Сайтқа кіру Тіркелу

Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы

Тақырыбы: « Толық емес отбасының ана мен баланың қарым - қатынасы»
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Ә. Назарбаев
Зерттеу мақсаты: Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым - қатынасын зерттеу.
Кіріспе.
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата - аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата - аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата - анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбие бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата - анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата - аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата - ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір - біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым - қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір - бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс - шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс - тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір - біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Ата - ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату - тәттілік, береке - бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне - көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап - қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас - пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап - тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата - ана әуелі баласына өздерін сыйлап - құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер - азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала - шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым - қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс - қимылы, қас - қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі - зайыптылар балалар көзінше бір - біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т. б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «... Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата - ананың бір - бірінің қадір - қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе - наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Отбасы – қоғамның маңызды буыны. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан келгенде кез - келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
Бала тәрбиесінде ата - ананың орны ерекше. Біздің қазақта «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде»- деген даналық сөз бар.
Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз. Біздің бабаларымыз « Дұрыс тәрбиелеу - біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар алдындағы, Отан алдындағы айыбымыз» - деген болатын. Ата - аналар өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты кәрілікпен қамтамасыз етеді. Егер ата - ана бала тәрбиелеу жұмысына көңіл бөлмей, немқұрайды қарайтын болса, кәрілігі қайғы мен сордың құрсауында қалады. Демек, бала тәрбиесі адам алдындағы ең күрделі де ардақты жұмыс. Бірақ ата - аналар балаларын тек өздерінің ата - аналық мерейі үшін тәрбиелеп қана қоймайтындығын үнемі есте ұстауы қажет.
Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата - ананың баламен жасайтын қарым - қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе, отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындағы ерлі - зайыпты кісілердің бір - біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала тез еліктегіш. Иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Отбасындағы ерлі - зайыптылар отбасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін айтпай кетуге болмайды.
Отбасы жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері де тәрбиелейді. Соның үшін барлық отбасы мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырылып алынғаны жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке - шешесіне жалған қатынас пайда болады. Баланың мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата - ананың басқа кісілермен қарым - қатынасы да күшті әсер етеді. Соның үшін ата - ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Баланың мінез ерекшеліктерінде кемістіктерді болдырмау үшін отбасы тәрбиесінде оны тым еркелетпей, ұрып - соғып жазаламай ата - аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.
Әрбір ата - ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамсыз қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз баласындай көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.
Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда отбасындағы еңбек тәрбиесі айрықша орын алады. Еңбектің барлық түрі баланы қызықтыра бермейді. Соның үшін, балаға тапсыратын жұмыстар олар ойлайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал. Отбасындағы еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен - ақ бастау керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиелеумен ұштастыра отырып жүргізген дұрыс.
Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек".
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата - аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 - сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата - аналарды сынайды.
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата - аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата - ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыөз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде, әсіресе, жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әр түрлі жағдайлар туындауда. Әбу Насыр әл - Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» дегендей, отбасындағы ата - ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстанғаны жөн:
- Баланың бойына өз елінің салт - дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
- Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты дұрыстау;
- Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
- Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу;
- Отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық, т. б.) дамыту;
- Отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
- Баланың өзін - өзі басқаруы (қаржы, іс - әрекет, т. б.).
- Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт - бағдар беру.
Сонымен, жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан - жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп - өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндетті болып отыр.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері – атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т. б.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жас өспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т. б. қалыптасуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр. Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов былай деген екен: «Адам баласы бір үлгі біреуден аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне анық орнайды дейді. Бұған қарағанда біздің ой буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі елжіреп сүйетін кісі кім? Ол - анамыз. Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын қылықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз». Бала үшін туғанынан көз алдында сөзімен де, ісімен де үлгі болатын анасы екен. Анасының аузынан шыққан сөздерді қайталап өскен бала, оның жақсы - жаманын ажыратып жатпайды. Сол себепті, адам тәрбиелеп отырған әрбір ата - ана баласының парсатты, мәдениетті, көркем мінезді болып өсуі үшін алдымен өздерін жөндеуі керек.
«Баламен сөйлесе білеміз бе?»
Қазіргі күні кейбір үйлерге барғанда балаларының өз - өзінен жасып, жауаптасуға, тіпті есімін сұрасаң соның өзін дұрыстап айтуға шамасы жетпеген сәттерін жиі кездестіресің. Қала берді сол ата - аналары балаларының мұндай мінездерін ұяңдық, әдептілік деп түсіндіретіндігін қайтерсің. Шын мәнінде солай ма?! Өкінішке орай, бұл әдептілік те, ұяңдық та емес, жасықтық, ынжықтық. Өйткені осындай мінездегі адамдар дәл әлгіндей балалардан пайда болады. Себебі ондай балалар сәбилік шағынан бастап кісінің жүзіне, көзіне, сөзіне қарап кісілік келбетін, мінезін ажырата білуге машықтанбайды. Сөйтіп адам танымай өседі, өзінің қуықтай әрі томаға тұйық әлемімен ғана өмір сүруге бейімделеді. Ал адам танымайтын адамда кісілік келбет бола ма? Жасанды жолмен кісілік келбеті қалыптасатын мұндай балалардың ішінара кейбірінің ғана бірте - бірте мінезі ашылып, адмдармен өзін өзі себепсіз тұқыртпай, еркін қарым - қатынасқа түсуіне мүмкіндігі туады. Сонда әлгіндей ынжық балалар қайдан шығады? Неге бір бала кісінің бет - әлпетінен, көзінен, сөз саптасынан ақ адамды танып қояды да, бір бала кісінің мінезінен сыр беретін ондай белгілеріне көз салмайды? Мұның себебі – баламен сөйлесуге әу бастан мән бермеуімізде. Бала әр нәрсені білгісі кеп сұраса, жауап берудің орнына жекіп тастаймыз, кісі келсе дастарқан басына жолатпай, далаға қуамыз. Осының бәрі сәби көңілінің сынып, адаммен сөйлесуге әдеттенбеуіне, сөйтіп кісілік келбетінің қалыптаспауына әкеп соқтырады. Ондай баланың сөздік қоры да жұтаң, түсінігі де төмен болып өседі, адам тану ілімін меңгеру былай тұрсын, тұйықталып, жатбауырланып, кісікиіктеніп кетеді. Адамның ішкі қажеттілігі, талпынысы оны әйтеуір бір ашпай тынбайды. Ал көпшілік арасынан, қоғамнан өзін - өзі таба алмаған, аша алмаған бала көше бұзақыларына, маскүнемдер мен нашақорларға жылдам жұғысады. Сөйтіп, өзін - өзі ашуға деген ішкі ұмтылыс оның тағдырын тығырыққа тіреп тынады. «Құс екеш құспен сөйлесіп, оның жан дүниесін ұққан адам оған да өзін ұқтыра білген адам туған перзентінің тілін таба алмай ма?» деген сауал туады. Табады, әрине. Тек баламен үнемі сөйлесіп отыру қажеттігін бір сәт те естен шығармаған жөн. Сонда оның ішкі қажеттігі де қанағаттандырылады. Талпынысы мен ұмтылысының сыры ашылады. Сөйтіп, ата - ана мен баланың арасында берік достық, туыстық қарым - қатынас орнайды. Ата - ананың баламен қарым - қатынасын реттейтін, олардың арасындағы жатбауырлықты, өгейлікті жоятын құрал сөз – сөйлеу. Өйткені сөйлесу арқылы бала танымы тереңдейді, өрісі кеңейеді. Ал сөйлеуді неғұрлым ерте бастасаң, бала да соғұрлым ерте ес тартады. Онда да әңгімені мазақ, қылжаққа айналдырып әкетпей, баланы тең тұсындай, қатар құрбыңдай көріп, әңгіме арқауын оның сезім иірімдерін қозғауға түрткі болардай, жан дүниесін, танымын байытардай түрлендіріп отырған жөн.
Ана мен баланың қарым - қатынасы жақсы болу үшін,
мынадай кеңестер көрсетіледі:
- Мектеппен, сынып жетекшімен тыгыз байланыста болу,
- Баланың тәрбиесіне көп көңіл болу,
- Баламен сырласып, бірге бір шешім қабылдау,
- Баланың үлгерімін, қызыгушылыгын, белсеніділігін бақылау,
- Баламен бос уақытында бірге өткізу,
- Ана мейірімін бала үнемі сезінуі,
Жүргізілген зерттеу жұмыстары.
Курстың зерттеу жоспары бойынша мына жұмыстар жүргізілді:
1. Сіз қандай ата - анасыз? Сауалнама
2. Отбасылық социограмма» тесті.
3. «Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі
4. Ата - анамен жұмыс, тренинг жаттығулар.
5. Жеке кеңес жүргізу.
6. «ОТБАСЫНЫҢ СҮРЕТІ» тесті
7. Үйлеріне барып тұрмыс жагдайы туралы анықтау, АКТ жасау.
«ОТБАСЫНЫҢ СҮРЕТІ» тесті
Баланың ішіне тереңірек кіріп және ол қалай тұрады, оны не мазалайды, ол нені армандайды, қоршаған әлемді, отбасын және Сіздің өзінізді қабылдауы қалай екенін түсінгіңіз келе ме? 4 - 5 – жастан бастап Сіз сүретті «Менің отбасым»- атты тест өткізе аласыз. Балалар қоршаған әлемді үлкендер сияқты қабылдамайды. Ерекше бала ұғынулары үлкендер түсінбейтін және қабылдамайтын, эмоциялық реакцияларды шақырады. Баланың ішкі дүниесінде, сыйыспайтын, кездейсоқ сияқты фантастикалық бейнелер, өз «теориясы» құрылады.
Тестің мәні
Балаға қағаздың стандарттық парағын, түрлі - түсті қарындаштар жиынтығын береді (жай қарындаш, қалам, өшіргішті бермесе дұрыс болады), сосын: «Өз отбасынды сүретте»- дейді. Бірақ отбасы құрамына кім кіретінің есіне салу керек емес, өзі қалай көрсе, солай салсын. Егер бала сұраса кімді салайын деп, оған толық ерік берініз, тіпті аңдарды салса да салсын, бәрібір сүрет жеткілікті ақпаратты болады. Сүрет салып болғаннан кейін, жетекші сұрақтар қойыңыз: кім қайда сүреттелді, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл - күйде және т. б.
Сүрет салуды бастау алдында
Баланың әдеттегі көңіл күйін байқаңыз. Бұл тапсырманы отбасылық жанжалдан, ұрыстан және қайғы - қасіреттен кейін, беруге болмайды. Әйтпесе Сіз сол мезеттегі баланың көңіл күйіне сәйкес ситуациялық сүрет аласыз.
Тапсырма орындап жатқан уақытта баланың үстінде тұрмаңыз, бірақ кейіпкерлердің және нәрселердің бейнелеу тәртібін білдірмей байқаңыз.
Баланы сүреттеу кезінде түземеңіз («сен әкенді салуға ұмыттың», «құлақ, қолды сал, т. б.»)
Алған нәтижелерді баланың көзінше талқыламаңыз – бұл тест Сіз үшін, Сіздердің ойлануларыңыз үшін.
Аса дәл ақпарат алу үшін, бірнеше күн аралығында 3 - 4 рет тест өткізіңіз және сүретте жиі қайталанатын детальдарды анықтаңыз. Сүретті «түсіндіру» кезінде зор маңызда болатыны, ол «түсініктеме берушінің» дұрыс күйі, өз қиялын мен интуициянды қосу қажет.
Түсініктеме беру
Сүретте ештене кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі бала заттарды натураға қарап салмайды, ол өз эмоциясын және күйзелісін білдіреді. Міне балалар шығармасының бірнеше мысалы.
1 - сүрет.
Бұл сүретте бала өте астарлы отбасылық рольдің бөлу ерекшелігін сезген. Мама – жанұя басы, онда бәрі үлкен – көздер, мұрын, ал әсіресе ауыз. Бірақ мамасының көздері мұнды, және жүректе гүлмен жабылған, қолдары жоқ, ол ештене өзгерте алмайды. Папасы мөлшер бойынша (баланың қабылдауында) мамасынан көбірек кіші. Мамасының бір жағында 12 - жасар ағасы тұрып кеткен шашы бар және екінші жағында, сондай бойдағы, ұқыпты, бірақ барлық түймесіне салынған 6 - жасар сүретшінің өзі. Маманы тыңдауды тек папа жақсы көреді, ол үшін онда құлақ та бар, ал балаларда ата - аналарын естімейтін берікті қалаңбау бар.
2 - сүрет.
Бұл сүретте де отбасы. Адам тұрмайтын, көп бос, терезелер саны бар, үлкен үй. Шатырдың астында, тордың артында сүретшінің өзі тұрады. «Мамам мен папам жұмыста, мен серуендеп жүрмін...». Сүрет авторын төменде, машинаның қасында көруге тырысыңыз.
Балақай өзін таң қаларлық кішкентай, мүсәпір, жалғыз сезінеді, дұрыс емес пе? Түрлі түсті гаммасы да мұнды: сұр түс басымды және машинада кішкене жасыл түс бар (ол папасы кейде оны қыдыртады). Ал зор «қолдар» – шатырдағы антенналар баланың үстіндегі тұрған, оның сезімдерін басатын, оны жалғыздық пен үрей торына артына қамайтын ата - анасын есіне түсіреді. Осындай сүретті көріп, баланың халі нашар екенін, оған көмек қажет екендігін түсінесін.
3 - сүрет.
Ал мында бәрі де жақсы! Отбасы жиналған, жүздерінде күлкі, бәрі бір - біріне қолдарын созып қолдап немесекөмектесіп отыр. Бала бәрін жақсы көреді өзін де қоса, кіщкентай ұсақ детальдар, ашық түстер көп. Сүреттен куаныш пен еріктің лебі келіп тұр
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЕРЕЖЕСІ
1. Сүрет салып бітіргеннен соң баланы сұраңыз, «кім не екенін», кім немен айналысады.
«мен ағамды салуға ұмытып кетіппін» или «әпкем симай қалды» - сияқты ескертулер маңызды емес. Егер отбасынан біреу сүретте жоқ болса, ол мынаны білдіреді:
• Осы адамға жағымсыз санасыз сезімдердің болуы. Мысалға, кіші інісіне қатты қызғаншақтық; Бала өзінше ойлайды: «Мен інімді жақсы көруім тиіс, ал ол менім ашуымды келтіреді, бұл жаман. Сондықтан тіпті ештене салмаймын.».
Сүретте «ұмытылып қалған» адаммен эмоциялық жалғасу толығымен жоқтығы. Бұл адам баланың эмоциялық дүниесінде жоқ.

2. Сүретте автордың өзі жоқ.
• Жақындармен қатысудағы қиындықтар:« Мені мұнда байқамайды», «Мен өзімді, шеттетілген болып сезінемін», «Маған отбасында өз орнымды табу қиын»
• Бала отбасынан «кетеді»: «Мені мұнда қабылдамайды, жарайды керек емес, маған оларсыз да жаман емес.»
3. Сүретте – ойдан шығарылған отбасы мүшесі. Бала отбасында аяғына дейін алмаған, сезімдердегі вакуумды толтыруға тырысады. Балалар жиі шынында да үйде тұрмайтын, құстарды, жануарларды салады, ол баланың біреуге керек және қажет екендігін ансауын маңыздайды, демек, ата - аналар сүйіспеншілікте, мейірімділікте, еркелікте мұқтажын қанағаттандырмайды.
4. Бейнеленген кейіпкерлердің көлемі бала үшін оның маңыздылығын көрсетеді (4 - сүретті қара). Баланың ойлауынша, адам тым үлкен болса, солайша ол белсенді екені. Жиі кішкентай балаларда барлық дене бітімді орналастыру үшін қағаздың беті жетпейді..
5. Қағаз бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзің кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып салса, онда сол мезетте өте төмен өзін - өзі бағалауы, немесе, ол өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін - өзі жоғары бағалайтын балалар өздерін ата - аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді. (5 - сүретті қара).
6. Баланың сүреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында, немесе өзін бірінші қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек сүреттесе, немесе өзін ең сонында салса, онда ол қызғаншақтықтың, сәтсіздіктің белгісі.
7. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық жақындықты немесе керісінше қарым - қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар бір - бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық бірікпеушілігі үлкен. Кейбір сүреттерде балалар бірікпеушілікті сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі заттарды (жиһаз, вазалар,...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды, кіргізіп көрсетеді. Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір біріне тіпті жақын сүреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше.
8. Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Әдетте ең соңғы сүреттелген туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы мүмкін).
9. Қағазда фигураларды орналастыру
Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6 - сүретті қара).
10. Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе. Қарындашты қатты басумен бейнеленеді, немесе қатты штрихтелінеді, оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен сүреттейтіні де болады.
11. Дене мүшелері.
Бас.
Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста. Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен сүреттейді. (7 - сүретті қара).
Көздер.
Тек қарау үшін ғана емес, олар уайымды да білдіреді. Кейіпкердің үлкен, кен ашылған көздері баламен мазасыз, тынышсыз, көмекте мұқтаж ретінде қабылданады. (8 - сүретті қара). «Нүкте» немесе «сызықша» көздері бар кейіпкерлер – өздерінің ішінде жылауға ішкі тыйым салуды ұстайды (яғни, адам тұйық, түйсіксіз немесе саналы түрде, өз эмоцияларын көрсетпейді, жиі теріс).
Құлақтар.
Бұл – сынды және тіпті кез келген өзін туралы ақпаратты қабылдау органы. Үлкен құлақтары бар кейіпкерлер айналасындағыларды тыңдайды. Егер құлақтар тіпті де болмаса, онда адам ешкімді тыңдамайды, ол туралы айтқандарды ескірмейді (9 - сүретті қара).
Ауыз.
Сүретте ауыз – «шабуыл органы», ауызбен агрессияны білдіреді, ұрыссады, тістейді, ренжиді. Үлкен немесе/және штрихтап тастаған аузы бар кейіпкер қауіптің көзі болып қабылданады. Егер тіпті аузы болмаса, ол нүкте, сызық түрінде салынса – адам өз сезімін жасырады, сөздермен айта алмайды немесе басқаларға ықпалы тимейді.
Мойын.
Бастың сезімдерге деген өзін - өзі бақылау мүмкіндігін символмен көрсетеді. Мойны бар адам өз сезімдерін басқаруға қабілетті (жиірек ол үлкен адам).
Қолдар.
Қолдар функциясы – жабысу, қосылу, айналадағы адамдармен қарым - қатынаста болу, яғни әрекет жасау қабілеті. Қолдарда саусақтар көп болған сайын, кейіпкер күшті болады. Қолдың ұзындығы оның көпшілдігін айтады, қысқа қолдар ішкі дәрменсіздігін, жасқаншақтығын, қатынас жетіспеуін білдіреді. (10 - сүретті қара).
Аяқтар.
Жұруге, тірек үшін, қозғалу еркіндігі үшін керек. Аяқта тіреу орны көбірек болған сайын, кейіпкер нық және сенімді жерде тұрады. Оң аяғы - отбасы ақиқатынан тыс тіреуді білдіреді, сол аяғы – отбасындағы (11 - сүретті қара).
12. Сүреттің түрлі түсті гаммасы – сезім палитраның индикаторы. Ең жақсы көретін түстермен бала отбасындағы ең жақын мүшелерін, өзін салады, жақсы көрмейтін түнеріңкі түстер баланың жақсы көрмейтін адамдарына қалады. Жалпы түрлі түсті палитраға назар аударыңыз: жарқын түстің басым болуы жақсы көңіл күй туралы айтады, ал түнеріңкі түстер, мазасызданғанға және жабырқанқығанға көрсетеді (егер, әрине, қара түс бала үшін сүйікті болмаса). Мамалар әншейінде әдемі көйлекпен, шашында шаш тұтқышы бар болып бейнеленеді, ұсақ детальдардың көбі бар, шаштың түсі де ерекеше болуы мүмкін, мұқият детальдар салынады, себебі бала өз махаббатын көрсетеді. Балалар өз - өздерін бағалап сайма - сай мұқият сүреттеп, әдемі киіндіріп салады. Баланың барлық жақын және сүйікті туысқандары сияқты, сүйікті әкесі де сәнді.
13. Бала тек өзін салады, барлық қалғандарды салуға «ұмытып», бұл оның өзі өзін отбасы мүшесі екенін сезбейтінін айтады. Баланы отбасында шеттейді, сәтсіздік пен эмоциялық проблемалар оны басады. Дене бітімі кішкентай болуы мүмкін, парақтың бұрышында «тығылып» қалған, қараңғыда, жағып тастаған бетпен. Бірақ болады, өзін - өзі бағасында көтермеленген бала тек өзін, өз маңыздылығын көрсету үшін сүреттейді. Ол мұқият киімнің, жүзінің детальдарын сүреттейді, дене бітімі өте үлкен, жарқын.
14. Сүреттегі Күн – қорғау және жылылықтың символы. Бала мен күннің ортасында болатын, адамдар мен нәрселер – ол өзін қорғалдым деп сезінуге, энергия мен жылулықты пайдалануға кедергі болатындар. (12 - сүретті қара).
15. Ұсақ детальдердің көптігі, жабық детальдар (шәрпы, түймелер) баланы оларға жібермейтін тыйымдар, құпиялар туралы білдіреді.
Ата - анамен жұмыс, тренинг жаттығулар.
1. «Баланы ата - ана тәрбиелейді. Ата - ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.
Мақсаты: отбасындағы балаға деген ананың қатынасының стилін анықтау.
Орындау ережесі. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.
Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:
«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А - З балл
«Иә, бірақ барлық кезде емес» Ә - 2 балл
«Жоқ, бұлай істей алмаймын» Б - 1 балл
Тапсырмалар
Сіз:
1. Кез - келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
2. Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
4. Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
5. Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай білесіз бе?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
7. Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
8. Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
9. Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
10. Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп, тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?
11. Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
12. Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?
Бағалау шкаласы
1. «А» жауапқа - 3 балл
2. «Б» жауапқа - 2 балл
3. «В» жауапқа - 1 балл
Нәтижесін талдау.
30 - 39 балл жинасаңыз, бала - сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз. Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.
16 - 30 балл жиналса, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс, сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.
2.«Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...
Ата - аналар жиналысы

Ата - аналар жиналысы

Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру,...
Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...
Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата - ана «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында Еңбек пен ғылымға баулуы» Халық даналығы Баланың...
Тәрбие бесіктен басталады!

Тәрбие бесіктен басталады!

Ақтөбе болысы, Шалқар ауданы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×