Сайтқа кіру Тіркелу

Әлпештеп аялаймыз алақанда...

№ 101 орта мектебінің психологы
Молдағажиева Сауле

Тақырыбы: «Әлпештеп аялаймыз алақанда...»

Мақсаты: Үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, мектеп өмірімен, сыныптастары, пән мұғалімдерімен жақын араластыру, ата-аналарына көмек беру, осы оқушылардың зейінін, ынта, қызығушылығын дамыту жұмыстарын жүргізу, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.
Өтетін орны: Мектептің акт залы

Жоспары: 1. Кіріспе. «Сізге сыйлаймын».
2. Таныстыру.
3. Оқушы танымын дамыту жұмыстары:
«Қайсысы артық?», «Назар сал», «Зейін»(суретпен жұмыс).
4. «Үміт еткен көзімнің нұры балам...»(Аналармен жұмыс).
5. «Қытай» балеті.
6. «Сергіту» тренингі.
7. Қонақтарға сөз.

*** Барысы: Бала – ана байлығы, ең қымбаты, аяулысы. Бала – ананың бауыр еті.
Сәлеметсіздер ме, ардақты аналар, біздің әлпештеп отырған балаларымыз! «Әлпештеп аялаймыз алақанда» тақырыбындағы шараға хош келдіңіздер!
Бүгінгі шараға сіздердің білім алуларыңызға жағдай жасап отырған мектеп директоры Ләйлә Ақбергенқызы, денсаулық жағдайларыңа ықпал етіп, бақылауда ұстап, кеңес беретін маман
Маржан Даулетбаева, психолог Нұрсұлу Нәшімханқызы, сіздерді жақсы көретін сыныптастарың, білім нәрімен сусындатып жүрген пән мұғалімдеріңіз жиналып отыр.

Мектеп бойынша үйден оқытылатын 10 оқушымыз бар.Бүгін сіздерді шақырып, мектеп өмірін көрсетіп, бір-біріңізбен таныстырып, ойды дамытып, көңілдеріңізді көтеріп, бір серпіліп демалсын деген ойдамыз.Біз сіздерді жақсы көреміз.Қолымыздан келгенше қамқор болып, бәріңнің де жазылып, ортаға қосылғандарыңды тілейміз.Осындай жақсы тілекпен аналарға гүл шоғын сыйлаймыз(Слайд арқылы «Сізге сыйлаймын»).

*** Біз жұмыс барысында сіздердің өмірлеріңізбен жақсы таныспыз. Енді бір-біріңізді таныстырып өтейін. (слайдтар арқылы үйден оқитын оқушы, оның отбасымен таныстыру).

***1. Құрметті бастауыш сыныпта оқитын оқушылар, Мұрат, Гүләйім, Ұлпан!
Енді сіздермен зейіндеріңді, ынталарыңды дамыту үшін мынадай жаттығулар жүргіземіз.
(Қайсысы артық?, Зейін, Назар сал) жұмыстары.
2. Салтанат, Бақытнұр, Нұрбекпен «Адам.Ағаш.Үй» проективтік тест жұмысы
3. Әділ, Ғалымжан, Бағжанмен зейінін аудару жұмыстарына жеке жұмыстар беру.

*** Ардақты аналар! Қазір «Үміт еткен көздеріңіздің нұры» санайтын балаларыңыздың көз жанары бейнесін көрсетемін.Кімнің көзі екенін табу керек.Түсіндік пе, ендеше іске сәт!
(экранда балалардың тек қана көздері беріледі).

*** «Қытай» балеті.
Міне, балалар, осы өнер туындысынан жарымжан адамдардың өмірдегі кемшіліктерінің орнын өзі ұнататын істерімен толықтырып, алға ұмтылып, асыл армандарға қол жеткізгенінен сабақ алсаңыздар деймін.Зейнолла Шүкіров деген ақын ағамыз кішкене күнінде түйеден құлап, өмір бойы жүре алмаса да, көп оқып, өмірге жақсы көзқараспен қарап, бар күшін қаламға арнап, үлкен ақын атанды.Ендеше, біз де алдағы өмірден тек жақсылық күтейік, денсаулық тілейік, осы күнге шүкіршілік ете білейік.

*** «Сергіту» жұмысына назар аударайық.Барлығымыз назар аударамыз.
- Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып-тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.
- Сізге өте жайлы, тып-тыныш, сіз тек менің дауысымды естіп тұрсыз.
- Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: орман қалың ба, әлде сирек пе; оны өзіңіз таңдайсыз.
- Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңыздан жол шықты, сіз сол жолмен келесіз – сол жол кең бе, әлде тар ма – оны да өзіңіз таңдайсыз.
- Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, алмайсыз ба - өзіңіз білесіз.
- Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе, не айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
- Сіз әлі келе жатырсыз.Алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
- Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
- Енді алдыңыздан өзен кездесті. Ол өзен жай толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
(интерпретациясын слайд арқылы баяндау).

*** Қонақтарға сөз беру.
Міне, ардақты аналар, қонақтар, оқушылар, әріптестер! Бүгін біз бір-бірімізбен кездесіп, жақсы пікір алысып, әсем ән тыңдап, жадырап, демалдық..Алдағы уақытта дендеріңіз сау болып, науқастан айығып, жақсы білім алып, ата-ананың да, мектептің де көз – қуанышы болыңыздар демекпіз. Жақсы жағдайда жолығайық, керемет күндерде кездесейік.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×