Сайтқа кіру Тіркелу

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (сурет сабағы)

АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ

Сабақтың тақырыбы: Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрморттың композициялық бірлігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету.
2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере білуге үйрету, оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда жұмсақ материалмен гипсті басты салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Гипс бас қанша бөлікке бөлінеді?
2) Гипсті қалай штрихтау қажет?
3) Қандай жұмсақ материалдарды білесіңдер?

3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп, түрлі ойындар ойнаймыз.

І. Сөзжұмбақтың сұрақтары:
А) Адамның өзін - өзі бейнелеуі қалай аталады? (Автопортрет)
Б) Адамның кеуде тұсынан жоғары тұлғасын бейнелейтін мүсінді қалай атайды? (Бюст)
В) Бояудың бір түрі? (Гуашь)
Г) Кітаптағы шығарма бойынша салынатын сурет? (Иллюстрация)
Д) Үйдің ішкі жағын бейнелеу, безендіру? (Интерьер)
Е) Француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» (Натюрморт)

ІІ. Мақал - мәтелдердің екінші бөлігін табу ойыны

А) Адамның күні ---------------- адаммен
Б) Отан үшін отқа түссең ------- күймейсің
В) Еңбек етсең ерінбей ---------- тояды қарның тіленбей.
Г) Атаңнан мал қалғанша ------------- тал қалсын
Д) Балапан ұяда не көрсе ---------- Ұшқанда соны іледі
Е) Ауру қалса да, ------------------- Әдет қалмайды.
Ж) Өлімнен ұят ------------- күшті.
З) Ауырып ем іздегенше, ------------ Ауырмайтын жол ізде.
И) Арпа, бидай ас екен, ------------ Алтын, күміс тас екен.
К) Шешеннің сөзі – мерген, ---------- Шебердің көзі – мерген.

4. Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі», қозғалмайтын модельден – натюрморттан (француздың natura - morte өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан) бастаған жақсы. Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай - ақ, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде оқушылар заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.

Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан натюрмортты, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші натюрморттың бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, заттар ауада асылып тұрмауға тиіс, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған қара көлеңкелерді де ескерген жөн: олар суреттің қайсыбір бөлігін «ауырлатуы» мүмкін. Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Кез - келген форма немен және қалай пайда болатынын айқын түсіру үшін, ол өзінің суретшілік көлемдік - кеңістік көрегендігін дамытып отыруға және жұмыстың дұрыс бірізділігін меңгеруге тиіс.
Натюрморт суретін салған кезде бәрінен де одан шамамен екі метрдей қашықтықта орналасқан жақсы. Бұл, бір жағынан, оны бір қарағанда қамтып қалуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бұл қашықтық жалпы форманы қабылдауды тек қиындататын елеусіз ұсақ детальдарды жасырып, жұмсартады. Оның үстіне, бас пластикалық жағынан алғанда әсерлі көрінетін көру нүктесін таңдап алған дұрыс.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сурет салуға кірісе отырып, суретші өз алдындағы параққа арғы ағында бастың суреті тұруға тиісті кеңістік орналасқан бейне бір сыртқы қабат ретінде қарауға тиіс.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан адам басының, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші адам басының бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.

Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Гипс құйма сала отырып, оның материалдық қасиетін де беруге тырысу қажет. Штрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда гипсті аса қарайтып жібермей, детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. Соңғы сатыда гипс құйма кіріктірілген натюрмортты алыстан бір қарап алып бір тонға келтіреміз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға натюрморт салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Өнерде қатаң рецептер жоқ. Натюрмортты қою үшін де рецептер жоқ, оларды суретшінің талғамы, сезімі, ішкі түйсігі, композициялық көрегендігі ауыстырады. Тек кейбір, ең жалпы сәттерді ғана атап өтелік. Ең алдымен заттардың жиынтығы кездейсоқ бола алмайды, оларды әлдене біріктіруге, жақындастыруға тиіс, оларда белгілі бір идея, тақырып болуға тиіс. Бүгінгі сабағымызда алған білімімізді болашақта қолданамыз деп ойлаймын.
7. Үй тапсырмасын әркім өзінің үйінде пайдаланатын қарапайым заттардан натюрморт салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі

Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...
«Дымқыл күй» техникасындағы этюд

«Дымқыл күй» техникасындағы этюд

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...
Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету...
Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×