Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арттыру

Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арттыру.

Қазіргі нарықтық жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Шет тілі мұғалімдерінің алдында тұрған мақсат - әр баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға дара тұлға ретінде пәнге деген қызығушылығын арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы жақсы өнеге, терең білім беру. Оқытумен дамыту бағытында ойын элементтерінің де маңызы зор.
Ойынның атқаратын функциясы:
1) көңіл аулау, көңіл көтеру, қызығушылығын арттыру.
2) коммуникативтік сөйлеу тілін ұстарту.
3) ойын терапиясын өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді. Педагогикалық ойындардың әдістері көп. Мысалы: пәндік, рольдік, драмалық ойындар болып табылады.. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Мысалы «Who is quicker?», «Missing Letters», «Bingo» ойындарында көруге болады.

Мысалы, P¹-- I have a rabbit at home.
P²--- I have a rabbit and a cat at home.
P³-- I have a rabbit and a cat and a dog at home.

Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым – қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір – біріне тыңдап, бір – біріне бағалайды. Мысалы, әр түрлі тақырыпта құрастырылған диалогтар, шағын – шағын қойылымдар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады.. Түрлі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ойындар көп. Оларды да жиі сабақта, сыныптан тыс шаралар өткізген кезде пайдаланамын. “What? When? Where?”, “Hour Star”, “The Magic field” т. б. ойындары оқушының есте сақтау қабілетін, шығармашылықпен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Баланың басқа тілде сөйлеу кезінде пайда болатын қысылу, ұялу секілді сезімдерін ойын жояды. Мысалы, What colour is your room?

Алматы қаласы,
№176 мектеп-гимназиясының
ағылшын пәні мұғалімі
Уахитова Анар Болатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету