Сайтқа кіру Тіркелу

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан біз баспасөз бетінде көп жылдар бойы басылып келген мәліметтерге сүйендік.

С. Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Болашақ ақынның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) кедей, момын шаруа болған деседі. Сұлтанмахмұт бала кезінде әуелі өз үйінде, кейін ауыл молдаларынан оқып хат таниды. 1912 жылдары зейінді, талапты жас жігіт оқу іздеп Тройцкіде бір қыс оқығаннан кейін ауруға шалдығады. Содан ол сол маңдағы бір ауылға бала оқытады. Күз қалаға қайта барып, «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасып, онда 1914 жылға дейін істейді. «Айқапта» жерген кезінде ақын көптеген өлең, мақалаларымен бірге «Қамар сұлу» атты романын да жазады. Сұлтанмахмұт 1914 жылдың көктемінде «Айқап» редакциясынан шығады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерінде поэмалар мен романдар да өз заманындағы көптеген келелі мәселелерді көтеріп, бір жағынан, қожа-молдаларды, бай-билерді жер-жебіріне жеткізіп шенесе, екінші жағынан, еңбекші бұқараның тілек-арманын, оқу-білім алу керектігін баса айтатын болады. Ақын өз өмірінің ішінде бай мұра қалдырып, сол кездегі көкейкесті мәселелердің бәріне белсенді түрде қатысады, осыған орай жас жазушының жаза басқан, қателескен кездері де болады.

Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×