Сайтқа кіру Тіркелу

Мектепалды сыныптарында ойын технологиясын қолдану жолдары

Қарағанды қаласы,
№ 16 ЖББОМ мектеп мұғалімі
Тәжит Манат Жанатқызы

«Мектепалды сыныптарындағы ойын технологиясын қолдану жолдары» жұмыс жоспары

№ шара уақыт жауапты ескерту
1. Әдебиеттерді зерттеу 2010жыл
Қыркүйек – қараша Тәжит М Бұл жұмыс желтоқсан айына созылды
2. Орыс педагогтарының еңбектерімен танысу, тәжірибеде қолдану 2010 желтоқсан – ақпан Тәжит М
3. Қазақ педагог - психологтардың еңбектерімен танысу, тәжірибеде қолдану 2011 Наурыз – мамыр Тәжит М
4. Жиналған мәліметтерді қорытындылау, тәлімгерден кеңес алу. 2011мамыр Тәжит М
5. Озат тәжірибелі ұстаздардың дидактикалық ойындарды сабақта қолданылуы жайында ғылыми - республикалық журналдарда жарияланған мақалалардағы ойындарды сабақта қолдану қыркүйек – қазан Тәжит М Бұл жұмыс жыл бойына жалғасты
6 Сабақтың бекіту, қорытындылау кезеңдерінде ойын технологиясын қолдану 2011
қараша- желтоқсан Тәжит М
7. Ұлттық ойындарды сабақ барысында қолдану 2012 қаңтар – ақпан Тәжит М
8. Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні, баланың психологиясындағы өзгерістерді бақылау. (ес, ойлау, зейін, қабылдау т.б.). 2012 наурыз – сәуір Тәжит М
9. Тәлімгермен кеңес, жұмысты қорытындылау 2012 мамыр Тәжит М
10. Әдістемелік кеңесте қорғау 2012 мамыр Тәжит М
Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді.

Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».

Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсер денедегі артық энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын жасады.

Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.

А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.

Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» - деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді.

Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады. Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»
Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.

Балаға бір рет кездескен ойынның бәрі жаналық, бәрі де ғажап дүние. Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, психологиялық қабілеттері жетіледі. Мағжан Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала мынадай мән берген: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді.Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы нәрселерді пайдаланады ».
Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі болып келеді:
а) баланың жас ерекшелігіне сәйкес;
ә) алдыға қойған мақсатына байланысты;
б) ұйымдастыруына сәйкес;
в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.

Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! – деп жазды.
Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;
2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
мақсаты нақты ойын тәртібі
болу к/к әбден түсіндіріледі

сынып түгел
қамтылуы тиіс. Дұрыс
көрнекіліктер шешім қабылдауға мен материалдар алдын ала дайын болуы к/к
таныс болуы к/к тақырыпқа сәйкес болуы,
жыл мезгілдері ескерілуі шарт

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнің ашу керек.
2. Ойындардағы тапсырмалардығың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпал ету қажет ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
4. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
5. Дидактикалық ойындардың нәтижелері, тапсырма жауаптары қорытындылануы тиіс.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы оқушылар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады.
Мен өз тәжірибемде көп қолданатын дидактикалық ойындар төмендегідей: Математикада:санамақ – ойындар, жұмбақ – ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Көрші-көрші», «Мынау кімнің үйі?», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Керекті санды қой?», «Айға кім бұрын жетеді?», «Есептеуіш машиналар», «Десанттар», «Аң патшасы», «Ханталапай», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», т.б.«Геометриялық эстафета», «Ою құрастыру», «Фигураны тап», «Бірден сызып шық», «Себеттегі сәбіздер».
«Аюға көмектес» «Фигураларда қанша бұрыш бар» «Қоянның сәбіздері»

«Құрастыр, қанша балық бар?» Ж: 7 «Ретімен орналастыр

Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында : «Буыннан сөз құрайық», «Алма бағы», «Қағып ал», «Сиқырлы сөздер», «Орамал тастамақ», «Дүкен», «Орнынды тап», «Хаттың иесі кім?», «Күн мен түн», «Баспалдақ», «Сыр сандықты ашып қара» т.б.

Айнала қоршаған ортамен таныстыру: «Алақай - ау, алақай!», «Ала қанат сауысқан», «Ұя жасайық», «Зымыран», «Балық аулау», «Нышандар», «Қоянға көмектес», «Саңырауқұлақ жинайық», «Кім қайда мекендейді?», «Саңырауқұлақтар жинаймыз», «Шанамен сырғанайық», «Үйректерге көмектес», т.б.

Ойын технологиясы мектепалды даярлық сыныптарында кең тараған технология болып табылады. Бұл ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады. Көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады.

Қорытынды. Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау. Ойынды халқымыз балаларын тәрбиелеуде ертеден пайдаланған. А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.
Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;

Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады. Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды. Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

Дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі

Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...
Бала тілін ойын арқылы дамыту

Бала тілін ойын арқылы дамыту

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...
Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Ортақшыл ауылы, «Балақай» балабақшасының психологы Кулмагамбетова А. С....
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту

Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Жайнағалам...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×