Сайтқа кіру Тіркелу

Педагогикалық мониторинг және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелерін бағалау инновациялық мектепті дамыту факторы ретінде

Тақырыбы «Педагогикалық мониторинг және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелерін бағалау инновациялық мектепті дамыту факторы ретінде»
Мақсаты білім қызметінің нәтижелерін талдау және болжау үшін қажетті тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың тиімді педагогикалық мониторинг механизмін анықтау болды.
Педагогикалық іс - әрекет сапасын талдау әдістері
Сабақ жоспары:
1. Педагогикалық мониторинг ұғымы, оның зерттеу қызметіндегі мәні мен орны.
2. Ғылыми ақпаратты жіктеудің қысқаша сипаттамасы.

1. Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.
Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек. 7
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг. 7
Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, белгілі параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық іс - әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі. 7
Мониторингінің ерекшеліктері: 7
1. Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.
2. Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.
3. Өз зейінін тәрбиелейді. 7
4. Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды. 7
5. Ойланып оқуға дағдыланады. 7
Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе..
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау.
Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері..
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1 - кезең. Дайындық кезең..
Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2 - кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:.
- нормативті құжаттар таңдау;.
- сабаққа қатысу;.
- білім, білік дағдыларын бақылау;.
- сауалнама жүргізу;.
- тест алу;.
- өзін - өзі бағалау..
3 - кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:.
- ақпараттарды талдау, жинау;.
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу..
Мониторинг жүргізу не береді?.
- Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін нақтылайды..
- Мұғалімнің педагогикалық мүмкіндігін анықтайды..
- Мұғалімге нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді..
- Мектепішілік басқару процесін жүзеге асырады..
Сонымен бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш - қуаты, көңіл - күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

Білім беруді ақпараттандыруды дамыту мақсатында білім беру үрдісінде және техникалық кадрларды жетілдіру, қызмет көрсету кезінде, АҚТ - ны пайдалануында педагогикалық кадрларды дайындағанда міндетті түрде көп назар аудару қажет.
Оқу үрдісінде электрондық оқыту әдістемелерін меңгеру үшін, білім берудің барлық деңгейлеріне лайықты педагогикалық кадрларды дайындау мен қайта даярлауда «ҰАО» АҚ көп назар аударуда.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін қалыптастыруының басты шарты – компьтерлік сауаттылығын жетілдіру. Оларға компьютердің нақты бағдарламаларын білу, Интернет - технологияларды меңгеру, компьютердің көмегімен дидактикалық материалдардың дағдыларын жетілдіру, атап айтқанда: көрнекті құралдар, кестелер, ойлау - құрылым схемалары, жеке жұмыстарға арналған карточкалар, топтарда жұмыс істеуге арналған карточкалар, тестілік жұмыстар, хабарламаларға арналған ақпараттық материалдар, рефераттар, баяндамалар, дебаттар мен т. б. арналған анықтама материалдары.
Электрондық ақпараттық қорлардың біліктілігі – мұғалімдермен бірге сабақ типологиясына сәйкес ЭОБ - ды қолданудың, ЭОБ - дың барлық түрлерін білім алу үрдісінде қолдануға арналған педагогикалық мүмкіншіліктерді жүзеге асыру қажет.
Мотивациалық орта ұстаз бағыттылығы - мен сипатталады, ақпараттық оқу үрдісінде ЭАО - ның негізімен қызығушылығын ояту, ЭОБ - ды қолданумен бірге дәстүрлі және автоматтандырылған оқу түрлерінің үйлесуіне ұмтылу, оқу барысында ЭАО - ны қолданудың меншікті қызмет рефлекциясының қажеттілігін арттыру.
Мұғалімдер электрондық оқу басылымдарының жоғары деңгейлі компоненттігін пайдалануда, электрондық оқу басылымдарының қызықты пайдаланымдарын сынап көруге, оларды дәстүрлі горманальды үйлестіруге деген ниеті, оқу үрдісінде ЭОБ заңдылықтарына қарай пайдалануға деген қажеттілігі, ЭОБ пайдаланудағы оқушылардың танылуына жан - жақты ұмтылу, ЭОБ әр түрін білу, ЭОБ - ға дидактикалық тапсырмаларды орналастыруда педагогикалық мүмкіндіктерді туғызады.
Соңында, оқу үрдісінде ЭОБ пайдалануда мұғалімдердің кәсіби компетенттілігін жоғары деңгейінің көрсеткіші туралы атуға болады, олар өз электронды оқу басылымдарын шығаруға талпынады
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....
Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет

Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты

Оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты

Қарағанды қаласы, № 6 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хусмолдинова Нсипкайша Ермековна...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×