Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту

5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту.

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл - ой тәрбиесінің бұл acпектісі баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6 - 7 жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6 - 7 жастагы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А. П. Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген теориясын басшылыққа алуды ұсынады.

6 - 7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші - педагог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс - әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыру5а ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогы өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6 - 7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік ішкі позициясы қалыптасып және екі қажеттілігі; екіншісі белгілі бip әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог - тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші - педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез-құлқын, сана - сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оқу - тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қазiргi таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.

Сонымен бipгe, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы icкe асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында танымдық ойындар қолданудың маңызы зор.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын - тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл - ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

БҚО, Тасқала ауданы,
«Ақбөпе» балалар бақшасының тәрбиеші
Айшуакова Райса Адиловна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Қызылорда қаласы «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене...
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...
Тәрбиешілерге кеңес

Тәрбиешілерге кеңес

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы Мектеп жасына дейінгі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету