Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстаз – мектептің жүрегі

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі
мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады»
Н. Назарбаев
Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалімі кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орын аңғару қиын емес.
Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С. Мұқановтың:
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімділік бір билікке шығар саты.
Ең алғаш басталады сол адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жат
Деген өлең жолдары дәлел бола алады.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттігін нығайту өлшеусіз үлес қосып жүрген, республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардыңтабыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін, патриоттық пен имандылығын арнаған мұғалімдер қауымның бүгінгі педагогикалық оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс - шара, көптен күткен бас қосу
Білім қызметкерлерінің 1 - құрылтайында елбасымыз Н. Назаобаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбелесе, Қазақстан сол деңгейде болады»- деген еді. Ия, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүті бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр.
Әр адамның өзінің алғашқы ұстазының бейнесі әрқашан көз алдында, жүрегінде сақталады. Оларға ілтипаттпен бас ие отырып, бүгінгі, өркениетке бет бұрған елімздің мұғалімінің бейнесі жайлы сыр қозғағым келеді. Сөз басын мұғалімнің жеке бас мәдениеті, адам тұлғасы, парасаттылығы мен азаматтық биіктігінен бастауды жөн деп есептеймін. Өйткені мұғалімнің адамгершілік бет - бейнесі оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі. «Жақсы мұғалім алдымен жақсы адам»- деп айтатындығымызда осыда ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді, әділетті мұғалім әрқашан басқадан айрықша тұрады. Ал әсемдікті, әдемілікті бағалай білетін ұстаз алдынан өткен ұрпақтың қиянатқа, жаман іске бармасы аян.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін екінші күш - оның кәсіби құзырлығында. Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.
Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» - деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүнежүзілік білім, ақпарат, эканомика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп еңбек етуге дайындайды. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу мұғалімнің өзінің жан - жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымыныңболуымен, ой - өрісінің кеңдігімен тікелей байланысты. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға біәлім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлікті емес, ол үнемі жаңаны табатын өмір»- деген Ж. Аймауытовтың тағы бір сөзін келтіре отырып, қазіргі мұғалім бейнесін бедерлей түсетін ұстаз шығармашылығына тоқталғым келеді. Әр оқушының бойындағы бар шығармашылық көздерін ашу, жаңалық деген ұмтылыстарына дем беріп отыру арқылы біз өзіміздің қоғамдағы негізгі миссиямыз - адамзат баласын жаңа сапаға көтеруді табысты шеше аламыз. Мұғалім кәсіби шығармашылық деңгейге өзінің жаңашылдығы, өз ісіне сергек қарау, өзін - өзі өзгерте, іске қоса алуы арқылы қол жеткізеді. Әсіресе оқытудың жаңа технологияларынмеңгеру, оны күнделікті күнделікті әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз. Технология қолданылған сабақ ескі мен жаңаның арасындағы байланыс негізінде құрылады. Өйкені жаңа білім ешқайдан келмейді, рның қандайда болмысын біл белгісі өткен білімнен туындайды. Мұндай сабақтарды мұғалім оқушының шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, өзінің де ішкі күш - қуатын дамытуға мүмкіндік алады. Мұғалім мамандық – адамтану адамның күрделі де қызықты шытырманы мол рухани жан дүнесіне үңілу, баланы түсіну. Мұнсыз дамыта оқыту мүмкін емес. Бұдан бүгігі мұғалімді айшықтайтын тағы бір сапа – оның психологиялық білімінің тереңдігі мәселесі туындайды. Баланы түсіну дегеніміз – олардың позициясында болу, сезімдерін бағалап, әрекетін ісін елеулі түрде қабылдау ілтипат көрсету. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, сезімі мен тебіренісін, түсінген мұғалім баянды тәрбиеге ие болып білімді жетістікке қол жеткізеді. Оқытудың оқушылардың ішкі күштері мен потенциалдық мүмкіндіктерін жандандыратындай олардың дамуын жеделдететндей етіп ұйымдастыру үшін де психологиялық білім қажет. Осы орайда соңғы уақыттары мектеп психологы, әлеуметтік психолг мамандарының қайта қызымет жасай бастауы көп мәселені шешеді деп ойлаймын. Дегенмен әрбір мұғалімнің әр деңгейдегі басшылардың психология ғылымының тэориясына қайта ден қойып жантануға байланысты жаңадан шығып жатқан еңбектерді оқып үйрену тиіс деп есептеймін. Мұғалім кәсіби педагогикалық шығармашылық деңгейге өзінің ішкі ой белсенділігі мен ізденуі арқылы жететіні белгілі. Білім беру саласындағы инноватциялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңіне қатысуы үшін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болы отыр. Педагогикалық процестің субьектісі ретінде ол мектептегі барлық өзгерістердің негізгі кейіпкері. Бұл одан тұрақты ізденісті, ғылымның жетістігін тәжірибеде тиімді пайдалануды қажет етеді. Кәсіби педагогикалық іс - әрекеттегі танымдық үрдістердің дамуы, педагогикалық - психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зертттеп отыру ғылымға бағытталудың негізгі факторы. Ғылыммен айналысуды міндетті түрде децертация деп түсінбей, өз психологиялық - педагогикалық білімін тереңдету, оқытудың жаңа теориялары негізінде өз тәжірибесін қайта қарау, оған өзгерістер енгізу деп ұққан дұрыс. Педагогтардың жеке тұлғасын дамытып, бейнесін сомдауға үздіксіз білім алар орны ерекше. Ғылым жетістіктеріне негізделген, тәжірибемен толықтырылған мұғалімдердің нақты талап мүдделеріне жауап беретін, жаңаша ұйымдастырылған әртүрлі деңгейдегіәдістемелік жұмыстар мұғалімдерді кәсіби дамуға, жаңаша ойлауға, өзін - өзі іске қосып, еңбегінен қанағат табуға ынталандырады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды лөздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз ету тиіс. Орта мектептен - ақ баланың өзіндік бағдарын айқындауына, 11 - 12 сыныптаорда қабілетіне қарай болашақ мамандығына бағыт алатынына жағдай туғызуды көздейтін 12жылдық білім беру жүйесін еліміздің өркендеуіне еркін атсалысуды көздейтін жастарды тәрбиелеп, ақылына білімі сай тұлға етіп өссіруді көздейді. Жастардың ақыл - ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Сондықтан да бүгін гі күннің негізгі иіндеті - білім беру жүйесін дамыту парадигасының «ьолашағы білім беру - таңдау бойынша білім беруге» ауысу болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығында, «Жалпыға білім беру» моделінің «әр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген. Білім берудің қай түрі болмасын - тәрбие. Бүгінгі күнгі білім мен тәрбиенің біртұтастығын саақтауда әлі де нақты шешім табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз керек. Тәрби саласындағы қордаланған мәселелердің қатарында өскелең ұрпқ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы - ерекше ден қояр мәселелердің бірі. Әдетте жиі қолданып жүретін «қоғам мен мектеп» байланысы деген сөз тіркестерінің астарында отбасы, баланың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы, оның өз өмірінде басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтары жатыр. Осы орайда 12 жылдық мектеп қабырғасындағы тәрби мәселесін дұрыс жолға қоямыз десек мектеп өміріне қоғам ықпалының арта түсуіне ұмтылуымыз керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс - әрекетін үйлестіруге тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет. Сондықтан да 12 жылдық білім беру жүйесін педагог ғалымға осы мәселені жан - жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқу тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтің көзқарасын, оқушымен қарым - қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшеліетеріне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесін үшін қажеттігін түсіндіру, құзырлылығын айқындау - бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Мұғалім кәсбінің мәні - мағынасы елеулі өзгерген шақта, жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бір ізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістен, оқушы мен ата - анасымен тығыз байланыстан тұрады. Ахмет Байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Ол үшін әрбір педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы шарт. Өйткені қазіргі жастағы мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай - ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл кеңес күтеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Егер өткен уақыттардағыдай мұғалім әдістемелік кеңестерді, нұсқауларды тек тыңдау арқылы ғана қабылдайтын болса, дайын үлгілерге, сабақ жоспарларына, әдістемелік құралдарға тәуелді болудан басқа жол жоқ. Ал проблемаға өзі «жақын барып», «қолмен ұстап көріп», санасына саралауды мегерсе, оған үйреншікті жағдайдан ауытқу, жаңаша жол іздеу, шешім қабылдау қиынға түсе қоймайды.
«Біз біреудің ақылымен ақылды болмаймыз»,- деген белгілі ойшылдың сөзін жандандырар болсақ, орайын тауып ойландыруға үйрету, мұғалімнің жан - дүниесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеріп, келбетін кескіндейтіндігіне дау жоқ. Талантын таңдауға, шығармашылығын шыңдауға үйренген ұстаздың қоғамға берері де мол болмақ. Білім, тәрбие жолы ұзақ жол. Мұғалімнің қателігі қоғам үшін өте қауіпті, ал, керісінше, оның нәтижелі еңбегі бүкіл ұлттың, Отанымыздың, өркениеттің тағдыры, оның ізгілікті істері ұзақ жылдар жемісін берері сөзсіз. ХХІғ.- бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген азаматтарды тәрбиелеудегі біліміміз бен білігімізді, қажыр - қайратымызды, «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет ете берейік.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Сапарова Жазира Төлемісқызы...
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...
Жаңа формация мұғалімі

Жаңа формация мұғалімі

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль...
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №170...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×