Сайтқа кіру Тіркелу

Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция сабағы)

КОМПОЗИЦИЯ
Өткізілетін уақыты: _____________________________
Сабақтың тақырыбы: IV курстағы жасалатын жұмыстардың міндет мен қажетті материалдары туралы әңгімелеу. Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Бейнелеудің бірнеше техникалармен жұмыс жасауды үйрету, акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау;
Дамытушылық:
• Сәндік сурет салу кезінде графикалық біліктілікті дамыту;
• Сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылығын арттыру;
• Шығармашылық қабілеттерді: ырғақ, түс, сезімді дамыту;
Тәрбиелік:
• Шеберлер өнеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі:
Тақта, түрлі техникаларда салынған жұмыстар, суреттер, акварель бояуы.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Жанр өнер туындыларын бір - бірінен ажырататын ерекше белгілер.
Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина), табиғатты бейнелеу (пейзаж ).
Елестету арқылы осының барлығын бейнелеуге болады.
Жыл мезгілінің ішінде көктем тақырыбына тоқталсақ, жердің буы бұрқырап, жаппай көк шығып, айнала құлпырады гүлдене бастайды.
Жан – жануарлар көкке тойынады, үй құстары қаз, үйрек күн шуақта маужырап дала, орман құстары құйқылжыта сайрайды. Күн нұры жер - дүниені қыздыра бастайды. өрік, алма, шие, алмұрт жеміс ағаштары гүлдейді. Айнала тегіс хош иіске бөленеді. Орман ағаштары жаппай бүршік атып, аз күннің ішінде жасыл желек жамылады. Осылайша орман, тоғай, бау - бақша жасыл түске енеді. Балалар бізді қоршаған әлем қандай көркем. Көгілдір аспан, көгорай шалғын, хош иісті алма ағаштары, қызылды - жасылды гүлдер өсімдіктер керемет көркем. Осы көріністерді қағаз бетіне түрлі түсті бояулармен бейнелейміз. Көктем гүлдерінен өмірдің көркі, көңілдің қуанышы. Көктемде тау бөктеріне барсақ гүлдердің көптеген түрлерін кездестіруге болады. Алайда бейнеленетін заттарды елестету арқылы олардың ара қатынасын дұрыс қабылдау үшін бір ғана бейнелеудің шындыққа қатынасын түсіну жеткіліксіз.
Онда балаға әсіресе сұлу көріністі қабылдау қиынға соғады. Жақынан және алыстан бейнеленген заттарды ол үлкенді кішілі заттар ретінде ғана қабылдайды. Баланың бұл жердегі қабылдауы бейненің абсолютті шамасына тікелей байланысты болады. Сондықтан суретте жақынан бейнеленген ағаш алыстағы бейнеленген суретпен салыстырғанда үлкен ағаш ретінде қабылданып, бағаланады.
Акварель бояуымен жұмыс.
Акварельмен жұмысты бастамас бұрын балалармен әңгіме жүргізу керек болады. Онда бояумен жұмыс істеу ережелері мен қажетті құралдар туралы айтылады. Яғни: бояу, су (егер класта су жүйесі болмаса, суды әкеліп қоюды ұйымдастыру керек), балаларда су құйып алу үшін шағын ыдыстары, ұшты және жұмыр басты қыл қаламы (кисточка), бояуларды араластырып түсін табуға пайдалану үшін бір парақ ақ қағазы, қыл қаламды қоятын тұғыры (подставка), арнайы формат қағаз.
Қылқаламмен жұмыс істегенде қатты баспай, оның ұшымен ғана жұмыс істеуді үйрету керек. Егер қылқаламды оның қылы жапырылғанша бастырып бояйтын болса, бояу жан - жаққа шашырап, суреттің әдемі болмайтынын айту керек. Қыл қаламды алдымен сулап алып, оны бояу бетіне жағады. бояу езу үшін кішкене қақпашаларды пайдаланған қолайлы.
Қақпашаға езілген бояуды солдан оңға қарай қағаз бетіне жүргізеді. Осылай жағылған бояуды қыл қаламның көмегімен төмен қарай бірте - бірте жаға беру керек. сонда бояу тегіс жағылады. Бұл жұмысты орындау кезінде сурет дәптері біршама көлбеу ұсталады. Езілген бояу біткенде ғана қайта тағайындау керек. Оқушының қасында құрғақ шүберек болғаны абзал. Егер түсті қоюлату керек болса, жағылған бояу кепкен соң оның үстінен екінші рет жақса, жұмыс таза, көркем болып шығады. Ал бояу бірден қою жағылса, бояу кепкен кезде, лас, әрі ала - құла болып қалады. Бұл жұмыстың сапасын төмендетеді. Акварель бояуымен жұмыс істегенде түсті таба білу – үлкен жетістік. Затқа қарап, оның түсін табу, түстердің арақатынасын (өзгеруін) келтіру – күрделі жұмыс.
Композицияны құрастыру әр оқушының өз қиялынан шығуы тиіс!
5. Практикалық кезең.
Жұмыстың жүргізілу тәртібіне келейік.
Мысалы, жан - жануардың кескінін алдымен А3 форматына қарындашпен салып аламыз. Қарындашты қатты батырып сызуға болмайды. Тапсырма орындалған соң тағы бір салыстырып қарап, кеміс жері болса, толықтырып, артық сызықтарды алып тастаймыз.
Мұнан соң жапырақты түгелдей әлсіз (сұйық) жасыл түспен бояп шығамыз. Балаларға бояуды өте сұйық жағуды ескертеміз, егер бояуды қою етіп бояса, заттың түсін тану қиынға түседі. Бояу кеппей тұрғанда оның үстінен қажет түстерді тағы бір жүргізу керек. Соңғы бояу алдыңғымен дымқыл күйінде жақсы араласып, заттың натурасына ұқсай түседі
Суретті бояуы кепкенше қоя тұру керек. Онан соң бояуды қоюлатып, жіңішке ұшты қыл қаламмен негізгі сызықтарды жүргізіледі.
Акварельмен жұмыс жасау кезінде оқушылардың жұмысын қадағалап, сәтті талпыныстарын мадақтау керек. Мұнан оқушылар бояумен жұмыс істеуге ынталана түседі. Егер оқушы натурасына сай бейнелейтін заттың түсін таба білуге жаттықса, бізді қоршаған әсем де сұлу көріністерді шынайы сезініп қабылдауға, оны бейнелеуге үйренеді. Бояу сырын ұғынып, әр заттың өзіне тән түрін, түсі таңдап бояуға жаттығады. Табиғаттың көркемдігін, байлығын терең түсіне білуге үйренеді. Эстетикалық талғамдары артады.
6. Сабақты қорытындылау.
Анималистік жанр нені бейнелейді?
Акварель бояуынан басқа қандай бояу түрлерін білесің?
Қандай жанр түрлерін білесіңдер?
7. Үй тапсырмасын әр түрлі техникаларда бірнеше кіші форматта гуашь бояуымен этюдтар салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі

Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...
Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі

Ешқандай үлгі суретсіз акварель кескіндемесі

Жұмыс жасауды қабылдау және техника. Күрделi көп деңгейлi жарықтық шарттарындағы көркем бейне ретiнде гүл шоғы туралы бүтiндiктің әсері. Түс үндес...
Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету...
Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Кескіндеме жасау техникалары

Кескіндеме жасау техникалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×