Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сиқырлы сандық

Тақырыбы: Сиқырлы сандық
Ұйымдастырушылық - ізденістік Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».
- Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады.
- Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен.
- Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі.
Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.

Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет!» ойынын ойнатады.
Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.

Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.

Тәй, тәй тұрған ботақан,
Аяқты қалт-құлт басасың.

Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсынады.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Суреттен не артық екенін табады.
Балалар сандыққа қызығушылық танытады.
Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды.
- Менің ойыншық мысығым бар.

Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Мысығым аппақ.
Ол сүтті өте жақсы көреді.

- Менде құлыншақ бар.
- Құлыншақ кішкентай, әдемі.
Мен құлыншақты жақсы көремін.
- Менде ойыншық ботақан бар. Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар.
Балалар қимыл - қозғалыс жасайды.
Ойынды түсініп ойнауға талпынады.
Тез көрсетуге тырысады.
Балалар жылқыны көрсетеді.
Балалар мысықты көрсетеді.
Ботақанды көрсетеді.
Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды.
- Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес.

Рефлексиялық - түзетушілік
Балаларға сұрақтар беріп қайталатады.
Балалардың түсінгендерін, қимыл - қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтайды.
Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл - қозғалыстар жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықты сипаттауды;
Игереді: ойыншық туралы түсінікті;
Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету