Сайтқа кіру Тіркелу

«Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№249 мектеп - лицейдің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Жанарыстан Нұрлан Жанарыстанұлы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасында өткізілетін «Сергектік» эстафеталық жарысының

Ережесі
І. Жарыстың мақсаты мен міндеті
• Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мұғалімдер мерекесін атап өту
• Білім қызметкерлері арасында спорттың бұқаралығын арттыру.
• Дене шынықтыру және спорт арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру

ІІ. Жарысты өткізуге басшылық
Жарысты өткізуге аудандық білім бөлімі жалпы басшылық жасайды.
Жарысқа төрешілік жасау аудандық білім бөлімі бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

ІІІ. Жарыс өтетін орны мен уақыты
«Сергектік» эстафеталық жарысы екі кезеңде өткізіледі.

І кезең. Аймақтық (іріктеу кезең)
2016 жылдың 15 - 19 қыркүйек күндері сағ. 15. 00 - де өткізіледі.

ІІ кезең. Аудандық (ақтық кезең) 2016 жылдың 23 қыркүйек күні
№249 мектеп - лицейдің спорт залында сағ. 15 - 00 - де өткізіледі.

ІV. Жарыстың шарты мен қатысушылары
Жарысқа білім қызметкерлерінен жасақталған командалар қатыса алады. Команда құрамы: 5 адам (3 ер, 2 әйел). Жарыс бағдарламасы 5 турдан тұрады. Жарысқа қатысушы командалардың бірыңғай спорттық киімі және тапсырысында жіберуші мекеменің басшысының қолы мен мөрі және дәрігердің рұқсаты болуы тиіс. Қажетті құрал – жабдықтарды ала келуі керек. Аймақтық (іріктеу кезең) жарыстың қорытындысымен жеңімпаз атанған мектеп командасы аудандық (ақтық кезең) жарысқа жолдама алады.

V. Жарыстың бағдарламасы.
І тур. Барлық команда мүшелері допты алып кедергілер арасынан жүгіріп өтіп, белгіден айналып кері қарай қайту. Егер допты қолынан түсіріп алса, сол жерден қайта бастау қажет.
Қажетті құрал - жабдықтар: доп - 1 дана, кедергі – 5 дана

ІІ тур. а) 2 ер мұғалім 1 әйел мұғалімді көтеріп алып, кедергілер арасынан өтіп белгіден айналып кері қарай қайту;
ә ) 2 - ші әйел мұғалім секіртпемен секіріп белгіден айналып, кері қарай қайтады;
б) 1 ер мұғалім 2 - ші ер мұғалімнің аяғынан (арба тәрізді) ұстайды,
ол қолмен жүріп белгіге дейін барады. Ал, кері қарай қайтуда орындары ауысады.
Қажетті құрал - жабдықтар: секіртпе – 1дана, кедергі – 5 дана

ІІІ тур. 1 - ші мұғалім белгіге дейін жүгіріп барып, белгіде тұрған шығыршықты беліне киіп алып бастапқы орнына жүгіріп келеді, 2 - ші мұғалімді шығыршыққа кіргізіп екеуі белгіге жүгіріп барып келеді. 1 - ші мұғалім шығыршықтан шығып қалып, 2 - ші мұғалім 3 - ші мұғалімді шығыршыққа кіргізіп белгіге жүгіріп барып келеді. Жарыс соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді. Соңғы қатысушы белгіге шығыршықты (бастапқы орны) апарып қойып, жарысты аяқтайды.

Қажетті құрал - жабдықтар: шығыршық - 1 дана

ІV тур. Кедергілер арасынан жүгіріп өтіп, гимнастикалық төсеніштен алға қарай домалап түсіп, команданың бір мүшесі ұстаған шығыршықтан өту арқылы белгіден айналып кері қарай тура қайту. Соңғы қатысушы шығыршық ұстаған қатысушымен тізбектеліп аяқтайды. Бір - бірінен ажырап жүгіруге болмайды.

Қажетті құрал - жабдықтар: гимнастикалық төсеніш - 1 дана, шығыршық - 1 дана, кедергі - 5 дана
V тур. Арқан тарту. Төрешінің белгісімен командалар қарсыласын белгіленген сызықтан өз жағына қарай тартып шығару.
Қажетті құрал - жабдықтар: арқан - 1 дана
VІ. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастыру бөлімі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының...
Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...
Көңілді спорттық ойындар

Көңілді спорттық ойындар

Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....
Шыныққан шымырлар спорттық ойын

Шыныққан шымырлар спорттық ойын

Тассай аулы, Көкпекті ауданы, ШҚО «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ Смагулов Нығметжан Жагпарович...
Шынықсаң шымыр боларсың

Шынықсаң шымыр боларсың

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×