Сайтқа кіру Тіркелу

Ағылшын әліппесі

Тақырыбы: «Ағылшын әліппесі»
Мақсаты:
1. ағылшын тілінде амандасу, қоштасу сөздерімен және тағы да басқа қажетті сөздерді үйрену,
2. Ұлыбритания елі туралы қосымша мәліметтермен танысу,
3. танымдық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар

Құрметті ұстаздар және оқушылар. Жас мамандардың семинарына сәйкес өткелі отырған «Ағылшын тілі әліппесі» тақырыбындағы шараға қош келдіңіздер. Бұл шара арқылы ұстаздар да оқушылар да білімдерін толықтыра алады. Оқушылар білгендерін ұстазына үйретіп, білмегенін біліп, білімін толықтыра алады. Ал ұстаздар да ағылшын тілін бұрын оқыған болса, есіне түсіре алады.
«Сіздің көңіл - күйіңіз қандай?»
Қажетті заттар: екі түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер. Әрбір қатысушы бір фигура таңдайды. Сол арқылы олардың бұл шараға қандай көңіл - күйде келгендігі байқалынады.
Интерпретация
Қызыл қуанышты көңіл - күй
Көк - суық көңіл - күй
Енді қызыл түсті таңдағандар бір топқа, көк түсті таңдағандар екінші топ болады. Қызылдар тобы және көктер тобы.

Ең алдымен шарамызды шаттық шеңберімен бастаймыз.
Ортаға ұстаздарымызды және қатысушыларымызды шақырамыз..
Қазақ, орыс, ағылшын, американдықтар кездескенде бір - бірінің қолын алып амандасады.
• Италияда – бір - бірімен құшақтасады.
• Бразилияда – бір - бірін иығынан қағады.
• Македонияда – адамдар шынтақтарымен амандасады.
• Никарагуада – иықтарымен.
• Қытайлықтар бұрын кездескенде өздерінің қолын қысатын.
• Латиноамерикандықтар құшақтасады.
• Көне гректер кездескенде: «Қуан!» дейтін.
• Қазіргі гректер бір - бірін «Аман бол!» деген сөзбен қарсы алады.
• Арабтар: «Әлем сенімен!» деген сөзбен қарсы алады.
• Навахо атты индейцтер: «Бәрі жақсы!» деп бір - бірін қарсы алады.
• Австралиядағы аборигендер үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, бір - бірін жанбасымен итереді.
Ал енді осы ағылшын тілінде сөйлейтін елдер, яғни Ұлыбритания бір - бірімен амандасқанда қандай сөздер айтады екен. Таныс болайық, біліп жүрейік.

- Good morning!
- Good afternoon!
- Hello!
- How are you?
- I am fine, good, normal, bad
- What’s new?
- Nothing
Қане енді екі топ осы сөздерді қолданып бір - бірімен амандасып, сөйлесіп көрсін.

Біз амандасып үйрендік. Енді санап үйренейік.

0 Zero, O/Oh, Nought 1 One 2 Two 3 Three
4 Four 5 Five 6 Six 7 Seven 8 Eight 9 Nine
10 Ten 11 Eleven 12 Twelve 13 Thirteen
14 Fourteen 15 Fifteen 16 Sixteen
17 Seventeen 18 Eighteen 19 Nineteen
20 Twenty 21 Twenty - one 30 Thirty 40 Forty
50 Fifty 60 Sixty 70 Seventy 80 Eighty
90 Ninety 100 One hundred
Қазір осы сандарды есімізде сақтап, жаттау үшін ойын ойнайық. 1 - ден бастап рет - ретімен бірімізден соң біріміз санаймыз. Бірақ санап келе жатқанда 7 санына келгенде оны атамай тақтада берілген іс - әрекетті орындайсыздар. Ендеше бастайық.
7 - қол шапалақтау
17 - аяқ тарсылдату
27 - үстелге мініп айту
37 - топты айналып жүгіру
47 - әуенмен айту
57 - көршісін ұру
67 - күліп тұрып айту
77 - көршісінің аяғын басу
87 - секіру
97 - қол шапалақтау
Біздің ауылымызда не бар? Ендеше шетел азаматымен танысқан кезде ауылымызды таныстырар болсақ, бізге олардың атауын білу керекпіз.
Жаңа сөздер:
Kindergarden [kindəgadn] балабақша
School [sku: l] мектеп
Factory [fəktori] зауыт
Mountain [mauntein] тау
House [haus] үй
Street [stri: t] көше
Railway [reiluei] теміржол
Water [uatə] су
Tree [tri:] ағаш
bus stop [bas stop] аялдама
Келесі кезекте ауылымыздың сызбасын сызайық және осы жаңа сөздерді қолданып оны қорғаймыз.
Келесі кезекте тағы да жаңа сөздер мектеп құралдарының атаулары.
 Pen [pen] қалам
 Pencil [pensl] қарындаш
 Desk [desk] парта
 Ruler [rulə] сызғыш
 Rubber [rabə] өшіргіш
 Book [bu: k ]кітап
 Copybook [kopibu: k] дәптер
 Bag [bəg] сөмке
 Blackboard [bləkbo; d] тақта
 Chalk [tζok] бор
Сіздерге 2 сөмке беріледі. Біреуінде мектеп құралдары бар, екіншісінде жоқ. Бірінші сөмкедегі құралдарды атауын ағылшынша атап, шығарып көресету керек. Екінші сөмкеге құралдарды ағылшынша атап салу керек.
Келесі тапсырма жаңа сөздер бойынша сәйкесін табу. қай топ бірінші және қатесіз орындар екен.
Pen-------бор
Pencil----тақта
Desk-----сөмке
Ruler-----қалам
Rubber----дәптер
Book----қарындаш
Copybook----парта
Bag----сызғыш
Blackboard---кітап
Chalk-----өшіргіш

Ендігі кезекте адамның мінез құлқына қатысты сөздердің ағылшынша баламасымен таныс боламыз.
 Talkative - сөзшең
 Kind - қайырымды
 Silent - үндемейтін
 Lazy - жалқау
 Clever - ақылды
 Hardworking - еңбекқор
 Patient - шыдамды
 Polite - сыпайы
 Active - белсенді
 Shy - ұялшақ
 Rude - әдепсіз

Ендігі кезекте сіздерге бір парақтан беріледі. Сіздер оны көршілерінің арқасына жабыстырып оның мінез құлқын ағылшын тілінде жазу керек. Бір адамға екі жағындағы көршісі де жазады. Содан кейін әр қатысушы өз мінез құлқын, басқаның ойын біле алады және оның ағылшын тілінде де айта алады. Жаман қасиеттерміз болса оны жоюға тырысып, жақсы қасиеттеріміз болса оны сақтауға тырысайық.
Ендігі кезекте ағылшын тілінде сөйлейтін Ұлыбритания елі туралы не білетіндігімізді сынап көрейік. Ұлыбритания елінің тарихы, географиясы басқа пән бойынша білетін болармыз. Білмесек біліп жүретін боламыз.
Сұрақтар:
1 - 2 - 3 - сұрақтарда суреттер көрсетіледі? Ту, Елтаңба, Биг Бен, Лондон көпірі. Атауларын атау керек.
4. Ұлыбританияның басқарушысы?
5. Қандай өзен Ұлыбритания арқылы өтеді?
6. Ұлыбритания елінің астанасы?
7. Ұлыбритания нешеге бөлінеді?
8. Сонеттер жазған ағылшын жазушысы?
9. Ұлыбритания елінің ұлттық тағамы?
10. Halloween мерекесі қашан тойланады?
Не үйрендік?
Қоштасу сөздерімен таныс болайық.
Good bye
Bye, bye
See you soon!
Before the meeting
Ендеше бір - бірімізбен қол алысып, осы сөздерді айтып қоштасайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» үш тілде айтылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×