Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттері

1. Тәрбиеге кешенді көзқарасты жүзеге асыруды мектеп пен отбасының өзара толық түсінушілігі мен келісілген іс – қимылын қамтамасыз ету.
2. Отбасы мен мектепке ата – аналардың тәрбиелеу белсенділігін барынша дамыту.
3. Әрбір отбасында балаларды жан - жақты дамытып тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
4. Балаларды еңбекке тәрбиелеп, денесін шынықтыруда ата – аналардың белсенділігін күшейтуде үнемі жәрдемдесу.
5. Сынып ұжымы дәстүрлерінің одан әрі дамытып, белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу.

1. Бала тәрбиесінің негізі ата – анада жатқанын еске ұстау.
2. Мектеппен және білім беретін мекемелермен үнемі байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау.
3. Балалардың өмірі үшін, оқу үшін олардың рухани қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.
4. Баланы оқулықтармен басқа оқу құралдармен қамтамасыз етілуін қадағалау.
5. Мектепке сынып жетекшілермен мұғалімдерімен байланыс жасап оқушының оқулықтарымен қамтамасыз етілуін қадағалау.
6. Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақытында баланы үйден шығарып салу.
7. Жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты киім-кешегін қадағалау.
8. Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын тексеру.
9. Көше ережелерін сақтауды естеріне салып отыру.
10. Мектепке мәдени шараларды өткізуге, жөндеу жұмыстарына көмектесуге міндетті.

Сынып жетекшісіне ата – аналар жиналысын өткізуге ескертпе
1. Ата – аналар жиналысы туралы ата – аналарға алдын – ала хабарлау (оқушының күнделігіне жазып жіберу) ата – аналардың күнделікке қол қоюын тексеру. Ата – аналар жиналысқа қатыса алмайтындай жағдай болса, оқушылардан олардан қолхат әкелуін талап ету. Әрбір жиналысқа қатысуы мен оның мектепке, мұғалімге деген сыйластық қарым қатынастың белгісі.
2. Жаңа сынып жетекші сынып жиналысын оқушылардың ата – аналармен танысудан бастайды.
3. Ата – аналарды мектептің, сыныптың ұжымының осы оқу жылындағы мақсатымен, міндеттерімен таныстырады.
4. Ата – аналардың ұсыныстары, қосымша сұрақтар, міндеттер қою
5. Ата – аналарды бір оқу жылындағы негізгі жұмыстарымен және осы тоқсандағы жұмыс жоспарымен таныстыру.
6. Ата – аналарға мектептің жұмыс тәртібімен, тәрбие сағатының күнін хабарлау.
7. Ата – аналарды факультатив, акция үйірме жұмыстарымен таныстыру.
8. Ұйымдастыру мәселелерін шешу. Ертеңгілік ас, екінші аяқ киім ауыстыру, күнделіктерін толтыру, сынып қорын ұйымдастыру, құрамы 3 адамнан тұратын ата – аналар комитетін құру. Ашық есік күні, ата – аналар жиналысы туралы мәліметтер беру.
9. Жиналысқа келе алмаған ата – аналармен жеке кездесу ұйымдастыру

Ата – аналармен жұмыс түрлері
• Сабаққа келіп қатысу;
• Мұғалімдерден тікелей тапсырмалар алу;
• Жеке жұмыс дәптерін үнемі қадағалау;
• Оқушының себепсіз сабақ босатпауын қадағалау;
• Баланың үй тапсырмасын орындауын және сабаққа дайындығын қадағалау;
• Күнделік тексеріп, сол арқылы мұғаліммен байланыс жасап отыруы.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы

Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы

ШҚО, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульмира Тельмановна...
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...
Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)

Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы, № 1 Ю. Сареми атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Рано Эгамбердиева...
Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып...
Отбасы тәрбиесі

Отбасы тәрбиесі

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету