Сайтқа кіру Тіркелу

Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдана білу

«Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.»
(Абай.)
Ойын - тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімдеудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы. Қазақ халқы «ойын баласы» деп баланың ойлауына мүмкіндік туғызып отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары болады. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ойын – жаттығулары пайдаланамыз. Бұл пәрменді тәсілдердің бірі. Грамматикалық ойын - жаттығулар оқушылар арасында белсенді жарыс түрінде өткізіледі. Ойында мұғалім ойнаушыларды басқарушы (төреші) қызметін атқарады. Жаттығуларды орындау барысында әрбір оқушы немесе группалардың алдында өз білімдерін, іскерлігі мен дарындылығын көрсету міндетті қойылады.

Ойын жаттығулар мағынасыз ермекке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді болу керек. Демек, оған өзгеше түрде берілетін оқу жаттығулары алынады. Оқушылар көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі білімдерін бекітуге, тілдерін жетілдіруге орфографиядан беріп дағдылар қалыптастыруға қажетті тапсырмалар алады.

Грамматикалық ойынға арналған жаттығулардың өз ерекшелігі болады. Әдетте оған оқушылардың белсенділігін арттыратын, жарыстың нәтижесін айқын көрсететін жаттығулар таңдап алынады. Ойын - жаттығулардың ерекшеліктері оларды оқушылар зор белсенділік жағдайда бар ынтасымен орындайтын болуы тиіс. Жұмысты орындау барысында ойынға еліге оқушылар берілген тапсырмаларды бар ынтасымен орындайды.
Демек, ойын жаттығулар шет тілін меңгерту жөніндегі қиын тапсырманы қызықты да тартымды етеді. Ондай жаттығулар сабақта әр түрлі сипатта қолданылуы мүмкін:
Ең алдымен жаңа материалды түсіндіру кезінде пайдалануға болады. Сабақтың соңында оқушылардың сабаққа қабілеттілігі төмендеп зейіні қажырай бастаған кезде олардың назарын, ақыл - ойын жұмысқа жұмылдыруға пәрменді әдіс – тәсіл қажет болған шақта пайдаланған орынды мұның үстіне ойын оқушылардан белгілі дәрежеде өзінше жұмыс істей білуді қажет етеді. Сондықтан ондай ойын өзінен бұрын орындалған жаттығудан кейін дайындалуы тиіс. Оған жеткілікті уақыт бөлу керек.

Ойын - жаттығулар үшін үйреніп жатқан материалды жатқа білу сабақта, сол сияқты үлкен тақырыпты қамтитын, талдай қорытындылайтын қайталау сабақтарында зор мүмкіншілік туады.
Ойынға деген жаттығуларды жарыс рухын көтеріп, оқушыларды тапсырманы түсінбей орындай салмайтындай етіп құру керек. Ол үшін жаттығуларда жеңіл грамматикалық операция мен оның ауыр түрлері кезектесіп отыру керек. Мұнымен бірге оқушылардың үйреніп отырған ереже бойынша жіберетін типтік қателері де ескерілуі керек.
Мұғалім сабаққа дайындалған сабақтың мақсатына сәйкес жаттығуды дұрыс таңдап алып қана қоймай, сол сабаққа лайықты ойын түрін де дұрыс таңдап алуы тиіс. Бір жаттығудың өзі әр түрлі ойын түрінде орындалуы да мүмкін, оны таңдап алу мұғалімге, оның өз алдын қойған мақсатына, оның орфографиялық немесе пунктуациялы қырағылықты дамытса, енді біреулері оқушылардың сөздік қорын байытады.

Мұғалім сабаққа әзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілетін уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс, тәсілдерге елігіп, ойынды өткізуге керекті уақытты шектеуге болмайды. Мұнан ойынға ылғый 10 - 12 мин беріп отыру керек деген сөз тумаса керек. 5 минуттық ойындар өткізуге де болады.
Ойынға мұғаліммен бірге оқушыларда дайындалуы керек. Кейбір ойындарға күні бұрын дайындалмайынша ойдағыдай өтпейді. Әрине оған қалай дайындалу жағын мұғалім күні бұрын үйрету керек.
Білім мен дағдыны дамыту жолындағы жарыс жеке оқушы немесе топтар аралығында өткізіледі. Оқушылар топтары арасындағы жарыстың өте маңызды артықшылығы бар. Мұнда әрбір оқушының жұмысын бақылауға алып, ойынға қатысушылар топтарынан мақұлданып немесе сыналып отырады, оны өткізу тәртібі туралы ашық та айқын түсініп білу керек. Осы сияқты тапсырманы мысалмен түсіндіру міндет. Ойын кезінде тәртіп бұзу оның нәтижесін нашарлатып, тәртіп бұзған топқа ешқандай жеңілдік берілмейтінін ойыншылар білу шарт.

Ойын - жаттығулар ауызша да жазбаша да өткізілуге болады. Методикалық тұрғыдан алғанда, тиісті ойын түрлерінің тиімділігі грамматикалық материалдың мазмұнына, мұғалімнің қарауындағы уақытқа байланысты. Ойынның ауызша түрі уақыт жағынан ұтымды болатыны белгілі. Әдетте, ол оқушылардың жазбаша жұмысының алдында өткізіліп олардың орфографиялық және пунктуациялы дағдыларының қалыптасуына, қателерден сақтандыруға септігін тигізеді. Ауызша жаттығуларды - сабақта жазбаша жаттығулар көп орындалып, оған оқушылардың ықпалы нашарлаған жағдайда өткізген мақұл. Ауызша ойын жұмысқа сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық талдауын жасауда енгізуге болады.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі. Оқушылардың тақтаға жазылған тиісті топта бағандағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру, ол сөздерді есепке алып отыру, қол көтеріп немесе тиісті орфографиялар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу тағы басқалары.

Мұғалімнің қарауында көптеген граматикалық ойындар болуы қажет. Оқушыларды ойнай отырып ойландыру, іздендіру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, болашақта еңбек сүйгіш білімпаз, жан - жақты дамыған, алғыр азаматты тәрбиелеуге барар тиімді жолдың бірі деп есептеймін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...
Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында...
Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту...
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыт ...

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыт ...

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін...
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің физика – математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×