Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі

КЕСКІНДЕМЕ
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі.
Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері. Түс үндес дақ қысқа мерзімді этюдтегі басты көркемдік құрал.
Тапсырма: Суы бар шыны ыдыстағы гүл тобының қысқамерзімді этюды.
Мақсаты: Натураның бүтiндiк кеңiстiк - колорист қабылдауын дамыту.
Міндеттері: Көлемді гүл шоғының кеңiстiгiн модель жасауда айқын өкше жоспардың келесi тәптiштеуiмен үлкен түс - үндес қатынастардың берiлу әдiстерін меңгеру. Суы бар шыны мен судың айқындығын көрсету үшін керекті техникаларды қолдану.
Құрал жабдықтар: 35×45см планшет, қағаз, акварель.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
4. Кескіндеме (живопись) - бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу) байланысты кескіндеме техникасының түрлері мынадай болады: майлы бояу, субояқ (акварель), темпера, фреска, мозайка. Бұл сөз орыстың «живой писать» «тірі жазу» деген сөзінен шыққан.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады. Натюрморт жанрын француздар «өні табиғат» десе, немістер мен ағылшындар «қозғалмайтын өмір» немесе «тыныштық» деп атайды. Натюрморт XVII ғасырдан бастап жанр ретінде қаранды. Өнердің бұл жанр түрі «кіші голландықтар» деген атпен жарыққа шықты. Жанрдың осылай аталуы орындалған жұмыстың кішкене көлемде орындалуыма, әлде «тыныштықтағы заттар» деген атына байланысты ма, бұл жанр сондай маңызды болмады.
Кіші голландықтар үстелдегі әдемі тағамдарды, заттарды, әдемі ыдыстардың суретін салуды ұнатты. Олар натюрморт жұмыстарын «таңертеңгі ас» жеп жиі атады. Голландықтар сондай сүйіспеншілікпен салған заттарын картиналарында көрсете білді. Мына заттарды ар жағындағы дүниелердің көрінуі, темірдің жылты, жапқыштағы қыртыстар, кесілген жемістерді, аң – құстарды тұп – тура шынайы өмірдегідей етіп көрсетті. Олардың ұқсастығы соншалық заттың өзі екен деп қаласың. Натюрморт жанры негізінде жаңа суретпен айналысып жүргендерге өте қолайлы. Натюрморттан суретті қарап салып үйренуге болады. Заттың пішінін, әрбір бөлшектерін өз суретіңмен салыстырмалы түрде қарап салуға өте қолайлы. Ал пейзаж жанрында табиғат мезгілінің өзгеріп тұруына байланысты сурет салып үйрену қиынырақ салған натюрморттары көрерменге ой тудырса, сол шығарма маңызды деп санайды. Мысалы, бір заттан орындалған кесе суреті, тіпті ол әдемі болса да, натюрморт болып есептелмейді. Егер кесенің қасына торт және гүл қойып суретін салса, онда ол үлкен мазмұнды, тақырыпқа байланысты орындалған натюрморт болып есептеледі.
Акварель бояуымен жұмыс.
Акварельмен жұмысты бастамас бұрын балалармен әңгіме жүргізу керек болады. Онда бояумен жұмыс істеу ережелері мен қажетті құралдар туралы айтылады. Яғни: бояу, су), балаларда су құйып алу үшін шағын ыдыстары, ұшты және жұмыр басты қыл қаламы (кисточка), бояуларды араластырып түсін табуға пайдалану үшін бір парақ ақ қағазы, қыл қаламды қоятын тұғыры (подставка).
Қылқаламмен жұмыс істегенде қатты баспай, оның ұшымен ғана жұмыс істеуді үйрету керек. Егер қылқаламды оның қылы жапырылғанша бастырып бояйтын болса, бояу жан - жаққа шашырап, суреттің әдемі болмайтынын айту керек. Қыл қаламды алдымен сулап алып, оны бояу бетіне жағады. бояу езу үшін кішкене қақпашаларды пайдаланған қолайлы.
Қақпашаға езілген бояуды солдан оңға қарай қағаз бетіне жүргізеді. Осылай жағылған бояуды қыл қаламның көмегімен төмен қарай бірте - бірте жаға беру керек. сонда бояу тегіс жағылады. Бұл жұмысты орындау кезінде сурет дәптері біршама көлбеу ұсталады. Езілген бояу біткенде ғана қайта тағайындау керек. Оқушының қасында құрғақ шүберек болғаны абзал. Егер түсті қоюлату керек болса, жағылған бояу кепкен соң оның үстінен екінші рет жақса, жұмыс таза, көркем болып шығады. Ал бояу бірден қою жағылса, бояу кепкен кезде, лас, әрі ала - құла болып қалады. Бұл жұмыстың сапасын төмендетеді. Акварель бояуымен жұмыс істегенде түсті таба білу – үлкен жетістік. Затқа қарап, оның түсін табу, түстердің арақатынасын (өзгеруін) келтіру – күрделі жұмыс.
Барлық түсті негізінен екіге бөлуге болады: хроматикалық (қызыл, сары, көк т. б.) және ахроматикалық (ақ, қара, сұр). Бірінші түске ашық бояулар, ал екіншісіне түстер меннегізгі үш түсті араластыру арқылы алынатын қосымша түстер жатады. Бұл үш түсті өз ара араластыру арқылы қызғылт, сия және жасыл түстер шығарып алуға да болады. Осы алты түс арқылы Күн сәулесінен спектрі белгіленеді.
Жұмыс істегенде бояуды қағаз бетіне құрғақ кезінде жағудан дымқылдай бояудың тиімді екенін ескертіп үйрету керек. Яғни бояуды пайдаланбас бұрын қағазды таза сумен қыл қалам арқылы таза сумен қыл қалам арқылы түгелдей дымқылдап алады да, бояумен жұмысты сонан соң бастаған жөн. бұл әдіспен жұмыс істеу жеңіл, себебі дымқыл қағазға акварель бояуы тез жұғады. Боямен жұмыс жүргізгенде сабақты тиімді ұйымдастыруды ойлау керек. Оқушылардың әрқайсысында бояудың, қыл қалам басқа да қажетті құралдың түгел болуын талап ету керек. Жұмыс үстінде ақшыл сұр немесе боз, көгілдір сияқты түстер қажет болады. Оны дайындау үшін мынадай жаттыға жұмысын жүргізген жөн. Бірінші шаршы анық боялған, екінші шаршы онан көмескілеу, ал үшінші шаршы өте сұйық етіп боялған. Балалар мұнан қара, көк, сұр түстерге су араластырып, олардың түсін әлсіретіп, әр түрлі бояуды жасауға болатыны ұғады.
Жұмыстың жүргізілу тәртібіне келейік.
Ешқандай үлгі суретсіз, бірден қылқаламның көмегімен, гүлдің пішімін белгілеп аламыз.
Мұнан соң гүлді түгелдей әлсіз (сұйық) жасыл түспен бояп шығамыз. Балаларға бояуды өте сұйық жағуды ескертеміз, егер бояуды қою етіп бояса, заттың түсін тану қиынға түседі. Бояу кеппей тұрғанда оның үстінен қажет түстерді тағы бір жүргізу керек. Соңғы бояу алдыңғымен дымқыл күйінде жақсы араласып, заттың натурасына ұқсай түседі
Суретті бояуы кепкенше қоя тұру керек. Онан соң бояуды қоюлатып, жіңішке ұшты қыл қаламмен негізгі сызықтарды жүргізіледі.
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса, бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға адам пішімін табиғат аясында бейнелеудің қыр - сырын үйретемін.
7. Үй тапсырмасын әр түрлі техникаларда бірнеше кіші форматта акварель бояуымен этюдтар салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция  ...

Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция ...

Бейнелеудің бірнеше техникалармен жұмыс жасауды үйрету, акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау; Дамытушылық: • Сәндік сурет...
Оқу құралдарымен жұмыс істеу (жылы және салқын түстер, натюрморт орындау ер ...

Оқу құралдарымен жұмыс істеу (жылы және салқын түстер, натюрморт орындау ер ...

КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...
Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»

Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»

Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»...
Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)

Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)

Алматы қаласы, №152 ЖББ мектеп Бейнелеу өнері, сызу және пәнінің мұғалімі Мақсұтбаев Ғани Ерсанұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету