Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)
Мақсаты: а) Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.
ә) «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту.
б) Ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: №24 демонстрациялық материал (ертегі кейіпкерлерінің суреті)
Сөздік жұмыс: бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі.
Билингвальды компонент: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.

Мотивациялық - қозғаушылық
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, үйлеріңде аналарың бауырсақ пісіре ме?
- Бауырсақтың дәмі қандай?
- Оның түсі қандай?
- Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз.
-- Амандасады.
- Пісіреді.
- Дәмді.
- Сары, қызғылт.

Ұйымдастырушылық - ізденістік №24 демонстрациялық материал
- Бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты -«Бауырсақ». Педагог ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді.
- Ертеде кімдер өмір сүріпті?
- Шал кемпірге не дейді?
- Пісірген бауырсағы қандай болыпты?
- Бауырсақ не істейді? (Бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету).
- Бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр?
- Бауырсақ қандай жануармен кездеседі?
- Балалар, қоян қандай болады?
Қоянға бауырсақ не деп ән салды?

Өлеңді тыңдайды.
Ертегінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Шал мен кемпір.
-«Бауырсақ пісір»,- дейді.
- Дәмді, қызғылт сары.

- Орманға дөңгелеп кетеді.
- Қоянмен кездесті.
- Қоян қорқақ, кішкентай.

- Менің атым - Бауырсақ.
Мені суға иледі.
Мені майға пісірді.
Терезенің алдына
Суытуға қойды.
Атайдан мен құтылдым,
Әжейден мен құтылдым.
Енді сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған,- дейді де әрі қарай домалай жөнеледі.
- Бауырсаққа тағы қандай аң кездеседі?
- Балалар, қасқыр қандай болады?
- Қасқырға қандай ән айтып береді?
- Содан кейін қайсы аң кездеседі?
- Балалар, аю қандай болады?
- Аюға қандай ән айтып береді?
- Содан кейін қайсы аң кездеседі?
- Балалар, түлкі қандай болады?
- Түлкіге қандай ән айтып береді?
- Одан кейін не болады?
- Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды.
Педагог балаларға жаңа сөздерді қайталатады.
Билингвальды компонент: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынай көп екен,
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді.(«Қ» дыбысының анық айтылуына мән береді). Жеке жұмысты қажет ететін балалардан ертегі мазмұнын сұрау.

- Қасқыр.
- Түсі сұр, тістері сояудай.
Балалар хормен Бауырсақтың әнін айтады.
- Аю.
- Үлкен, маймақ.
Қорбаңдап жүреді.
Бауырсақтың әнін хормен айтады.
- Түлкі.
- Түлкі қу болады.
Бауырсақтың әнін қайталады.
Балалар қайталайды: бауырсақ - бауырсақ, қасқыр - волк, қоян - заяц, аю - медведь, түлкі - лиса.
Бірге қайталап, сәйкес қимыл жасайды.
Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, бүгін біз қандай ертегі тыңдадық?
- Ертегіде қандай жануарлар бар екен?
- Түлкі қандай болып шықты?
Балаларды мадақтау. Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. Бір - бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға (сахналауға) арналған тапсырманы;
Түсінеді: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін;
Қолданады:«қ» дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді дұрыс айта білу іскерліктерін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×