Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

КЕСКІНДЕМЕ

Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету
2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, әр түрлі техникаларда жасалған сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда қолында қылқаламы бар отырған адамды бейнелеген болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Этюд дегеніміз не?
2) Натюрморт дегеніміз не және ол қай тілден бізге келген
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
1) Мен балаларға түрлі геометриялық қиындылар көрсетемін түсінің қандай екенін айту керек (суық немесе жылы)
2) Екі мольберт қойылып, оқушылар екі топқа бөлінеді. Мен бір затты айтамын олар сол затты тез әрі сапалы салып шығуы тиіс.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, бірнеше қадам жасайды. Әр қадам басқан сайын бір жанр деп немесе бейнелеу өнерінің түрінен айтады.
4. Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморты. Гуашь живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері акварель бояуымен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді.
Гуашь – бояудың бір түрі. Оны акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алған жөн. Бірақ оның акварельден негізгі айырмашылығы қағаз бетіне мөлдіреп түспей, қалың қою болып жағылады. Өйткені гуашьты ақ ұнтақ қосып әзірлейді.
Гуашь қағаз бетіне бір тегіс жұмсақ боп жағылады. Балалар, әсіресе сәбилер, осынау айқын да жарқын бояуды өте жақсы көреді. Онымен жұмыс жасау өте оңай. Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, оны үстінен басқа бір түсті бояу жағып өзгерте саласың. Жұмыс жасау техникасы бойынша гуашьпен салу техникасы майлы бояуға біршама жақын келеді. Онда да мұнда да барлық түстерге ақ түс қосылып отырады.
Түстер ашық әрі қанық келеді. Бірақ кепкен кезде біршама ағаратынын да естен шығармау керек. Гуашь бояуымен акварель бояуы сияқты да, майлы бояу сияқты қою жаға отырып, дақтар арқылы да сурет салуға әбден болады.

Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі», қозғалмайтын модельден – натюрморттан (француздың natura - morte өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан) бастаған жақсы. Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай - ақ, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде оқушылар заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан натюрмортты, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші натюрморттың бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, заттар ауада асылып тұрмауға тиіс, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған қара көлеңкелерді де ескерген жөн: олар суреттің қайсыбір бөлігін «ауырлатуы» мүмкін. Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Гипстік модельді кескіндемеде салу, қиын жұмыс, себебі оның түсі аққа жақын болғандықтан, оның түсін табуда біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Жалпы гипс заттарды бейнелегенде оның жан - жағындағы заттарға және мата қыртыстарының түстеріне мән берген жөн, себебі ақ түсті гипс зат өзінің бойына барлық түстерді шағылыстырады. Ол кей жерде көкшіл болса, бірде сары, бірде қызғылт түске ие болады.
Натюрморт салу барысында жарық пен көлеңкені, жылт пен шағылысуды, жылы түс пен суық түсті үйлестіре отырып жұмыс жасаған дұрыс. Гуашь техникасымен бояу түсін тапқан кезде, ақ түсті қоса отырып жасайды, бұл ерекшелік тек гуашь бояуымен салынатын суреттерге тән.
Бояуды акварель бояуындай сұйық күйінде емес, қалың жағуға болады, түстік шешімді табу барысында біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі акварель бояуы мен гуашь бояуы екі түрлі болып келеді.
Натюрмортты салу барысында бір затты бояй отырып, жанындағы затқа қатыстыра отырып түсін табуға кеңес беремін. Жұмыс соңында жинақтау және аяқтау кезеңі келеді.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға гипс кіріктірілген натюрмортты гуашь бояуымен жұмыс істеудің қыр - сырын үйретемін.
6. Өнерде қатаң рецептер жоқ. Натюрмортты қою үшін де рецептер жоқ, оларды суретшінің талғамы, сезімі, ішкі түйсігі, композициялық көрегендігі ауыстырады. Тек кейбір, ең жалпы сәттерді ғана атап өтелік. Ең алдымен заттардың жиынтығы кездейсоқ бола алмайды, оларды әлдене біріктіруге, жақындастыруға тиіс, оларда белгілі бір идея, тақырып болуға тиіс. Бұл, мысалы, еңбек заттары, өсімдіктер, жемістер немесе тамақ, белгілі бір тұрмысты сипаттайтын көне немесе тұрмыстық заттар және т. б. сол сияқты алуан түрлі бұйымдар болуы мүмкін.
7. Үй тапсырмасын әр түрлі техникаларда бірнеше кіші форматта гуашь бояуымен этюдтар салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...
Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету