Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«Ізденіс табысқа жетелейді» дөңгелек үстел

Тақырыбы: «Ізденіс табысқа жетелейді» дөңгелек үстел (тақырыбын слайдпен көрсету, жазып қою)
1. Оқушылардың ізденіс жұмыстары (ғылыми жобалар қорғау)
2. Мұғалім шығармашылығы (8 - орыс сыныбына арналған жұмыс дәптері жайлы) Кусайнова М. С. Облыстық байқаудың жемпазының құрастырған жұмыс дәптері
3. «Сыр - сұхбат». «Абайтану» курсы бойынша өткен республикалық семинарға қатысқан Нұраталды орта мектебінің ұстазымен кездесу. Карбанова Гауһар Карбановна
Мақсаты: оқушылардың өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйренгендігін көрсету, функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдарын анықтау
Міндеттері:
- оқушылардың мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жетуге талпынатындықтары туралы түсінік беру;
- оқушылардың ерік - күшін дамытуға ықпал ету, өмірмен байланысты жұмыс жүргізуге дағдыландыру
- еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктері: слайдтар, Абайдың қарасөздері, ғылыми жобалар, сыр - сұхбат сұрақтары т. б.
Әдіс - тәсілі: ой - пікір, баяндау, жауап беру, пікірлесу, баяндау
Барысы:
1 - бөлім:
1. Шаттық шеңбері:
Оқушыларды шаттық шеңберіне ұйымдастыра отырып, мына сөйлемді айту.
- Мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін.
- Менің қолымнан барлығы келеді.
- Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- Мен талпынамын, ізденемін
2. Ойланайық, пікірлесейік
Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?
Адамның өз ынтасымен талап - мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтіреді,
Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
3. Назар аударайық
Абайдың «отыз бірінші сөзін» мұқият тыңдап, балаларға жадында сақтап алу тапсырылады.
Абайдың ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗІ (Нұрай жатқа оқиды)(слайдқа жазу)
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер
4. Қарасөзді оқып, түйінді ойларды іріктеп алыңдар. Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер. (Сабина жатқа оқиды) 19 - қарасөз
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

Түйінді ойлар. Маңыздылығы.
Адам өмірге есті болып келмейді. Ол үшін естіп, көріп, оларды ойға тоқу керек. Еңбектенуде,
Табандылықта
Білгені, көргені көп және оларды ойына тоқыған адамды білімді, ақылды десе болады. Талаптануда;
Қызығуда.
Берілген білімді, айтылған ақылды зейінімен, көңіл қойып тыңдап, ұғып алуға болады. Талаптануда;
Қызығуда.
Семинардың тақырыбы: « Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын жүзеге асыру жолдары» болғандықтан, қысқаша айта кетейік.
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
- белсенділік
- шығармашылық тұрғыда ойлау
- шешім қабылдай алу
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу
- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Қазіргі оқушылардың жұмыстары да сол функционалдық сауаттылықтың бір механизмі іспеттес.
5. Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, олардың ізденіс жұмыстарына тоқталайық. Өз жобаларын қорғайды (слайдпен көрсетіп отыру)
- Картаева Маржан 6»а» сыныбының оқушысы, «Жер – судың аты – тарихтың хаты»
- Дүбірбек Аружан 9 «б» сыныбының оқушысы, « Туған жер, мен де сенің перзентіңмін»
- Абдықалық Аяжан 8 «а» сыныбының оқушысы, «Ертегілер – имандылық пен рухани тәрбие көзі»
- Абдуалиева Сабина 6»ә» сыныбының оқушысы, «Мағжан өлеңдеріндегі жанды табиғат»
- Тлеухор Аруна 7 «б» сыныбының оқушысы «Салт - дәстүрлер және қасиетті сандар»

2 - бөлім:
Мұғалім шығармашылығы( 8 - орыс сыныбына арналған жұмыс дәптері)
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқудың алатын орны ерекше. Тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.
Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептеріндегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі«Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
Функционалдық сауаттылық – адам¬ның сыртқы ортамен қарым - қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін - бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т. б. алуан түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс - тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде жұмыс дәптерін пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін мұғалімнің алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса, ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
( «Қазақ тілі» пәнінен 8 - орыс сыныбына арналған жұмыс дәптерімен таныстыру, тақырыптарына тоқталу, талдау)
слайдпен жұмыс дәптерін көрсету
Бұл «Жұмыс дәптері» мемлекеттік тілде оқытпайтын орта мектептердегі 8 сыныпқа «Қазақ тілінен» жасалды. Дәптерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игерген білімдерін бекітуге арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген. Жұмыс дәптерінің басты мақсаты - оқушыларды өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап бекітуге, талдау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасауға үйрету. Осы ұсынылып отырған оқу - әдістемелік құрал - қазіргі талап - тілектерге жауап беруге тұрарлық еңбек Оның басты себебі, біріншіден, тіл үйренушілерге қажетті әдістер таңдалып алынды.
Екіншіден, оқушыларға тіл үйретуде ұсынылған тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай берілген. Қазақ тілінің грамматикасын меңгертуде өзге тілді балалардың ұғынуына қажетті тұстары іріктеліп алынған. Үшіншіден, балалардың қазақ тілінде еркін, ауызекі тілде сөйлесуіне басты назар аударылған. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыланады. Суреттермен жұмыс, жекелеген тапсырмалар бойынша сөйлем құрастыру, сұрақтарға жауап іздеу, түрлі кестелермен жұмыс сияқты жұмыс түрлері ұсынылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға ұмтылыс жасалған. Көп жағдайда тіл үйренушілерге сөйлеу дағдысын қалыптастырудан гөрі қазақ тілінің грамматикасын жаттатып, оларды жалықтыратын кездеріміз көп. Сондықтан бірінші тіл үйренушілердің ауызекі тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Менің мақсатым - осы мәселеге басты назар аудару. Сондықтан «Жұмыс дәптері» күнделікті оқу барысында қажетті құрал болатындығына сенімім мол.
»Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында оқушыларда көптеген біліктер
қалыптасады: 1. Әр түрлі суреттерді, кестелерді толтыру арқылы оқулықтан алған білімдерін молайтады.
2. Сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.
3. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, қазақ тілі пәніне қызығушылығы артады.
Сөз соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады:
1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым - қатынас жасау;
4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7. Оқушылардың әлеуметтік - мәдени дағдыларын дамытуы;
8. Қазақ халқының салт – дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу;
3 - бөлім:
«Сыр - сұхбат» бөлімі, қонағымыз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Шығыстағы «Абайтану» семинарына қатысушы Карбанова Гауһар Карбановна.
2014жылы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы және Қарағанды облысы арасындағы аймақтық ынтымақтастық жобасы шеңберінде «Абайтану» курсын оқытудың тиімді жолдары» атты семинар болып өтті. Біздің облыстан 13 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып қайтты.
(бағдарламаның мақсаты, қонағымыздың өмірбаяны, жетістіктері слайдпен көрсетіледі) Сұрақтарға жауап бере отырып, Абай елі конференция жайлы т. б. алған әсерімен бөліседі, пікірлеседі.
Сұрақтар: 1. Абай елінің топырағына табан тірегенде қандай сезімде болдыңыз?
2. Семинардың қандай бөлімдері болды?
3. Қандай мәселелер қаралды?
4.«Абайтану» курсын оқыту жайында қандай құнды пікірлер айтылды?
5. Семинар қонақтары кімдер?
6. Семинардан алған әсеріңіз қандай?

Рефлексия:
Рефлексияны біз 6 қалпақ әдісі бойынша жасаймыз. Әр топқа ақ, көк, қызыл, сары, қара, жасыл түсті қалпақтар таратып беріледі. Әр топ семинардың қорытындысын шығарады.
«ақ қалпақ» - семинардың нақты деректерін келтіреді және сол ақпаратты көңіл - күйіне және бағалауға қолданбайды.
«сары қалпақ» - семинардың тек жақсы жақтарын айтады.
«қара қалпақ»- семинардың кемшіліктерін айтады.
«қызыл қалпақ» - семинар барысында пайда болған көңіл - күйін, яғни эмоционалды айтады.
«жасыл қалпақ» - бүгінгі семинардан алған тәжірибені қайда және қалай қолдануға болатынын туралы айтады.
«көк қалпақ»- қорытынды жасайды және пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды.
Осы жұмысқа топқа он минут беріледі. Тапсырма түсінікті ғой, онда алға.
Қорытынды сөз:
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» Н. Ә. Назарбаев
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер. Ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.
Семинар қорытындысы: «Белсенді ізденіс әрқашан іскерлік пен табысқа жетелейді». Шығармашыл ұстаз бар жерде алға ұмтылып, қызығуы арта түскен жас түлек бар.
Құрметті әріптестер, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Кемшіліксіз әрине болмайды, сіздер айтқан кемшіліктерді, өшіруге тырысамыз. Әрқашан да биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз!
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістеме жөніндегі орынбасары...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ  ...

«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды  пайдалану тиімділігі

Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі

Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Досмағанбетова Жумакул Абсаматовна...
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету