Сайтқа кіру Тіркелу

Білім мен тәрбие берудегі мониторингтік қызмет

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми - инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген болатын.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті елдерге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – елдің берік тірегі. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз. Әрбір жеке тұлғаның бойында ізгілік, кішіпейілділік, батырлық, отансүйгіштік қасиеттер болуы керек. Жаңа ғасырдың тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңі шығармашыл кемеңгерлерді тәрбиелеу бесіктен басталып, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Ұлағатты ойшыл ұстаз Әбу Насыр әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегеніндей, білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ендеше құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие беру – мұғалімнің, соның ішінде біздің, яғни сынып жетекшілердің еншісінде тұрған абыройлы да ардақты іс екенін мәңгілік жадымызда ұстауымыз керек. Осы абыройлы да ардақты істі атқаруды орындау барысында мониторингтік қызметтің маңызы зор.

Мониторинг дегеніміз – «Мұғалім - оқушы» жүйесінде оқушыларды дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті. Ол ағылшынның «monitoring» деген сөзі мен латынның «monitor» деген сөзінен шыққан бақылау, бағалау деген ұғымды білдіреді..
Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылау түрлерінен оқушының оқу деңгейі мен оқыту жағдайына үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін өзінің ұйымдастыру түрі, жинақтау, сақтау, мәліметті өңдеу және тарату қызметтері бойынша ерекшеленеді.
Педагогикалық мониторингтің негізгі бағыттары: білім сапасының мониторингі, педкадрларының кәсіби деңгейінің мониторингі, медициналық диагностика, психодиагностика, мектеп бөлімдері қызметінің мониторингі болып бөлінеді..

Білім сапасының мониторингі. Мақсаты: оқушы мен мұғалімнің қызметін бағалау, білім сапасын көтеру; М
тоқсандық бақылау жұмыстарының мониторингі; әкімшіліктің бақылау жұмыстарының мониторингі;.
«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» мемлекеттік мекемесі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру қызметінің сапасын талдауды және мониторингтік зерттеуді жүргізеді.

Мониторинг бөлімінің қызметі
1. Курс және курсаралық іс - шаралар сапасының мониторинг жүйесін дайындайды және құрады.
2. Педагог кадрлар біліктілігін арттыруда мониторингтік зерттеудің көрсеткіштерін, әдістерін және технологиясын анықтайды.
3. Біліктілікті арттыру курстарын ресурстық және ақпараттық қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді.
4. Мониторингке қатысушылардың барлығының қызметтерін үйлестіреді.
5. Мониторингтік зерттеу нәтижесі бойынша ақпараттық - талдау материалдарының дайындалуын жүзеге асырады.
6. Педагог мамандардың біліктілігін арттыру жағдайы бойынша мәліметтер қорын құрады.
ММ «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының» мониторинг бөлімі құрылғаннан бергі білім сапасы және курстан кейінгі педагогтардың қызметі бойынша мониторингтік зерттеу нәтижесін аталған ұйымның облыстық деңгейде 2010, 2011 жылдары 2 орын дипломымен, 2012, 2013 жылдары І орын дипломымен марапатталғандығынан көруге болады.

- Мониторингтік зерттеу барысында қысқа мерзімді курс сапасы мен курстан кейінгі педагогтың қызметі бойынша ақпараттық база құрылды.
- Жаңа білім беру технологиялары мен әдістерін жетілдірудің республикалық, облыстық семинарларының, конкурстарының, сайыстары мен олимпиадаларының, педагогикалық оқулардың рейтингілік деңгейі анықталды.
- Ғылыми – педагогикалық тәжірибені меңгеру, қорыту және тарату деңгейі анықталды.
- Рейтингілік деңгейі бағаланатын білім беру ұйымдары анықталды.
- Әдістемелік жұмыстардың рейтингілік деңгейі жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша анықталды. Бұл – жүргізілген жұмыстың нәтижесі, берілген баға.
Қазіргі жаңалықтардың көбі – біздің қазақстандық білім беру жүйесі үшін тың дүниелер. Білім берудің мақсатты бағдарларының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басшы және әдістемелік қызмет мамандарына деген талаптар да өзгеруде. Осыған орай өз тәжірибемде білім беру ұйымдарында көрсеткіштерге сүйене отырып білім беру жүйесіндегі біліктілік арттыру шаралары, іздену, озық тәжірибе, оны тарату, теориялық және кәсіптік ғылыми білім жетілдіру мониторингін жасақтап, жүзеге асыру жұмыстарын және «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп дана Абай айтқандай, ұстаз деген абыройлы атаққа ие болып, ерінбей еңбектенуінің арқасында ұжым мақтанышына айналған мұғалім еңбегінің нәтижелерін, ұстаз еңбектері арқылы мектептің оқу - тәрбие ісімен қатар оқушылар жетістіктерін де қамтыдым.

Әдістемелік жұмысымды - әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін жан - жақты арттыруға, жалпы алғанда, педагогикалық ұжымның ілімдік потенциалын арттыру мен дамытуға, нақты айтқанда, оқу - тәрбие үдерісін жетілдіруге, нақты оқушылардың білімін, тәрбиесін және дамуын тиімді дәрежеге жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс - шаралардың (педагогтардың өз бетімен білім алуын, өзін - өзі тәрбиелеуін, жетілдіруін басқару шараларын қоса) ғылым мен озық педагогика жетістіктеріне, оқу - тәрбие үдерісінің нақты талдауына негізделген біртұтас жүйе ретінде қарастырамын. Тәжірибелі әдіскер, әдістемелік қызмет жайындағы бірнеше мақалалардың авторы А. Қойшыбаева «Әдістемелік жұмыстарды инновациялаудың кәсіби біліктілікті арттырудағы орны» тақырыбындағы мақаласында: «Ғылыми - теориялық модель - іс - әрекеттің бағдаршамы»,- дей келе, бұл мониторинг педагог қызметкерлердің болашақ жұмыстарын жоғары сапаға көтеруге ықпал етумен қатар, қала мектептерінің жұмыстарына берілген баға болмақ.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Педагогикалық мониторинг және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері ...

Педагогикалық мониторинг және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері ...

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері

Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×