Сайтқа кіру Тіркелу

Үй жануарлары

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы:«Үй жануарлары».
Мақсаты: «Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үй жануарлардың пайдасы бейнелейтін суреттер, үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.

- Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
1. Білімді өзектендіру.
- Ферма дегеніміз не?
- Фермада қандай жануарлар ұстайды?

2. Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
- Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам күтіп - баптайды.
Жануарлардың еті, сүті,
Жұмыртқасы - азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.
- Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды

3. Билингвальды компонент:
Үй жануары - домашнее животное, сиыр - корова, ешкі
- коза, тауық - курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой,
ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
- Қайталайды.
- Тауық -(курица).
- Сиыр(корова).
- Ешкі(коза).

Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.
- Төлдердің аттарын қайталап айтады.

4. Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтеңдемей құлағың.
- Өлең ненің төлі туралы?
- Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім - әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.

- Сиырдын қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы - тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
-«Әукім - әукім»деп сиырдың төлі – бұзауды шақырамыз.

- Сиырдың сүті, еті - тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май алады. Терісінен тұрмысқа қажетті заттар жасайды.

5. Динамикалық үзіліс.
«Шип - шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
-«Балапандар»биін билейді.

6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
Керектігін түсіндіреді
7. Жеке жұмыс өткізеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Үй жануарларын атаңдар?
- Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?
Олардың қандай пайдасы бар?
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: төрт түлікке байланысты берілген (мысалы: ешкінің төлі - лақ. Бұзауды «әукім - әукім»деп шақырамыз) тапсырмаларды.
Түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызы.
Қолданады: жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу іс - әреттерінде
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×