Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту

«Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту»
Ұстаз... жай ғана қарапайым сөз... осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарлату мақсатында жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындайды. Жоғары технологиялар заманында адамға жан - жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан қазіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басым мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістемелерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Әсіресе, осы бағытта модульдік технологияның орны ерекше.
Мен «Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту» әдістемелік мәселесі бойынша жұмыс істеймін.
Модульдік технология арқылы қазақ тілін оқыту мынадай ұстанымдарға негізделеді:
1) Жаңа тақырып бойынша анықтамалық материал белгілі бір дидактикалық мақсатқа лайықталып беріледі.
Бұл базалық білім беруге тиімді. Игерген білімді ары қарай жетілдіру үшін жаңа тақырып бойынша анықтамалық материал осы мақсатқа негізделіп құрастырылады. Анықтамалық материалдың мақсатына қарай модульдік технология арқылы оқытудың типі анықталады:
• мәтінді танымдық жағынан оқыту;
• мәтінге талдау тұрғысында меңгерту.
2) Басты мақсат, нақты мақсат, жеке мақсаттардың бір - бірімен сәйкестігі ұстанымы. Мысалы, мәтінді танымдық тұрғыдан модульдік технологиясына тән басты мақсат – жеке сөздерді, сөз тіркестерін теориялық негіздерін игерту. Соның негізінде дағды мен іскерлікті қалыптастыру. Басты мақсаттан нақты мақсат туындайды. Нақты мақсат сөйлем мүшелерін модульдік технологиясы арқылы меңгертуге негіз болады. Жеке мақсаттарға жету арқылы нақты мақсат орындалады.
Модульдік оқыту технологиясының нұсқасын құруда М. Жанпейісова әдістемесінің негізгі шарттары мен қағидаларын ұстанамын. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бір қатар өзгерістер енгізілді: балаларды оқытуға емес, тұлғалық - бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқыту процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталған.

М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс - әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, осы технологияларды негізге алып жұмыс істеген мұғалім көп жетістіктерге жете алады.
Сонымен қатар өз сабақтарымда диалог, монолог түрлерін көп қолданып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін арттырамын. Бұл жиі қолданатын әдістерімнің бірі. Әр оқушының тұлғасына жеке құрылған сөйлеу үлгілері арқылы қызықты тақырыптарға саяхат жасаймыз. Енді осы әдіс - тәсілдерге тоқталып, талдап өтуді жөн көрдім.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі – оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады. Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасай алатын деңгейге жеткізу.
Тілді үйрену әуелі тілдік білім беру мен білімді тәжірибеде дұрыс қолдана білу сатысынан тұрады. Сондықтан жаттығулар екіге бөлінеді.
- тілдік жаттығулар
- сөйлеу жаттығулары
тілдік жаттығулар меңгерген тілдік материалды керек кезінде айтылатын ойға байланысты оқушының орынды қолдана алуын көздейді. Сөйлеу жаттығуларына диалог құру да жатады.
Сол себепті ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын дамыту жолында грамматикалық ережелерді меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің маңызы өте зор.
Грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, меңгеріп, орынды қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында сурет бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру, әңгімелеу жұмыстарын жүргіземін.
Мәтінмен жұмыс істей отырып, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айтуға (мәтіннің мазмұнын түсініп), сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап бере алуға үйретемін. Мәтінде кездесетін таныс сөздермен сөйлем құрастыруға, әңгімелей білуге дағдыландырамын.
Қарым - қатынас процесі оқытудың мақсатына, жағдайына, мүмкіндігіне қарай үнемі өзгерісте болады. Сондықтан, сөйлеуші сол өзгерістерге байланысты қарым - қатынастағы өзгерістерді де ескеріп отыруы керек. Оқушыларды қарым - қатынастың әр түріне дайындау үшін материалдарды да жиі түрлендіріп отыруды қажет етеді. Осы ұстанымға байланысты тілдік дағдылар да өзгертіліп отырылуы керек. Бұл оқушылардың айтқысы келген ойын басқаша жеткізуге, сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тез сөйлеуге көмектеседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалім Баешова Жұлдыз...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Модульдік технологияның тәрбие жүйесіндегі мәні мен маңызы

Модульдік технологияның тәрбие жүйесіндегі мәні мен маңызы

Әлемдік өркениеттің озық тәрбие үлгілерін ұлттық тәрбие беру процесінде пайдаланып, ата - ананың рөлін күшейту, оқу - тәрбие үрдісіне жаңа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×