Сайтқа кіру Тіркелу

Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту

Тақырыбы: «Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту»

Сабақтың мақсаты: Көру арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың әдісі: Ойын жаттығулары, ертегі терапия элементін қолдану.
Сабақтың түрі: Жеке жұмыс, түзету - сабағы
Сабақтың өткізілу барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- баламен амандасу
- назарын сабаққа аудару
II. Жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру:

Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін баланың үлгімен жұмыс істеуін ұйымдастыру қажет.
1. Алдымен бала тұрақты көру тірегімен үлгі ретінде жұмыс істейді, сосын үлгіге қарау уақыты 4 - 6 мин қазақ ертегісі «Қаңбақ шал» көрсетіледі. Осы уақытта бала видеороликтегі ертегідегі кейіпкерлерді, қолданылған заттарды есте сақтап қалуға тырысады. Содан соң оқушы есте сақталған бейнелерді пластилиннен мүсін жасау (лепка) арқылы орындайды.
Орындау барысында балаға көрсетілген ертегі арқылы сұрақтар қоя отырып, оның тек есте сақтау қабілетімен бірге логикалық ойлау қаблетін дамытуға болады.
Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін сюжетті
ойындарды, материалдарды пайдаланып, жаттығулар ойлап табуға болады.
Вербалды - моторлы есте сақтау қабілетін дамыту – үшін көру - моторлы есте
сақтау қабілетін дамытуға арналған (жоғарыда айтылған) жаттығуларды көру
үлгісінің орнына ауызша суреттеме беру арқылы пайдалануға болады.
Мысалы: ауызша берілген суреттеме арқылы сурет салу.
Сергіту сәті
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да. (өзіне көрсетеді)
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да. (досына көрсетеді)
Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)
Көңілді кетті көтеріп(шапалақтайды)

ІІІ. Рефлексия.
- Саған ұнаған кейіпкер кім?
- Несімен ұнады?
- Ұнаған кейіпкеріңнің үстіне мына алдыңда тұрған жүректің біреуін жабыстыр.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түстер әлемі

Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....
Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Қызылорда қаласы «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар...
Түрлі - түсті тақтайшалар

Түрлі - түсті тақтайшалар

Атырау қалалық № 20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның Монтессори маманы. Ермекова Шаттық Нығыметқызы...
Л дыбысы мен әрпі

Л дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту....
Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері

Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов 4-сынып Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнеріндегі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×