Сайтқа кіру Тіркелу

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін
- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұл жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет –ақ. Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 - ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.

Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан –жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс - тәсілдері –бүгінгі әдістеріміздің ата –анасы » дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қай сатыда болсын, оқытудың технологияларын таңдап алу және оларды жүйелеу бойынша орта және жоғары сатыда қолданылатын технологияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады. Дәстүрлі түрде білім беретін технологиялар бойынша:
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
- Модульдеп оқыту технологиясы;
Дамыта отырып оқыту технологиясы бойынша:
Сыни ойлауды жетілдіру технологиясы;
Іскерлік ойын технологиясы;
Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы.
Педагогикалық технологияның қажеттілік, үнемділік, жобалау, бүтіндік, меңгерушілік, түзетушілік, көру, алгоритмділік, мақсатты білім беру деген ұғымдарды өз ауқымына сыйдырады.

Оқушыға жалпы бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ағылшын, тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол...
Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге...
Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...
Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×