- Достарынан көмек сұрағандағы эмоциясын көрсет.
- Достары көмектеспегендегі эмоциясын көрсет.
Педагог «Құмырсқа» ертегісін сахналайтындарын айтады.
Педагог қоржыннан театр бас киімдерін шығарады.
Əр түрлі эмоцияларды көрсетеді.
Балалар сахна алаңына жиналады.
Қорапшаның ішінен текшелер таңдап, кейіпкерлердің суреттеріне қарап рөлдерге бөлінеді.
Қалған балалар көрермен болады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды,
Балаларды мадақтау.
Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады.
1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды.
2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Сұрақтарға жауап береді. Өздеріне оқу қызметінде не ұнағанын, қандай
тапсырма қиындық келтіргенін айтады.
Алған əсерлерін қоржындарды таңдап білдіреді.
Күтілетін нəтижелер: жасайды: жəндіктердің қимыл - қозғалысын, дыбысын салады.
түсінеді: достық, туыстық қатынасты бағалай білуді.
қолданады: ертегі кейіпкерлерінің эмоцияларын білдіру үшін түрлі екпінмен дыбыстауды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету