Сайтқа кіру Тіркелу

Таль жүйесінің негізгі бөлшектерінің қызметі

Тақырыбы: «Таль жүйесінің негізгі бөлшектерінің қызметі»
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ізденіс әдісі, ой шақыру
Сабақтың мақсаты: Мұнараларға таль жүйесін жабдықтау үшін негізгі бөлшектерінің құрылысы мен қызметін үйрену, техникалық сипаттама беру
Білімділік: Студенттердің өз жетістіктерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Студенттердің өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету
Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Құрал – жабдықтар: Көрнекті құралдар: кеспе қағаздар, суреттер, буклеттер, слайд

Сабақтың техникалық құралдары: Компьютер, мультимедиялық тақта, маркерлі тақта,
«Мұнара» макеті, мұнара суреттері; кронблок, таль блогы, таль ілмегі мен таль арқандарының техникалық сипаттама кестелері;

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қуатова Н «Бұрғылау және мұнай өндірісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және құрып орнату»;
2. Сақтағанова М «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері»
3. Тұяқбаев Н «Барлама бұрғылау»;

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
І. Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысын тексеру
ІІ. Сергіту сәті
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
ІV. Жаңа сабақ
V. Сабақты бекіту
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Студенттерді бағалау
Сергіту сәті:
Мұнай туралы сіз білмейтін 6 факт

Үй тапсырмасын қайталау
І. Карточка арқылы 3 студенттен жазбаша тапсырма сұралады;

1. Мұнара дегеніміз не, қандай түрлері болады, не үшін қолданамыз?
2. Мұнараны қолдану үшін қандай есептеулер жүргізіледі?
3. Мұнара мен діңгекті құрастырудың әдістері қандай?

ІІ. Студенттердің назарын сабаққа аударып, үйге берілген тапсырманы сұрау мақсатында төмендегідей сұрақтар топқа қойылады.
1. Мұнара дегеніміз не, неше түрі бар?
2. Күмбезді мұнараның діңгекті мұнарадан айырмашылығы қандай?
3. Мұнаралардың негізгі параметрлері қандай?
4. Мұнара мен діңгекті құрастырудың әдістері қандай?
5. Мұнараны таңдау формуласы қандай?
6. Мұнара жалғыз өзі көтеріп - түсіру жұмыстарын жүргізе алады ма?
7. Редуктор сарайы құрамына не кіреді?
8. Сорап сарайында не орналасады?
9. Қабылдау көпірі не үшін қажет?
10. Мұнараның құрамына кіретін қалған бөлімшелер қандай?
Студенттердің жауабы тыңдалады.
ІІІ. «Жалғасын тап» сергіту ойыны.
1. Мұнараның қызметі
2. Мұнараның бір - бірінен ерекшеліктері
3. Мұнараның құрылыс құрамына кіретін құрылыстар
Үйге берілген тапсырма бойынша схемалармен жұмыс.
IV. Сөзжұмбақ орындау.
Жаңа білімді меңгерту.
Мұнара – ұңғыны қазатын аспапты көтеріп - түсіру, кигізбе құбырларды түсіру, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу тағы басқа көптеген жұмыстарды ұңғыда жүргізу үшін орнатылатын құрылыс механизмі. Бұрғы қондырғыларының тəл жүйесі, лебедка барабанының айналмалы қозғалысын ілмектің ілгерілемелі қозғалысына айналдыру жəне тəл арқаны ілмектеріне түсетін салмақты жеңілдету қызметін атқарады. Кронблок шкиві мен тəл блок шкиві арқылы белгілі ретпен болат арқан өткізіліп, бір ұшы қозғалмайтын етіп бекітіледі. Мұнарамен көтеріп - түсіру әрекеттерін жүргізген кезде таль жүйесінің қызметі зор. Тальдік жүйе деп – шығыр барабанының айналу қозғалысын арқан арқылы ілмектің жоғары - төмен қозғалысына айналдыруға арналған механизмдер тізбесі. Оған жататындар; кронблок, қозғалатын тальдік блок, арқандар, шығыр барабаны, ілмек пен штроптар.
Крон - блок (1 - сурет) – мұнараның ең жоғарғы бөлігіне орналасқан механизм.
Құрылысы; рамадан, тіректерден, осьтен және соның бойында орналасқан өзара тәуелсіз айналатын бірнеше шкивтерден (роликтерден) тұрады. Қызметі; тальдік жүйе арқылы бұрғылау тізбегінің салмағын көтеру және көтеріп - түсіру операцияларын іске асыру болып табылады. Крон - блоктің құрылысы әртүрлі болып келеді.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру....
Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі

Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда зәр шығару жүйесінің анатомо - физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, зат алмасудың соңғы өнімінің...
Мейірімділік - асыл қасиет

Мейірімділік - асыл қасиет

Мақсаты: 1. Оқушылар арасындағы қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу....
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйсін жөндеу

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйсін жөндеу

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесін жөндеу мен ретке келтірудегі теориялық білімдерін нығайту, практикамен ұштастыру....
Бұрғылау білдектері

Бұрғылау білдектері

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылы, №106 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Р. Тәжібаев...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×