Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)

Кескіндеме
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Тақырыптық портрет – 15 сағат
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету.
2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын, адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере білуге үйрету, оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, адамды сүюге тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, субояу, гуашь, палитра, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда интерьер кескіндемесін салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Интерьер қандай шет тілінен келген?
2) Қандай перспектива түрлерін білесіңдер?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, сөзжұмбақ шешеді.

4. Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.
Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.
Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.
Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.
Жылы түстер мен суық түстердің бір - біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік.
Қазақ халқының түр - түсті танып білуде өзіндік таным - түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.
Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:
қызыл+сары=қызғылт сары,
қызыл+көк=сия көк,
сары+көк=жасыл.
Кескіндемеде портрет салу үшін түсті көре білуі керек. Түс - кескіндеменің жаны. Біз қиярдың жасыл, қызанақтың қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Бірақ субояумен оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «иә» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болады. Егер жұмысымызда қарды тек ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның себебі, ақ қарда мыңдаған – қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Әрбір шыншыл суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл - қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс. Адам – суретшілер зейін қоятын және бейнелетін басты объект. Тұрмыстық, тарихи, батальдық жанрлар картиналарында әрдайым адам көрсетіледі.
Адамда ең басты, ең әсерлі нәрсе – оның сырт келбеті және әсіресе бет - жүзі. Сондықтан суретшінің адамды зерттеуі дәстүр бойынша бастың суретін салудан басталады.
Айтпақшы, көптеген әуесқойлар да ешқандай дайындықсыз өз таныстарының «портреттерін», әсіресе қырынан салады. Кей - кейде тіпті ұқсас сияқты да болып көрінеді, қалай болғанда да талғамсыз авторлардың өзі және олардың заказшылары да дән риза болып қалады. Шын мәнінде бұл суреттер, кейбір ұқсастықтарына қарамастан, жазық және жансыз күйде қалады. Суреттегі бас жанды болу үшін, суретші оны кез - келген еңкейіс - бұрылыстарда бейнелей алуы үшін, ол оның анатомиясын зерттеуге тиіс.
Кез - келген форма немен және қалай пайда болатынын айқын түсіру үшін, ол өзінің суретшілік көлемдік - кеңістік көрегендігін дамытып отыруға және жұмыстың дұрыс бірізділігін меңгеруге тиіс.
Бастың суретін салған кезде бәрінен де одан шамамен екі метрдей қашықтықта орналасқан жақсы. Бұл, бір жағынан, оны бір қарағанда қамтып қалуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бұл қашықтық жалпы форманы қабылдауды тек қиындататын елеусіз ұсақ детальдарды жасырып, жұмсартады. Оның үстіне, бас пластикалық жағынан алғанда әсерлі көрінетін көру нүктесін таңдап алған дұрыс.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сурет салуға кірісе отырып, суретші өз алдындағы параққа арғы ағында бастың суреті тұруға тиісті кеңістік орналасқан бейне бір сыртқы қабат ретінде қарауға тиіс. Мұндай кеңістік түсінік контурларды және ақ - қара дақтарды еннің 4\5 - індей етіп жасаған дұрыс. Модельдің назары бағытталған жақтан көбірек ашық жер қалдырған жөн.
Беттің бейнесін құру кезінде басты осьтер – вертикаль (профильдік сызық) және горизонталь (көздер сызығы) осьтер. Бұл осьтер бет тұп - тура тіке қарап тұрған кезде ғана түзу сызықтар болып табылады. Бастың кез - келген қимылы кезінде – тіпті сәл - пәл ғана бұрылғанда немесе еңкейгенде бұл осьтік сызықтар басты айнала қоршап жатқан доғалар немесе сопақшалар болып шығатыны аңғарылады (схемада – формасы жағынан жұмыртқаға жақын сызықтар).
Бастың суретін салған кезде, ол қаншалықты еңкейсе де немесе бұрылса да, ең алдымен осы осьтердің орналасу жағдайын қадағалау керек – олар әрдайым бізге дұрыс бағдар береді және бөліктердің өзара орналасуын анықтауға, оларды дұрыс байланыстыруға көмектеседі.
Алдымен модельді, мүмкіндігінше барлық ағынан, мұқият зерттеңдер және осы бастың ерекшеліктерін, «өте тамаша» бастан оның өзгешелігін тап басып тауып, сезінуге тырысыңдар. Содан соң қарындашты немесе көмірді жайлап тигізе отырып, бастың жалпы формасын, оның бұрылысын, осьтерін белгілеңдер.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан адам басының, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Портрет салу барысында жарық пен көлеңкені, жылт пен шағылысуды, жылы түс пен суық түсті үйлестіре отырып жұмыс жасаған дұрыс. Гуашь техникасымен бояу түсін тапқан кезде, ақ түсті қоса отырып жасайды, бұл ерекшелік тек гуашь бояуымен салынатын суреттерге тән.
Бояуды акварель бояуындай сұйық күйінде емес, қалың жағуға болады, түстік шешімді табу барысында біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі акварель бояуы мен гуашь бояуы екі түрлі болып келеді.
Натюрмортты салу барысында бір затты бояй отырып, жанындағы затқа қатыстыра отырып түсін табуға кеңес беремін. Жұмыс соңында жинақтау және аяқтау кезеңі келеді.
Жұмыс жасау үшін палитраның реттілік елеулі роль атқарады. Бояулар әрдайым белгілі бір жүйелікке орналастырылуға тиіс. Бояуларды араластырғанда оларды екі - үш түстен артық қоспау қажет, себебі ондай қоспалар тұрақсыз болады және түстері қарайып қабаты бұзылады.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға портрет салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Адам бейнесін бейнелеу қиын да қызықты іс. Соған қарамастан біз бүгінгі сабағымызда адамның бір қырынан бейнелеуді үйрендік. Ал бұл дегеніміз біз адам портретін бейнелеуге деген үлкен қадам жасадық. Бүгінгі сабағымызда алған білімімізді болашақта қолданамыз деп ойлаймын.
7. Үй тапсырмасын әркім өзінің жанұясынан бір адамды салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Портрет – бұл адамды бейнелеу

Портрет – бұл адамды бейнелеу

Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» реңдік шешімдер....
Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...
Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету